115
3. Жалаң буынды үстеулер, сын есімдер пысықтауыш болғанда
地
қолданылмайды:
他这个人太好了
[Ta zhe ge ren tai hao le]
Ол кісі өте тамаша жан екен.
他们来了,快跑
[Tamen lai le, kuai pao]
Олар келіп қалды, тез қашайық.
4. Есімдік, мезгілді немесе мекенді білдіретін зат есімдер
пысықтауыш болғанда 地 жұмсалмайды:
你怎么又来了。
[Ni zenme you lai le]
Сен неге тағы да қайтып келдің.
你今天走,还是明天走。
[Ni jintian zou, haishi mingtian zou]
Сен бүгін кетесің бе, әлде ертең кетесің бе?
我们阿拉木图见。
[Women Alamutu jian]
Алматыда жолығайық.
Ескеретін жайт, қытай тілінде қалыптасқан дәстүр бойынша 今天
(бүгін), 明天 (ертең) сияқты сөздер “мезгілдік зат есімдер” деп аталады.
Қазақ тілінде олар “мезгілдік үстеулердің” қатарына жатады.
5. Предлогты сөз тіркесі пысықтауыш болғанда 地 жұмсалмайды:
他们都从农村来。
[Ta men dou cong nongcun lai]
Олардың барлығы ауылдан келген.
6. Мекендік мәнді білдіретін сөз тіркестері пысықтауыш болғанда
地
жұмсалмайды:
黑板上写满了字。
[Heiban shang xie man le zi]
Тақтаны жазумен толтырып тастаған.
7. Кейбір қос буынды үстеулерге 地-ны жалғаса да, жалғамаса
да болады:
天气非常热。
[Tianqi feichang re]
Күн өте ыстық.
天气非常地热。
[Tianqi feichang dе re]
Күн қатты ыстық.
8. Көп буынды сын есімдердің көпшілігіне 地-ны жалғаса да,
жалғамаса да бола береді. Егер 地 жалғанса, күшейту мағынасын
білдіреді:
他仔细看了半天。
[Ta zixi kan le bantian]
Ол біразға дейін мұқият қарап тұрды.
他仔细地看了半天。
[Ta zixi dе kan le bantian]
Ол біразға дейін бар зейінімен қарап тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: