93
қосалқы баяндауыштары зат есімдерден жасалған сөйлемдер де бар.
Мұндай сөйлемдер ауызекі тілде жиі ұшырайды. Мысалы: 苹果‖
一公斤五元。
[Pingguo‖yi gongjin wu yuan]
(
Алманың бір келісі бес
юан. Сөзбе-сөз:
Алма бір келі бес юан).
Қытай тілінде бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі мен бастауыш-
баяндауыш құрылымды сөйлемнің құрылысы сырттай қарағанда ұқсас.
Бірақ олардың бір-бірінен айырмашылықтары бар:
1) бастауыш-баяндауыш құрылымды сөйлемде интонация болады,
ал бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінде интонация болмайды;
2) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемнің белгілі бір
мүшесі бола алады: 鸡叫的时候,我起床了。[Ji jiao de shihou,
wo qichuang le]
Әтеш шақырған кезде ояндым. Осы сөйлемнің
құрамындағы 鸡叫[ji jiao]
әтеш шақыру деген бастауыш-
баяндауышты сөз тіркесі тұтас күйінде сөйлемнің анықтауышы
болып тұр. 他身体健康。[Ta shenti jiankang] Сөзбе-сөз аударғанда:
Ол денсаулық жақсы. (
Оның денсаулығы жақсы). Осы сөйлемнің
құрамындағы 身体健康 [shenti jiankang]
денсаулығы жақсы деген
бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемнің баяндауыш қызметін
атқарып тұр;
3) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі кейде бастауыш-баяндауыш
құрылымды емес сөйлемдердің құрамында белгілі бір сөйлем
мүшесінің қызметін де атқара алады. Мысалы: 禁止机动车同行[Jinzhi
jidongche tongxing]
Мәшинелердің жүруіне болмайды деген сөйлемнің
құрамындағы 机动车同行
Достарыңызбен бөлісу: