89
At + KW ― анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі
P + O ― предлогты сөз тіркесі
M + N ― мөлшер сөзді сөз тіркесі
2.1 Қытай тіліндегі бастауыш-баяндауышты сөз тіркестері
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің ерекшелігі.
Қытай тіліндегі бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі (предикативті
сөз тіркесі) бастауыш және баяндауыш деп аталатын екі мүшеден
құралады. Бастауыш пен баяндауыш арасында предикаттық қатынас
болады.
Қытай тіліндегі бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің құрамындағы
бастауыш пен баяндауышты бір-бірімен байланыстыратын жалғаулар
жоқ, олар тек орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, 水平高
[shuiping gao]
деңгей-і жоғары, 头发黑[toufa hei]
шаш-ы қара, 阿衣
古丽说
[Ayiguli shuo]
Айгул айту, 他们来[tamen lai]
олар келу.
Ілгерідегі сөз тіркестерінің алдыңғы екеуі
“зат есім ‒
сын есім”
болып құралған тіркестер, олар қазақ тіліндегі үйірлі анықтауыштармен
сәйкес келеді, ал соңғы екеуі
“субъектіге қатысты зат есім ‒
етістік”, “
есімдік ‒
етістік” болып құралған тіркестер, олар қазақ
тіліндегі бастауыш-баяндауыш құрылымды
сөйлемдермен сәйкес
келеді.
Қытай тіліндегі бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің ең басты
грамматикалық ерекшеліктері мынадай:
1) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің соңынан тыныс белгілері
қойылып, тиянақты интонациямен айтылса немесе сөйлемнің соңынан
келетін демеулік шылаулар қосылып айтылса, бастауыш-баяндауыш
құрылым сөйлемге айналады. Мысалы: 你去吗?[Ni qu ma?]
Сен
барасың ба?他们来了。[Tamen lai le]
Олар келді. 他聪明。[Ta
congming]
Ол ақылды;
2) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемнің әртүрлі мүшесі
бола алады;
3) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің бастауышы алдында,
баяндауышы соңында тұрады, олардың
орындарын ауыстыруға
болмайды.
В.И.Горелов бұл тіркес туралы: “Предметно-качественные
(субстанивно-квалификативные) словосочетания, выражающие
отношения органиченной (частичной) квалификации предмета:
脾气古怪的老头儿
piqi guguai d laotour
чудаковатый старик
90
(нрав странный ‒ старик), 品行端正的人 pinxing duanzheng d ren
добропорядочный человек (поведение пристойное ‒ человек), 身材中
等的男子
shencai zhongdeng d nanz
мужжина средного роста (рост
средний ‒ мужина).
В этих словосочетаниях зависимый компонент является слитным
словосочетанием, содержащим характеристику одного из
свойств
человека” [52, 106 б.].
Бірақ біз бұл пікірмен келіспейміз. Себебі, автордың айтып
отырған “Предметно-качественные словосочетания”, яғни зат есім
мен сын есімнен құралған бұл сөз тіркестері тек адамның қасиетін
білдірумен шектеліп қалмайтын сияқты. Мысалы: 工业发达 [gongye
fada]
өнеркәсібі дамыған, 资源丰富 [ziyuan fengfu]
байлығы мол, 价格
便宜
[jiage pianyu]
бағасы арзан, 质量好[zhiliang hao]
сапасы жақсы.
Автордың айтып отырған тіркестері ‒ зат есім мен сын есімнен
жасалған бастауыш-баяндауышты тіркестер.
1956 жылы жасалған «Уақытша жүйеде» кеңес тіл білімінің
әсерімен қытай тіліндегі жай сөйлемдер қос құрамды (双部句) және
бір құрамды (单部句) сөйлемдер деп бөлінген. 1984 жылы жасалған
«Бағдарламада» жай сөйлем басқаша жіктелген. Онда қытай тілінің
грамматикалық ерекшеліктері ескеріліп, жай сөйлемдер бастауыш-
баяндауыш құрылымды (主谓句), бастауыш-баяндауыш құрылымды
емес сөйлемдер (非主谓句) деп жіктелген.
Бастауыш-баяндауыш
құрылымды сөйлем өз ішінде есімді, етістікті,
сын есімді және
баяндауышы бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінен жасалған сөйлем
(主谓谓语句) болып бөлінген. Қазір қытай тіл білімінде “қос құрамды”
және “бір құрамды” деген терминдер қолданыстан қалған.
Қытай тілінде баяндауышы бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінен
жасалған сөйлемнің болуы үндіеуропа тілдерімен салыстырғанда, өте
маңызды ерекшеліктердің бірі болып саналады [12, 32 б.].
Е.И.Шутова «Синтаксис современного китайского языка»
еңбегінде бұл сөйлем туралы: “...последовательно осущестляется
принцип выделения членов предложения на основании формального
принципа порядка слов (дальнейший отход от традиционной
морфолого-семантической трактовки членов предложения). В связи
с этим отменяются формулировки типа “вынесения дополнения”
соответствующие языковые факты
трактуются или как сказуемое,
выраженное подлежащно-сказуемостной синтаксической группой или
как обстоятельство, выраженное предложной группой” [102, 17 б.].
91
Баяндауышы бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінен жасалған
сөйлем орыс тіліне “предложения с конструкцией “подлежащее ‒
сказуемое” в качестве сказуемого” деп аударылып жүр [103, 181 б.].
Енді баяндауышы бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінен жасалған
сөйлемге (ары қарай ББСС) арнайы тоқталайық.
ББСС-ның баяндауыш мүшесі, әдетте, тұтас сөйлемнің
бастауышының қимылын,
қасиетін, белгісін көрсетеді. ББСС-
ны талдауға оңай болу үшін, қытай тіл білімінде қалыптасқан
дәстүр бойынша тұтас сөйлемнің бастауышы негізгі бастауыш, ал
баяндауыш қызметін атқаратын бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің
құрамындағы бастауыш қосалқы бастауыш,
баяндауыш қосалқы
баяндауыш деп аталады. Мысалы: 我‖头疼。[Wo‖touteng]
(
Менің
Достарыңызбен бөлісу: