111
2. N
6
+ V
моделі
заттың неден істелгенін білдіреді:
Өнер білім бар
жұрттар тастан сарай салғызды (Ы.Алтынсарин).
3. N
6
+ V
моделі бірдеңеден арылу, құтылу мағынасын білдіреді:
жамандықтан қашу, пәледен құтылу, өлімнен аман қалу т.б.
4. N
6
+ V
моделі мағлұматтың, қимыл-әрекеттің шығу көзін
білдіреді:
кітаптан үйрену, жақсыдан өнеге алу, елден есту т.б.
5. N
6
+ Adj моделі салыстырылатын затты көрсетеді:
балдай тәтті;
бетенеден биік, жусаннан аласа (Мақал).
6.
N
(
тәуIII)
6
+ V
моделі іс-қимылдың қандай объектінің маңында,
төңірегінде болғандығын білдіреді:
басынан сипады, бетінен сүйді,
жеңінен ұстады т.б.
Қазақ тіліндегі шығыс септікті сөз тіркесінің құрамындағы N
6
+ V
моделі мен қытай тіліндегі V + S
моделі сәйкес келмейді.
从[cong], 由[you] предлогтар шығыс септіктерімен сәйкес келеді.
从
предлогы істің, қимылдың кімге, неге, қай жаққа бағытталғандығын
білдіреді:
从学校来
[cong xuexiao lai]
мектептен келу.
从胜利走向胜利
[cong shengli zou xiang shengli]
жеңістен жеңіске жету.
代表团由三人组成
[daibiaotuan you san ren zucheng]
делегация үш кісіден құралған.
Қытай тілінде мұндай предлогтар зат есімдермен тіркесіп келіп
предлогты тіркес құрайды да, сөйлемде пысықтауыштың қызметін
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: