Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесінің анықтамасы



Pdf көрінісі
бет6/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесінің анықтамасы. 
Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестеріне түрлі-түрлі анықтамалар 
беріледі. 
Қытай тілінде сөз тіркесінің анықтамасы барлық еңбекте бірдей 
емес. Анықтаманың әртүрлі берілуі бірнеше факторға байланысты: 
1) сөз тіркесінің құрылымдық мүшелері (қытай тілінде сөз 
тіркесін құрайтын сыңарлар құрылымдық мүшелер 结构成分 деп 
аталады ‒ Т.Қ); 2) сөз тіркесінің байланысу формалары (结构方式); 
3) сөз тіркесінің байланысу тәсілдері (组合手段); 4) сөз тіркесінің 
семантикалық мазмұны (语义内容). Бұлардың ішіндегі негізгісі ‒ сөз 
тіркесінің құрылымдық мүшесі мен семантикалық мазмұны. Кейбір 
еңбектерде сөз тіркесінің анықтамасында тек құрылымдық мүше мен 


21
семантикалық мазмұн ғана қамтылады. Семантикалық мазмұн туралы 
пікір-талас жоқ, сөз тіркесі “күрделі ұғымды білдіреді”, ал “сөйлем 
біршама аяқталған ойды, яғни байымдауды білдіреді”. Сөз тіркесінің 
құрылымдық мүшелері туралы бірізділік жоқ. Ол мынадан байқалады: 
1) сөз тіркесін құрайтын сыңарлар тек негізгі сөздер; 2) сөз тіркесін 
құрайтын сыңарлар ‒ негізгі сөздер мен көмекші сөздер. Алдыңғы 
пікір бойынша сөз тіркесі ‒ екі не одан да көп негізгі сөздердің тіркесі, 
негізгі сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі сөз тіркесінің қатарына 
жатпайды, олар 结构 “құрылым” деп аталады. Кейінгі пікір бойынша 
сөз тіркесі екі немесе одан көп сөздердің тіркесі болады. 
Қытай тіл білімінде “құрылым” мен “сөз тіркесі” туралы талас-
тартыс бұрыннан шешілмей келе жатқан даулы мәселе болып 
табылады. Бұл жөнінде 3 түрлі көзқарас бар: 
1) кейбір ғалымдар (мысалы, Жаң Шукаң 张寿康) “дуанюй” 
(сөз тіркесі) деген терминнің орнына “жегу” (құрылым) терминін 
қолдануды ұсынады [44, 521-523 бб.]; 
2) негізгі сөз бен негізгі сөздің тіркесі “цызу” (сөз тіркесі), негізгі 
сөз бен көмекші сөздің тіркесі “жегу” деп аталады [45]; 
3) дуанюй мен жегу бір-біріне ұқсамайды, жегу байланысты 
білдіреді, ал дуанюй екі немесе бірнеше сөздің тіркесін білдіреді [9]. 
Дуанюйді жегоудың орнына қолдануға болмайтындығын 
сөз тіркесін арнайы зерттеген ғалым Фан Шяу Лүй Шушяңның 
көзқарастарына сүйене отырып, теориялық және практикалық 
тұрғыдан жан-жақты дәлелдеп көрсетеді [10]. 
1956 жылы жарияланған «Уақытша жүйеде» сөз тіркесіне берілген 
анықтама мынадай: “Белгілі грамматикалық заңдылықтар арқылы 
байланысып, сөйлемде сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алатын 
толық мағыналы екі сөздің тіркесі сөз тіркесі (词组цызу) деп аталады” 
[45, 25 б.].
1984 жылы жарияланған «Бағдарламада» сөз тіркесіне (дуанюй) 
анықтама өте қысқа берілген: “Дуанюй ( “цызу” деп те аталады) 
сөздердің тіркесінен құралады” [ 46, 128 б.].
Фан Шяудың сөз тіркесіне берген анықтамасы төмендегідей: 
“Кемінде екі немесе одан да көп сөздердің белгілі грамматикалық 
заңдылықтар арқылы байланысып, сөйлемде сөйлем мүшесі қызметін 
атқара алатын грамматикалық бірлік сөз тіркесі (短语 дуанюй) деп 
аталады”.


