96
синтаксистік комплекс” деп атап, олар баяндауыш қызметін атқара
алады дей келе, дәлел ретінде мынадай мысалдар келтіреді: 这位教师
工作经验很丰富。
[
Zhe wei jiaoshi gongzuo jingyan hen fengfu]:
У этого
преподавателя богатый опыт работы (букв. Этот преподаватель ‒
опыт работы богатый). 这个足球运动员反应特别快。[Zhege zuqiu
yundongyuan fanying tebie kuai]
У этого футболиста реакция особенно
быстрая [104, 559 б.].
В.И.Горелов бастауыш-баяндауышты
сөз тіркесінің сөйлемде
анықтауыштың қызметін атқара алатындығын айтады [105, 140 б.].
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемнің барлық мүшесінің
қызметін атқара алады:
1) бастауыш-баяндауышты сөз
тіркесі сөйлемде баяндауыш
қызметінде келеді:
她个子高。
Оның бойы ұзын. (Сөзбе- сөз:
Ол бой-ы ұзын).
哈萨克斯坦资源丰富。
Қазақстанның байлығы мол. (Сөзбе-сөз:
Қазақстан байлық мол).
Мұндай сөз тіркестері қазақ тіліне аударылғанда, тұтас сөйлемнің
бастауышы анықтауыш болады.
2) бастауыш-баяндауышты сөз
тіркесі сөйлемде анықтауыш
болады:
中国是历史悠久、文化丰富的国家。
Қытай ‒
тарихы ұзақ,
мәдениеті бай мемлекет.
你来的目的是什么
?
Сенің келгендегі мақсатың не? (Сөзбе-сөз:
Сен келу мақсат не?).
Бұлар анықтауыш болғанда, 的 шылауы міндетті түрде жұмсалады.
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемде анықтауыш қызметінде
келгенде, қазақ тіліне үйірлі анықтауыш болып аударылады.
3) бастауыш-баяндауышты сөз
тіркесі сөйлемде толықтауыш
қызметін атқарады:
我知道他要来
Мен оның келетінін білемін. (Сөзбе-сөз:
Мен білу
ол келу).
我知道谁也说服不了他
Оны ешкім де көндіре алмайтынын мен
білемін. (Сөзбе-сөз:
Мен білу ешкім де көндіре алмау ол).
4) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі бастауыш қызметін атқарады:
他知道就好了。
Ол білсе жақсы болар еді. (Сөзбе-сөз:
Ол білу
жақсы болу).
5) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемде тек күшейіткіш
толықтырғыш қызметін ғана атқара алады:
她哭得眼睛都红了。
Жылай-жылай көзі қызарып кетті.
97
Бұлар
толықтырғыш болғанда, 得 шылауы міндетті түрде
жұмсалады. Қазақ тілінде толықтырғыш жоқ, сондықтан толықтырғыш
мүше, көбінесе, пысықтауыш болып аударылады.
6) бастауыш-баяндауышты сөз
тіркесі пысықтауыш қызметін
атқарады:
她头也不回地跑回家去。
Ол артына қарамастан үйіне қарай
жүгіріп кетті.
Пысықтауыш қызметін атқарғанда, 地 шылауы міндетті түрде
жұмсалады.
Қазақ тілінде өз алдына сөйлем түрінде бастауыш пен баяндауыштың
байланысы синтаксистік сөз тіркесінің қатарына жатпайды, мұндайда
ол сөйлем болып табылады. Бұл туралы жоғарыда айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: