[jidongche tongxing] мәшине жүру деген
бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемнің толықтауыш қызметін
атқарып тұр;
4) белгілі бір тілдік ортада бастауыш-баяндауыш құрылымды
сөйлемдердің құрамындағы бастауыш пен баяндауыштардың
орындарын ауыстыруға болады. Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің
құрамындағы бастауыш пен баяндауыштардың орындары тұрақты,
өзгертуге болмайды, егер орнындарын ауыстырсақ, сөз тіркестерінің
білдіретін грамматикалық қатынастары мен грамматикалық мағыналары
бүтіндей өзгереді. Мысалы, 天气好[tianqi hao] ауа райы жақсы ‒
бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі, предикаттық қатынас. 好天气
[hao tianqi] жақсы ауа райы ‒ қабыса байланысқан анықтауыштық
қатынастағы сөз тіркесі.
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркестерінің жасалу жолдары мен
мағынасы. Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің жасалу жолдары
туралы мектеп және жоғары оқу орындарына арналған еңбектердің
барлығында айтылады.
94
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің бастауышы, көбінесе, зат
есім, есімдік, сан есім және есімді сөз тіркестерінен, ал баяндауышы,
көбінесе, етістік, сын есім немесе сын есімді, етістікті сөз тіркестерінен
болады.
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі негізінен мынадай жолдармен
жасалады:
1. “Зат есім ― етістік” болып құралған сөз тіркесі:
学生上山
[xuesheng shang shan] студенттер тауға шықты.
2. “Зат есім ― сын есім” болып құралған сөз тіркесі:
天气晴朗
[tianqi qinglang] күн райы ашық.
3. “Есімдік ― сын есім” болып құралған сөз тіркесі:
她聪明
[ta congming] ол ақылды.
4. “Есімдік ― етістік” болып құралған сөз тіркесі:
她来
[ta lai] ол келу.
5. “Сын есім ― сын есім” болып құралған сөз тіркесі:
诚实好
[chengshi hao] адалдық жақсы.
Ескере кететін жайт: 诚实 [chengshi ] адалдық ‒ сын есім болады,
ол қазақ тіліне дерексіз зат есім болып аударылады.
6. “Етістік ― сын есім” болып құралған сөз тіркесі:
种花很难
[zhong hua hen nan] гүл егу қиын.
7. “Зат есім ― сан-мөлшер сөз тіркесі” болып құралған сөз тіркесі:
建筑面积一万平方米
[jianzhu mianji yiwan pingfangmi]
құрылыс аумағы он мың шаршы метр.
8. “Сын есім ― етістік” болып құралған сөз тіркесі:
虚心使人进步
[xuxin shi ren jinbu]
кішпейілділік адамды алға бастырады.
Ескере кететін жайт: 虚心 [xuxin] кішпейілділік ‒ сын есім болады,
ол қазақ тіліне зат есім болып аударылады.
9. “Зат есім ‒ зат есім” болып құралған сөз тіркесі. Зат есім баяндауыш
болғанда, тек датаны (жыл, ай, күн), мезгілді, бағаны, ауа райын, адамның
жас мөлшерін, туған жерін т.б. білдіреді:
今天星期天
[jintian xingqitian] бүгін жексенбі
她十八岁
[ta shi ba sui] ол он сегізде
安娜英国人
[Anna yingguoren] Анна – британдық
今天晴天
[jintian qingtian] бүгін күн ашық.
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің құрамындағы бастауыш
пен баяндауыштың арасында белгілі семантикалық байланыс болады.
Бұл сөз тіркесі мынадай мағыналық қатынаста жұмсалады:
95
1. Қимыл иесі мен қимыл-әрекет арасындағы қатынасты білдіреді.
Құрылымдық модельдері:
S
Достарыңызбен бөлісу: |