22
Осы анықтама мазмұнында қамтылған мәселелер:
1) сөз тіркесі ‒ грамматикалық бірлік. Бұл ‒ оның ( сөз тіркесінің) 
не фонетикалық, не лексикалық бірлік емес екендігін білдіреді;
2) сөз тіркесі сөйлемде тұтас күйінде белгілі бір сөйлем мүшесінің 
қызметін атқара алады. Бұл ‒ сөз тіркесінің бастауыш, баяндауыш, 
толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш және толықтырғыштың 
(бұл ‒ қытай тіліндегі сөйлем мүшесінің бір түрі. Орыс тіліне 
“дополнительный элемент”, “комплемент” болып аударылып жүр) 
қызметтерін атқара алатындығын көрсетеді (кез келген сөз тіркесі 
сөйлемде тұтас күйінде белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін 
атқарады. Бұл ‒ қытай тіл білімінде қалыптасып орныққан пікір 
болып табылады ‒Т.Қ); 
3) сөз тіркесі кемінде екі немесе одан да көп сөздерден (толық 
мағыналы сөздер де, көмекші сөздер де сөз тіркесін құрай алады ‒ Т.Қ) 
құралады. Бұл жалаң сөздердің сөз тіркесін құрай алмайтындығын 
көрсетеді;
4) сөз тіркесі белгілі бір грамматикалық заңдылықтар арқылы 
байланысады. Бұл кем дегенде екі сөздің сөз тіркесі болуы үшін, 
белгілі грамматикалық заңдылықтарға бағынатындығын, кез келген 
екі сөздің қатар тұруы сөз тіркесі бола бермейтіндігін көрсетеді 
[12, 1-2 бб.]. Біз Фан Шяудың сөз тіркесіне берген анықтамасын 
басшылыққа аламыз.
Қазақстанда жарияланған еңбектерде, мысалы, А.Т.Тохметов, 
С.Г.Кажикенова «Методическое пособие по китайскому языку» деген 
оқу әдістемелік құралында сөз тіркесіне (词组) мынадай анықтама 
береді: “Словосочетание представляет собой сочетание двух или 
нескольких самостоятельных слов, связанных друг с другом по 
смыслу и грамматически” [47, 30 б.]. Ал орыс тіліндегі сөз тіркесінің 
анықтамасы: “Словосочетание представляет собой сочетание двух 
или нескольких самостоятельных слов, связанных друг с другом по 
смыслу и грамматически” [48, 170 б.]. Сонда қытай тілі мен орыс 
тіліндегі сөз тіркесінің анықтамасы бір болғаны ма? Біздің пікірімізше, 
анықтамада қытай тілі сөз тіркесінің өзіндік ерекшеліктері толық 
қамтылмаған, сондай-ақ берілген анықтамада сөз тіркестерінің толық 
мағыналы сөздерден құралатындығы айтылған, алайда, авторлар сөз 
тіркестерін топтастырғанда, өздерінің бастапқы, сөз тіркесі болу үшін 
толық мағыналы сөздер болу керек деген пікіріне де қайшы келіп 
отыр. Авторлар сөз тіркестерін, ең алдымен, простые словосочетания, 


23
специальные словосочетания, устойчивые словосочетания деп үш 
топқа жіктеген. Простые словосочетания өз ішінен словосочетания 
подлежащего со сказуемым, словосочетания сказуемого дополнением, 
словосочетания определения с определяемым словом, словосочетания 
сказуемого дополнительным элементом, союзные словосочетания 
деп топтастырған. Ал специальные словосочетания өз ішінен 
словосочетания местонахождения, предложные словосочетания, 
словосочетания с ироглифом 的, совместные словосочетания, союзные 
глагольные словосочетания деп жіктелген. Устойчивые словосочетания 
фразеологизмы, имена собственные, традиционные выражения деп 
бөлінген. Біздің ойымызша, фразеологизм, имена собственные, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет