Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет27/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

келмейтін тұрақты сөз тіркесі деп үш топқа, одан ары тіркестердің 
ішкі грамматикалық байланысына қарай 22 ұсақ топқа бөлуге болады” 
[50, 94 бб], – дейді. Автор сөз тіркесін “Мағыналық байланысы бар 
екі не одан да көп сөздер белгілі грамматикалық заңдылықтар арқылы 
бірігіп, белгілі грамматикалық қатынас пен грамматикалық мағына 
білдіретін тілдік бірлікті сөз тіркесі дейміз” деп анықтаған. Жоғарыда 
айтылған “бөлуге келмейтін тұрақты сөз тіркесінің” грамматикалық 
қатынас пен грамматикалық мағына білдірмейтіні бәрімізге белгілі. 
Тұрақты сөз тіркесі – синтаксистің емес, лексикологияның зерттеу 
нысаны болып табылады. Сонымен, автор әрі қарай негізгі сөз тіркесін 
салаласа байланысқан сөз тіркесі, сабақтаса байланысқан сөз тіркесі, 
баяндауыш-толықтауышты сөз тіркесі, баяндауыш-толықтырғышты 
сөз тіркесі, көп етістікті сөз тіркесі, екі жақты қызмет атқаратын 
сөз тіркесі, айқындауыштық сөз тіркесі деп 7 түрге жіктейді. 
Бұлардың ішіндегі екі жақты қызмет атқаратын сөз тіркесі мен 
айқындауыштық сөз тіркесі автордың анықтамасында айтқандай 
грамматикалық қатынас пен грамматикалық мағынаны білдірмейді. 
Ал ерекше сөз тіркесін өз ішінен предлог (сөз алды қосымшасы) 
сөз тіркесі, 的 иероглифті сөз тіркесі, 所 иероглифті сөз тіркесі, 
салыстыру мәнді сөз тіркесі, мөлшер сөз тіркесі, мекендік сөз тіркесі, 
мүмкіндікті білдіретін сөз тіркесі және кіріккен сөз тіркесі деп 8 
түрге бөледі. Ал осы айтылған 8 түрлі сөз тіркесінің бірде-біреуі 
грамматикалық қатынас пен грамматикалық мағынаны білдірмейді.
Н.Абдырақын тұрақты сөз тіркесін өз ішінен фразеология (идиома), 
мақал (мәтел), астарлы сөз, жаргон (дағды сөз), мысқыл сөз, нақыл 
сөз және жалқы есімдер деп 7 түрге жіктеген. Автор “фразеология” 
мен “фразеологизмді” ажырата алмаған сияқты. Автордың “жалқы 


70
есімдерді” (мысалы, 实验中学 Тәжірибелік орта мектеп, 哈土国际大
学 
Халықаралық Қазақ-Түрік университеті,中国 (Қытай) тұрақты сөз 
тіркесінің қатарына жатқызуы түсініксіздеу. Бұл арада автор тұрақты 
тіркес, күрделі сөз және сөздердің (зат есім) айырмашылығын түсінбей, 
оларды бірі-бірімен шатастырған. 
Қытай тіліндегі фразеологизмдерді арнай зерттеген ғалым Ма 
Гофан фразеологизмдерді 成语 (чэнъюй), 谚语 (мақал), 歇后语 (астарлы 
сөздер), 惯用语 (дағдылы сөздер, дағдылы тіркестер), 俗语 (мәтел) 
деп 5 түрге жіктеген. 
А.В.Скворцовтың сөз тіркесіне берген анықтамасында “сөз 
тіркесінің толық мағыналы сөздерден жасалатындығы және 
сабақтаса байланысатындығы” айтылған. Алайда автор өзінің сөз 
тіркесіне берген ережесіне бағынбай, сабақтаса байланыспайтын сөз 
тіркестерін, яғни предикативті сөз тіркесін, салаласа байланысқан 
сөз тіркесін, негізгі сөздер мен көмекші сөздердің тіркесімін сөз 
тіркестерінің қатарына жатқызып жіберген. Автор сөз тіркесін 
17 түрге жіктейді: определительные словосочетания (定中短语), 
обстоятельственные словосочетания (状中短语), глагольно-объективные 
словосочетания (述宾短语), словосочетания типа «главное слово 
+ дополнительный элемент» (中补短语), сочетания однородных 
членов или однородных словосочетаний (并列短语), аппозитивные 
(одноместные) словосочетания (同位短语), глагольные словосочетания 
(连谓短语), последовательно связанные словосочетания (兼语短语), 
словосочетания, включающие в свой состав счетные слова (量词短语), 
словосочетания, имеющие структуру «существительное + послелог (方
位短语
), словосочетания типа «предлог + зависимое слово» (介宾短语), 
словосочетания, образованные служебными словами, выражающими 
сравнение (比况短语), словосочетания, образованные с использованием 
служебного слово «的» (“的”字短语), словосочетания типа 
«модальный глагол + основной глагол» (能愿短语), словосочетания 
построенные использованием служебного слово «者» (“者”字短语) 
[53, 20-37 бб.].
Біз автордың сөз тіркесін қандай принциптерге негізделіп 
бөлгенін түсінбедік. Сөз тіркесін топтастыруда да бірізділік жоқ. Сөз 
тіркестерінің орысша атаулары да тым шұбалаңқы берілген. “Глагольные 
словосочетания” дегенді “многоглагольные словосочетания” деп алған 
дұрыс. Бұл тіркестің құрамында екіден көп етістіктер болады. 者 – қытай 
тілінде сөз тудырушы жұрнақ, ол автор айтқандай көмекші сөз емес. 


71
Ол қазақ тіліндегі зат есім жасайтын -шы/-ші журнағымен (жазушы, 
егінші) сәйкес келеді. Cондықтан қытай тілінде “cловосочетания 
построенные использованием служебного слово «者»” деген сөз тіркесі 
болмайды. 
В.Ф. Щичко «Практическая грамматика современного китайского 
языка» деген оқу құралында қытай тілінің сөз тіркесін орысша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет