Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


 Қазақ тіліндегі үйірлі мүшелер және олардың синтаксистік



Pdf көрінісі
бет39/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

2.2 Қазақ тіліндегі үйірлі мүшелер және олардың синтаксистік 
қызметі 
Қазақ тіліндегі үйірлі мүшелердің байланысу формалары
жасалу жолдары т.б. заңдылықтары бар. Олар сөйлеу барысында 
жасалатындықтан қатып қалған тіркес емес, олардың құрамындағы 
сөздердің орнын алмастырып, еркін тіркесте айтуға болады. Үйірлі 
мүшелердің жасалу жолдарын ашып көрсетудің теориялық та 
практикалық мәні зор. 
Т.Қордабаев үйірлі мүшелер туралы: “Синтаксис мәселелері ішінде 
өз алдына жеке сөз етуге тұрарлық, көлемі және санымен бірге, ерекше 
маңызы бар мәселенің бірі – үйірлі мүше жөніндегі мәселе. Олай 
дейтініміз, синтаксис саласында күні бүгінге дейін талас туғызып келе 
жатқан бірсыпыра мәселелердің, әсіресе, жай сөйлем мен құрмалас 
сөйлемді, үйірлі мүше мен күрделі мүшені бір-бірінен ажыратудың 
бір ұшы осы үйірлі мүшеде жатыр. Сондықтан үйірлі мүшенің дұрыс 
шешілуі – синтаксис мәселесіндегі кейбір түйінді шешуге мүмкіндік 
береді” [106, 149 б.]. Міне, бұдан үйірлі мүшелерді зерттеу – қазақ тіл 
білімі үшін әрі өзекті, әрі қажетті мәселе екендігін аңғаруға болады. 
Үйірлі мүшелерді арнайы зерттеген ғалым Қ.Шәукенұлы 
«Синтаксис» деген оқулығында үйірлі мүшелер жөнінде былай 
дейді: “Үйірлі мүшелердің өз табиғаты бар, ең бастысы олар неше 
сөзден тұрсада сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады....үйірлі 
мүшелер тіліміздегі бес мүшеге де сай келеді және олардың қырық 
шамалы жасалу жолдары анықталған еді. Бұл арадағы әңгіме сөйлем 
мүшесі туралы емес, сол мүшенің сөз тіркесіне талдану қабілетін 
тілімізге орнықтыра түсу болмақ. Сондықтан біз алдын ала айтайық. 


98
Үйірлі мүшелер өз ішінен сөз тіркесіне ажыратылады” [66, 18 б.].
Үйірлі мүшелер туралы С.Жиенбаев, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, 
Т.Қордабаев, М.Балақаев, Ш.Сарыбаев, Қ.Шәукенов, Ғ.Әбуханов, 
Қ.Есенов және т.б. ғалымдар оқулық көлемінде де, жеке мақала 
көлемінде де құнды еңбектер жазғаны белгілі. 
Қ.Шәукенов «Үйірлі мүшелер, оларды оқыту методикасы» атты 
оқу құралын шығарды. 
Қазақ тіл білімінде үйірлі мүшелер жайында екі жақты пікір 
орын алып келді. Бір қатар ғалымдар (С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев 
т.б.) үйірлі мүшелерді бағыныңқы сөйлем деп таныса, енді бір қатары 
(С.Аманжолов, Т.Қордабаев, М.Балақаев, Қ.Шәукенұлы, Ғ.Әбуханов, 
Қ.Есенов т.б.) – мұны жай сөйлемнің бір мүшесі ретінде қарастырады. 
Соңғы кезде үйірлі мүшелер жай сөйлем синтаксисінде қаралып жүр. 
Үйірлі мүшелердің анықтамасы туралы ғалымдар көзқарасы 
арасында бірізділік жоқ. 
С.Жиенбаев 1941 жылы жариялаған «Синтаксис мәселелері» 
еңбегінде үйірлі мүшесі бар сөйлемді сабақтас құрмалас тобына 
қосады. “Біздің үйірлі мүше деп жүргеніміз – бәз-баяғы бағыныңқы 
сөйлем” дегенді айтады [107, 16-17 бб.].
С.Аманжолов: “Сөйлемнің бір мүшесі сияқты, бір сұрауға жауап 
беретіндей болып тіркескен, бірақ әрқайсысы бөлек мүше есебінде 
талдауға келетін сөздердің тобын үйірлі мүше дейміз”, – деп анықтайды 
[108, 138 б.]. Автор үйірлі мүшелерде бастауыштың болу, болмауы 
шарт емес деп біледі.
Т.Қордабаев: “Өз ішінде бастауыш, баяндауышқа және басқа да 
мүшелерге жіктеле алатын, өзі байланысатын сөзінен интонация 
арқылы бөлінбей, бір ғана сұрауға жауап болып, күрделі бір ғана 
мүшенің қызметін атқаратын сөздер тіркесі деген анықтама берілу 
керек”, – дейді [106, 157 б.]. Автор “үйірлі мүшелердің құрамында 
бастауыш, баяндауыш боларлық сөздер бар тіркестер ғана саналу 
керек. Егер құрамында бастауыш, баяндауыш боларлық сөздер 
болмаса, ондай тіркес үйірлі мүше бола алмайды” дегенді ерекше 
айтады. 
Ғ.Әбуханов үйірлі мүшеге: “Сөйлемнің күрделі мүшесі сияқты 
бір сөзбен байланысып, бір сұраққа жауап беретіндей тіркескен, бірақ 
тіркестегі сөздер өзара жеке сөйлем мүшесі ретінде талдауға келетін 
синтаксистік топ үйірлі мүше деп аталады” ‒ деген анықтама береді 
[109, 233 б.].


99
Қ.Шәукенов «Үйірлі мүшелер, оларды оқыту методикасы» деген 
еңбегінде “Үйірлі мүше болуда көпшілік жағдайда субъект-предикаттық 
белгінің болатыны рас. Бірақ, бірқатар жағдайда үйірлі мүше болу үшін 
субьектінің қажет болмайтынын ескерген дұрыс... Үйірлі мүше болу 
үшін тек қана субъект-предикаттық ыңғайда тұруы шарт емес”; “Үйірлі 
мүшенің “субъектсіз” түрі тек қана есімшеге үйірілген сөздер тізбегінде 
кездеседі де, қалған жағдайларда үйірлі мүше субъект-предикаттық 
ыңғайда болады” дегендерді айтады [110, 46 б.]. 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында дайындалған 
«Қазақ грамматикасы» атты академиялық грамматикада: “Үйірлі 
мүшені құрайтын сөздер өз алдына предикатты бірлік болатын 
бастауыш-баяндауышқа бөлінетін жай сөйлем құрамдас болып келеді. 
Мұндай “жай сөйлемнің” баяндауышы есім сөз таптары, есімдік және 
есімше болады, ‒ дейді [17, 660 б.].
Ш.Бектұров, М.Серғалиев үйірлі мүшеге мынадай анықтама 
береді: “Сонымен, түгелдей алғанда, сөйлемнің бір ғана мүшесі бола 
алатын, бірақ өз ішінде шартты түрде бастауыш, баяндауыш және 
басқа сөйлем мүшелеріне талданатын сөздер тізбегін үйірлі мүше 
деп атайды” [111, 178 б.]. 
ҚХР Шыңжаң оқу-ағарту баспасынан шыққан «Қазіргі қазақ 
тілінде» үйірлі мүшеге мынадай анықтама берілген: “Сөйлемнің 
күрделі мүшесі сияқты бір сөзбен байланысып, бір сұраққа жауап 
беретіндей тіркескен, бірақ тіркестегі сөздер өзара жеке сөйлем мүшесі 
ретінде талдауға келетін синтаксистік топ үйірлі мүше деп аталады” 
‒ дей келе, мынадай мысалдар келтіреді: Қазіргі кезде, партяның оқу-
ағарту бағытын дәйектілендіруге бел байлаған, жаңалық жаратуға 
батыл оқушыларды көптеп жетістіру керек. Қамшылар жақ 
құлағында қисық ені бар, аяғына шідер салынған, жарау торы ат 
өзен жағасында жайылып тұр. Осы мысалдардағы асты сызылған 
сөздерді үйірлі мүшелер деп таниды [58, 277 б.]. 
Бұл ‒ Ғ.Әбухановтың үйірлі мүшелерге берген анықтамасы. 
Шыңжаң оқу-ағарту баспасынан шыққан осы оқулықта “сөйлемнің 
күрделі мүшесі” деген категория мүлде жоқ. Күрделі мүше мен 
үйірлі мүшелер бір-бірімен шатастырылған. Алдыңғы мысалдың 
құрамындағы асты сызылған сөздер тіркесі ‒ күрделі мүшелер, ал 
соңғы мысалдың құрамындағы “қамшылар жақ құлағында қисық ені 
бар” деген сөздер тіркесі ғана үйірлі мүше болады.


100
Енді үйірлі мүшелердің құрылымдық модельдері мен сөйлемдегі 
синтаксистік қызметтерін талдап көрейік.
Үйірлі мүшелер сөйлемнің бастауыш, анықтауыш, толықтауыш, 
пысықтауыш және баяндауыш қызметін атқара алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет