Сын есімді сөз тіркесі: құрылымдық моделі: Adj + V .
Сын есімдер етістіктермен еркін тіркесе бермейді. Олар
етістіктермен тіркесіп, қимылға, күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді.
Сын есімді сөз тіркесінің құрылымдық моделі мен білдіретін
мағыналары екі түрлі:
а) Adv + V .
Қимылдың сипаты мағынасын білдіреді: көп ойланды, оңай ашуланады, қатты қорықты т.б.
ә) Adv
(-дай/-дей) + V .
Салыстыру мағынасын білдіреді: айыпты адамдай үнсіз қалды, күн шайдай ашылды, қырдың қызғалдағындай құлпырды т.б.
Сан есімді сөз тіркесі: құрылымдық моделі: Num + V .
Сан есімдер етістіктермен де тіркесе алады. Бірақ олардың барлығы
бірдей етістіктермен қабыса байланыса бермейді. Оның ішінде
етістікті сөз тіркесінде есептік, реттік сан есімдері ғана жұмсалады
да, басқалары ондай тіркесте жұмсалмайды [71, 161 б.].
Сан есімді сөз тіркесінің құрылымдық моделі мен білдіретін
мағыналары мынадай:
Num + V .
Қимылдың қайталану мөлшерін білдіреді: Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді. Екі алып биге шықты т.б.
(Num + рет, дүркін, есе) + V .
Қимылдың дүркінділігін, көлемін білдіреді: он есе артты, бір рет барды, екі дүркін сөйледі т.б.
Еліктеуіш сөзді сөз тіркесі: құрылымдық моделі: U + V .
Еліктеуіштер мағынасына орай тек етістіктермен тіркесіп,
қимылдың сапасын, сынын білдіретін сөздер.
Қимыл-әрекеттің істелуінің шапшаңдық қарқынын білдіреді: жалт қарады, тарс жабылды т.б.
U + V(copl
(-ып/-іп, п) + Vмоделі қимыл-әрекеттің амалын білдіреді:
шіңк-шіңк етіп сөйледі, мырс етіп күліп жіберді т.б.
Көсемшелі сөз тіркесі: құрылымдық моделі: V
(kc) + V .
Көсемшелі сөз тіркесінің құрылымдық моделі мен білдіретін
мағыналары:
а)U