Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


сөз тіркесі сөйлемде анықтауыш  болады:  在商场买东西的人很多。 Дүкенде зат сатып алушылар өте көп. Толықтауыштық қатынастағы



Pdf көрінісі
бет45/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

 сөз тіркесі сөйлемде анықтауыш 
болады: 
在商场买东西的人很多。
Дүкенде зат сатып алушылар өте көп.
Толықтауыштық қатынастағы
 сөз тіркесі анықтауыш болғанда, 

міндетті түрде жұмсалады.
5. Толықтауыштық қатынастағы
 сөз тіркесі сөйлемде пысықтауыш 
қызметін атқарады: 
他忘我地工作着。
Ол аянбай еңбек етуде.
Толықтауыштық қатынастағы
 сөз тіркесі пысықтауыш болғанда, 

міндетті түрде жұмсалады.
6. Толықтауыштық қатынастағы
 сөз тіркесі толықтырғыш қызметін 
де атқара алады: 
你说得有道理。
Сенің айтқан сөзің орынды. 
Толықтауыштық қатынастағы
 сөз тіркесі толықтырғыш болғанда, 

міндетті түрде жұмсалады.
Қазақ тіліндегі толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі
Қазақ тіліндегі толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі 
толықтауыштық қатынастағы етістікті және есімді сөз тіркесі болып 
екіге бөлінеді. 
Толықтауыштық қатынастағы етістікті сөз тіркесі
Толықтауыштық қатынастағы етістікті сөз тіркесінің байланысу 
формасы ‒ меңгеру. Меңгеру негізінде етістіктерге тән, сондықтан да 
етістіктердің меңгеру қабілеті есімдермен салыстырғанда әлдеқайда 
мол [19, 40 б.].
Етістіктермен меңгеріле байланысып, әр түрлі қарым-қатынаста 
жұмсалатын бағыныңқы сөздердің қатарына зат есім, есімдіктер және 
заттанған сын есімдер, сан есімдер, есімшелер жатады. 
Бағыныңқы сөздер, яғни етістіктермен тіркесетін сөздер табыс, 
шығыс, барыс, жатыс және көмектес септік жалғаулары арқылы 
меңгеріледі.
Р.Әміров бағыныңқы сөздер табыс, шығыс, барыс, жатыс және 
көмектес септік формалар арқылы немесе септеулік шылаулар арқылы 
меңгерілетіндігін айтса, М.Серғалиев олардың қатарына көмекші 
сөздерді де қосады.


108
М.Балақаев меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркесін бағыныңқы 
сөздің тұлғасына қарай 5 түрге бөледі: 1) табыс жалғаулы сөз тіркесі; 
2) барыс жалғаулы сөз тіркесі; 3) шығыс жалғаулы сөзтіркесі; 4) жатыс 
жалғаулы сөз тіркесі; 5)көмектес жалғаулы сөз тіркесі [6, 70-71 бб.].
Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет