Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


 Қытай және қазақ тіліндегі сөз тіркестерін топтастыру



Pdf көрінісі
бет26/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

 
1.5 Қытай және қазақ тіліндегі сөз тіркестерін топтастыру
Қытай тілінде сөз тіркесін топтастыру ең күрделі, ең қиын, 
ең даулы мәселелер қатарына жатады. Қытай тіліндегі сөз тіркесі 
құрылысының күрделі, өзіндік түрлерінің мол болуы – қытай тілі 
грамматикасының елеулі өзгешелігі. Сөз тіркесінің түрлерін жан-
жақты, ғылыми тұрғыдан айқындау сөз тіркесін зерттеуде, тіпті тұтас 
қытай тілі грамматикасын зерттеуде өте маңызды саналады.
Қытай тілінде сөз тіркестерін топтастыруда, негізінен, мына 
принциптерге сүйенеді:
1) сөз тіркесінің құрылымына қарай топтастыру; 2) сөз тіркесінің 


67
грамматикалық функцияларына қарай топтастыру; 3) сөз тіркесінің 
құрылымдық қабаттарының санына қарай топтастыру; 4) сөз тіркесінің 
бір мағыналығы мен көп мағыналығына қарай топтастыру; 5) сөз 
тіркесінің сыңарлары байланысының берік-әлсіз болуына қарай 
топтастыру т.б. 
Сөз тіркестерінің құрылымына қарай топтастыру
 – қытай тілінде 
ең алғаш қолданылған, әрі ең қолданылу өрісі кең принцип. Қытай 
тілінің ең алғашқы сипаттамалы грамматикасы «马氏文通» деген 
кітапта сөз тіркестері осы принципке негізделіп топтастырылған. Кейін 
шыққан грамматикалардың басым бөлігінде осы принцип басшылыққа 
алынған. Лүй Шушяң (吕叔湘), Уаң Ли (王力) және Дің Шыңшу (丁声

) сияқты ғалымдар өз еңбектерінде осы принципті басшылыққа алып, 
сөз тіркестерінің құрылымдық түрлерін біршама жан-жақты қарастырған. 
Бірақ сөз тіркестерінің құрылымына қарай іштей саралап түрлеу және 
атау жүйесінде көптеген алшақтықтар бар. 
1956 жылы «暂拟汉语教学语法系统» (Қытай тілі педагогикалық 
грамматикасының уақытша жасалған жүйесі) жарық көрді. Бұл 
бағдарлама – қытай тілі материалдарының ғылымға негізделген 
алғашқы жүйелі бағдарлама. Аталған бағдарламада сөз тіркесі 
құрылымына қарай 4-ке бөлінген: салаласа байланысқан (联合关

), бастауыш-баяндауыштық қатынастағы (主谓关系), баяндауыш-
толықтауыштық қатынастағы (动宾关系), бағыныңқы-басыңқылы 
қатынастағы (偏正关系) сөз тіркесі.
1984 жылы жасалған «Бағдарламада» сөз тіркесі салаласа байланысқан 
(并列关系), бастауыш-баяндауыштық қатынастағы (主谓), баяндауыш-
толықтауыштық қатынастағы (动宾), бағыныңқы-басыңқылық 
қатынастағы (偏正), баяндауыш-толықтырғыштық қатынастағы (动补), 
предлог-толықтауышты (介宾), айқындауыштық (复指) сөз тіркестері 
деп 7-ге жіктелген.
Жаң Жің (张静) сөз тіркесін салаласа байланысқан (联合词组), 
бағыныңқы-басыңқылы (偏正词组), баяндауыш-толықтауышты (动
宾词组
), бастауыш-баяндауышты (主谓词组), құрмалас (复句词组) 
сөз тіркесі деп 5 топқа бөледі [62, 245 б]. 
Хуаң Бороң (黄伯荣) мен Ляу Шүйдоң (廖序东) сөз тіскесін бастауыш-
баяндауышты (主谓短语), баяндауыш-толықтауышты (动宾短语), 
бағыныңқы-басыңқылы (偏正短语), баяндауыш-толықтырғышты (中补
短语
), салаласа байланысқан (联合短语), көп етістікті (连谓短语), екі 


68
жақты қызмет атқаратын сөзді (兼语短语), айқындауыштық (同位短语), 
сан-мөлшер сөзді (量词短语), мекендік мағынаны білдіретін (方位短语), 
предлогты (介词短语), көмекші сөзді (助词短语) деп 12-ге саралайды 
[93, 60-67 бб]. 
Фан Шяу (范晓) сөз тіркесін 14 түрге топтастырған: анықтауыштық 
(定心短语), салаласа байланысқан (并列短语), айқындауыштық (复指短

), мекендік мағынаны білдіретін (方位短语), предлогты (介词短语), 
баяндауыш-толықтауышты (述宾短语), пысықтауыштық қатынастағы 
(状心短语), баяндауыш-толықтырғышты (述补短语), екі жақты қызмет 
атқаратын сөзді (兼语短语), көп етістікті (顺递短语), қосарлы (重叠
短语
), бастауыш-баяндауышты (主谓短语), сан-мөлшер сөзді (量词短

), көмекші сөзді (助词短语) сөз тіркестері [12, 7-8 бб].
Жаң Шукаң (张寿康) сөз тіркесін 结构 “құрылым” деген терминмен 
атап, оларды (сөз тіркестерін) бастауыш-баяндауышты құрылым (主谓
结构
), баяндауыш-толықтауышты құрылым (动宾结构), тұжырымдау 
мәнді құрылым (判断结构), бағыныңқы-басыңқылы құрылым (偏正结

), баяндауыш-толықтырғышты құрылым (谓补结构), көп етістікті 
құрылым (连谓结构), тұрақты құрылым (固定结构), сан-мөлшер сөзді 
құрылым (数量结构), сілтеу есімдік-мөлшер сөзді құрылым (指量
结构
), мекендік мәнді білдіретін құрылым (方位结构), предлогты 
құрылым (介词结构), 所 иероглифті құрылым (“所”字结构), 的
иероглифті құрылым (“的”字结构), айқындауыштық құрылым (复指
结构
), мүмкіндік-қалау мәнді білдіретін құрылым (能愿结构), бағыт-
бағдар мәнді білдіретін құрылым (趋向结构), салалас құрылым (联合结

), ықшамдалған құрылым (紧缩结构), болымсыздық мәнді білдіретін 
құрылым (否定结构), салыстыру мәнін білдіретін құрылым (比况结

) деп 21-ге саралайды [44, 520 б]. 
2010 жылы жарық көрген «Қазіргі қытай тілінің сипаттамалы 
грамматикасында» сөз тіркестерін былайша жіктеген: бағыныңқы-
басыңқылы (偏正短语), баяндауыш-толықтырғышты (述补短语), 
баяндауыш-толықтауышты (述宾短语), бастауыш-баяндауышты (主谓
短语
), салаласа байланысқан (联合短语), айқындауыштық (同位短语), 
көп етістікті (连动短语), екі жақты қызмет атқаратын сөзді (兼语短语), 
мекендік мағынаны білдіретін (方位短语), предлогты (介词短语), сан-
мөлшер сөзді (量词短语), 的 иероглифті (“的” 字短语) сөз тіркестері 
[94, 280 б].
Шетелдік студенттерге арналған «Қазіргі қытай тіліне кіріспе» атты 


69
оқулықта сөз тіркесі бастауыш-баяндауышты (主谓短语), баяндауыш-
толықтауышты (动宾短语), баяндауыш-толықтырғышты (述补短语), 
бағыныңқы-басыңқылы (偏正短语), салаласа байланысқан (联合短语), 
көп етістікті (连动短语), екі жақты қызмет атқаратын сөзді (兼语短语), 
айқындауыштық (同位短语), мекендік мағынаны білдіретін (方位短语), 
сан-мөлшер сөзді (量词短语), предлогты (介词短语), 的 иероглифті
(“的” 字短语), 所 иероглифті (“所” 字短语) және салыстыру мәнді сөз 
тіркестері (比况短语) деп 14-ке жіктеген [95, 177-183 бб]. 
Н.Абдырақын «Базалық шығыс тілі: Қазіргі қытай тілінің 
грамматикасы» атты оқулығында: “Сөз тіркесін құрылымдық 
байланысына қарай негізгі сөз тіркесіерекше сөз тіркесі және бөлуге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет