118
ә) күшейту мағынасын білдіреді:
很难
[hen nan]
өте қиын, 太老实[tai laoshi]
өте жуас.
2) (P + O) + Adj және 比[bi] + O + Adj үлгісі.
Салыстыру, салғастыру мағынасын білдіреді:
两米高
[liang mi gao]
екі метр биік,
五公斤重
[wu gongjin zhong]
бес килограм ауыр,
比他聪明
[bi ta congming]
одан ақылды,
比这儿好
[bi zher hao]
бұл жерден жақсы.
比
[
bi
] + O + Adj үлгісі қазақ тіліндегі N + Adj үлгісімен сәйкес
келеді.
Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесінің синтаксистік қызметі:
Қытай тілі грамматикасының ерекшеліктерінің бірі – сөз тіркесі
сөз сияқты сөйлем мүшесінің қызметін атқара алуы.
1. Пысықтауыштық қатынастағы
сөз тіркесі баяндауыштың
қызметін жиі атқарады:
今天天气很热
。
Бүгін күн өте суық.
2. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі анықтауыш қызметін
атқарады:
很多人在为他担心。
Көптеген адамдар ол үшін алаңдауда.
3. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі сөйлемде толықтырғыштың
қызметін де атқара алады.
Толықтырғыш болғанда
得
құрылымдық
шылауы міндетті түрде жұмсалады:
他走得特别快
。
Ол өте тез жүреді.
4. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі сөйлемде бастауыш
қызметін де атқарады:
不回来是对的。
Қайтып келмегені дұрыс.
5. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі сөйлемде пысықтауыш
та бола алады. Бірақ пысықтауыштың міндетін атқаруы сирек кездеседі:
我很清楚地听见了他的声音。
Оның даусын ап-анық естідім.
6. Пысықтауыштық қатынастағы
сөз тіркесінің сөйлемде
толықтауыш қызметін атқаруы сирек болса да кездеседі.
Бірақ
шарты мынау: баяндауыш болатын сөздер кісінің армандау, сезіну
мағыналарын білдіретін етістіктерден болуы керек:
看到这场景,他觉得十分愉快
。
Мына көріністі көрген ол қатты қуанды.