Қазақ тіліндегі пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі Қазақ тіліндегі пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің
құрамындағы сыңарлар қабыса және меңгеріле байланысады.
Н.Сауранбаев [114, 155 б.], А.Аманжолов [115, 38 б.] меңгерудің
қатарына тек толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін ғана қосады
да, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін меңгерудің қатарына
қоспайды. Біз қазақ тіл білімінде қалыптасқан дәстүр бойынша
пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін меңгерудің қатарында
қарастырамыз.
Бұл тіркес қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесі және меңгеріле
байланысқан етістікті сөз тіркесі дейтін екі түрге бөлінеді.
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесі. Етістіктермен қабыса
байланысып, әр түрлі қарым-қатынаста жұмсалатын бағыныңқы сыңар
ретінде жұмсалатын сөздер: көсемше, үстеу, сын есім, сан есім және
еліктеуіш сөздер.
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесі бағыныңқы сыңардың
қандай сөз табынан болуына қарай: 1) үстеулі сөз тіркесі; 2) сын есімді
сөз тіркесі; 3) сан есімді сөз тіркесі; 4) еліктеуіш сөзді сөз тіркесі; 5)
көсемшелі сөз тіркесі деп бес топқа бөлінеді.
Үстеулі сөз тіркесі: құрылымдық моделі: Adv + V .
Үстеулер қимылға тән амалды, сапаны, мезгілді, мекенді атайтын
сөздер болғандықтан, олар етістіктермен мол тіркеседі және олар
морфологиялық өзгеріске түсе алмайтын болғандықтан етістікпен
тек қабыса байланысады [16, 29 б.].
Үстеулі сөз тіркесінің құрылымдық моделі мен білдіретін
мағыналары:
а) Adv
(temp) + V .
Мезгілдік мағынаны білдіреді: бүгін көрдім, ерте келді, жаңа естідім т.б.
ә) Adv
(lok) + V .
Мекендік мағынаны білдіреді: жоғарыда отыр, кері қайтты, тұс-тұстан шабуылдады, төмен түсті т.б.
б) Adv + V және S
(-ша/-ше) + V .
Қимылдың істелу амалын, тәсілін білдіреді: тез сөйледі, жалт бұрылды, қатты састы, қазақша сөйледі, құлша істеп, бише жеу т.б.
в) S
(-дай/-дей) + V .
Қимылдың салыстырмалы сапасын білдіреді: бұлбұлдай сайрау, күндей жайнаған т.б.
г) Adv + V .
120
Қимылдың күйін білдіреді: шаттана сөйледі, үздіксіз істеді, орынсыз жағаласты т.б.