80
Кемшін жақтары:
1)
бұл әдісте тек сөздер ғана сөйлем мүшесі болады да, сөз тіркесі
сөйлем мүшесі бола алмайды. Нәтижесінде сөз тіркесінің құрылымдық
мүшелері (结构成分) мен сөйлемнің құрылымдық мүшелері (句子成
分
)
араласып кетеді де, құрылымдық қабаттар анық байқалмайды.
Сондықтан сөйлемнің мағынасын түсіну қиын;
2) сөйлем тұрлаулы және тұрлаусыз мүше деп екіге бөлінеді.
Сөйлемді талдағанда алдымен тұрлаулы мүшелер
ізделеді, бұлар
‒ бастауыш пен баяндауыш. Бірақ кейде бастауыш пен баяндауыш
арасындағы байланыс сөйлемнің
нақтылы мазмұнын ашып бере
алмайды. Мысалы, 他不是学生
Ол студент емес деген сөйлемнің
алдымен тұрлаулы мүшелерін талдасақ, 他是学生
Ол студент болады
да, сөйлемнің ішкі мағынасы өзгеріп кетеді;
3) бұл әдіс тек жай сөйлемді талдауға қолданылады, құрмалас
сөйлем мен күрделі синтаксистік тұтастықты талдауға келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: