Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет4/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

сүйкімді, мақтаулы; ағын да, қарасын да);
2) сөйлем құрамынан алынып қалғанда, бірыңғай мүшелі сөз тіркесі 
түсініксіз болып шығады, яғни сөз тіркесінің бұл түрі, сабақтас сөз 


16
тіркесімен салыстырғанда, сөйлемнің “құрылыс материалы” екендігін 
сенімді дәлелдесе керек. Мәселен, Қайша Шәймерденнің тартқан 
шылым түтінін бе, әлде сөзін бе, әлде оның өзін бе – жаратпай, 
жиырыла түсті (Майлин) деген сөйлемнен түтінін бе, әлде сөзін 
бе, әлде оның өзін бе деген тіркестерді сөйлемнен тыс алып қараса, 
әлде бірдеңені ұғыну қиындыққа түсер еді.
3) салалас сөз тіркестеріндегі синтаксистік қатынастардың сан 
жағынан сабақтас сөз тіркестерінен артық болуы [17, 590 б.].
Екі сөз тіркесі түрінің ұқсас жақтары М.Серғалиев екеуі де толық 
мағыналы сөздерден жасалатындығы және синтаксистік қатынасты 
білдіруі деп біледі.
Сөз тіркесінің құрамы, құрылысы, сөз таптарының сөз тіркесін 
құрау валенттілігі, сөз тіркесінің синонимиясы және т.б. қазақ тілінде 
жеке-жеке зерттеудің нысаны болды. Мәселен, Т.Сайрамбаев қазақ 
тіліндегі қүрделі сөз тіркесінің құрылымдық-семантикалық жағын 
зерттеп, сөз тіркесінің күрделену жолдарын айқындаған. Ғалым сөз 
тіркесін құрамына қарай талдауды үш топқа бөліп жүргізу қажеттігін 
айтады. Олар: 
1) әр сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері;
2) бір сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері;
3) бір сөздің қайталануы негізінде қалыптасқан сөз тіркестері 
[18, 108 б.].
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің әр байланысу формасы жеке-
жеке зерттелген. Мәселен, А.Әблақовтың [19] еңбектерінен меңгеріле 
байланысқан етістікті сөз тіркестері мен меңгеріле байланысқан 
есімді сөз тіркестері жайында жан-жақты мағлұмат алсақ, сын 
есімдердің негізгі синтаксистік белгісі саналатын тіркесімділігі бір 
ғана қабыса байланысу формасы аясында М.Жолшаеваның [20], ал 
матаса байланысқан сөз тіркестері А.Әуелбекованың [21], изафеттік 
құрылымдардың жұмсалымдық және құрылымдық аспектілері 
Қ.Қамзаеваның [22] зерттеулерінде арнайы талдауға түскен. 
Сөз тіркесінің басыңқы сыңарын кез келген сөз табы құрай 
алмайды, өйткені басыңқы сыңар қашан да ұйытқы сөз болуы тиіс, 
сол сөздің қай сөз табына қатыстылығына қарай сөз тіркестерінің 
түрлері ажыратылады. Әдетте, оқулықтарда сөз тіркесінің есімді және 
етістікті түрлері ғана айтылады. А.Тұрарова «Қазіргі қазақ тіліндегі 
сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары» атты ғылыми зерттеуінде 
барлық байланыстың формалары бойынша басыңқы сыңар құрайтын 
сөз таптарын айқындаған. Сөйтіп, әр сөз табының басыңқы сыңар 


17
құрау мүмкіншіліктерін нақты мысалдар негізінде дәлелдеген, сөз 
тіркестерінің түрлерін төртке саралаған: есімді, етістікті, ортақ 
басыңқылы және әр түрлі сөз таптары [23].
Сонымен бірге сөз тіркестерінің басқа тілдік бірліктерден, сөз, 
күрделі сөз, атаулық тіркес, түйдекті тіркес, шектеулі тіркес т.б. 
айырмашылықтары мен ұқсастықтары, әр сөз табының сөз тіркесі 
құраудағы өзіндік ерекшеліктері секілді мәселелер кандидаттық 
диссертация деңгейінде, мақалалар көлемінде айтылған. Олар: 
К.Бейсембаева [24], Е.Мергембаев [25], С.Исаев [26], М.Әлиева [27], 
Б.Рысбай [28], Н.Ильясова [29] т.б. 
Сөз тіркесінің синонимиясы М.Серғалиев [30], [31], [32], М.Томанов 
[33], [34], К.Өміралиев [35], Ф.Мұсабекова [36], Н.Базарбаев [37] т.б. 
еңбектерінде қарастырылған. 
Сөз тіркесін оқыту методикасы жайында Н.Құрманованың «Сөз 
тіркесін оқыту барысындағы оқушылардың теориялық ойлауын 
дамыту әдісінің негіздері» [38] атты монографиясын атауға болады. 
Автордың «Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесінің жүйелік-құрылымдық 
сипаты және оны талдау жолдары» [39] атты оқу құралын да айта 
кеткен орынды. Автор аталмыш еңбегінде сөз тіркесі жүйесін 
модельдеу мәселелері және сөз тіркесін жүйе ретінде тану мәселелерін 
қарастырған. Сөз тіркесінің психолингвистикалық ерекшеліктері, сөз 
тіркесінің жасалуындағы лексикалық тіркесімділік пен синтаксистік 
тіркесімділік мәселесі синтагма ұғымымен байланыстыра берілген. 
Сондай-ақ, сөз тіркесіне талдау жасаудың жаңа әдістері мен түрлері 
берілген.
Қазақ тіліндегі сөз тіркесі синтаксисіне қатысты зерттеулерге шолу 
жасай келе түйгеніміз:
1) сабақтаса байланысқан кемінде толық мағыналы сөздердің 
тіркесін сөз тіркесі деп тану. Бұл қазақ тіл білімінде, қала берді 
түркітанудағы сөз тіркесі синтаксисінің негізін қалаушылардың бірі 
М.Балақаевтың еңбектерінен бастау алады. Сөз тіркесіне қатысты 
бұл тұжырым қазақ тілінде орныққан, барлық оқулықтардан орын 
алған деуге болады. Сондай-ақ салаласа байланысқан, яғни бірыңғай 
мүшелердің де байланысын сөз тіркесі деп тану. 
2) қиыса байланысқан сөз байланыстарының тілдік статусын 
айқындау. Қиысу синтаксистік байланыстың жиі қолданылатын түрі 
саналады. Қиысу дегеніміз ‒ сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың 
грамматикалық тұлғасына, грамматикалық мағынасына қарай 


18
тұлғалануы. Егер бастауыш пен баяндауыштың арасындағы 
қатынасты предикативтік қатынас десек, онда оны сөз тіркесі деп 
айқындауға болмайды. Сөз түрлендіруші формаларға бай қазақ тілінде 
бастауыш-баяндауышты тізбектің құрамындағы баяндауыштардың 
(әсіресе, етістіктердің) жақтық, шақтық, көптік және рай сияқты 
грамматикалық формалары болатындықтан, тұтас құрылым сөйлемдік 
қасиетке ие болады да, сөз тіркесі болмайды. Сондай-ақ, бастауыш 
пен баяндауыш жіктік жалғаулары негізінде құралып, субьектілік-
предикаттық қатынаста жұмсалатындықтан, сөз тіркесінің емес, 
сөйлемнің нысанына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет