72
性短语
) және сын есімді сөз тіркесі (形容词性短语) деп үшке бөлінген
[86, 74 б].
Н.Абдырақын сөз тіркесін синтаксистік қызметіне қарай қарай 名
词性短语
(体词性短语) зат есімді сөз тіркесі, 动词性短语 (谓词性短语)
етістікті сөз тіркесі және 介词短语 (加词性短语) предлогты (сөз алды
қосымшасы) сөз тіркесі деп үш түрге бөлген [50, 98-99 бб]. Бұл арада
автор 介词短语 мен 加词性短语-ды ұқсас бір сөз тіркесі деп түсінген,
екеуін де
предлогты (сөз алды қосымшасы) сөз тіркесі деп аударған.
Шын мәнінде, бұл екеуі екі басқа сөз тіркесі. 介词短语 – предлогты
сөз тіркесі, ал 加词性短语 предлогты сөз тіркесіне мүлде ұқсамайды.
加词
деген “атрибутивтік сөз”, “анықтаушы” деген мағынада келеді.
Сонымен 加词性短语 дегеніміз атрибутивтік сөз тіркесі. 加词性短
语
-дың қатарына жататын тіркестер: 介词短语 предлогты сөз тіркесі
(跟他走, 比你好, 关于这件事我们讨论过了), “
сын есім + зат есім”
құрылымды бағыныңқы-басыңқы сөз тіркесі (小范围讨论, 大规模
生产
, 长时间工作), тек қана пысықтауыштың
қызметін атқаратын
кейбір тұрақты тіркестер (苦口婆心地劝说, 挨门逐户地搜查) және
қосарланған үстеулер (特别特别, 非常非常).
Сөз тіркесін құрылымдық қабаттарына қарай топтастыру. Бұл
принцип 1959 жылы Бейжің университеті филология факультетінің
қытай тілі кафедрасы құрастырған «Қазіргі қытай тілі» атты оқулықта
тұңғыш рет сөз болған.
Сөз тіркесін құрылымдық қабаттарына (结构层次) қарай дара сөз
тіркесі (简单短语) және күрделі сөз тіркесі (复杂短语) деп екіге бөлуге
болатындығы айтылған. Дара сөз тіркесі – тек бір ғана құрылымдық
қабаты бар сөз тіркесі. Дара сөз тіркесі тек толық мағыналы сөздерден
құралады. Екі не одан да көп құрылымдық қабаттан құралған сөз
тіркесі күрделі сөз тіркесі деп аталады. Мысалы, 本国生产的和从国外
进口的
[
ben guo shengchan de he guowai jin kou de]:
елімізде жасалған
Достарыңызбен бөлісу: