128
в) “Есімдік + мөлшер сөз + зат есім” типті анықтауыштық
қатынастағы сөз тіркесі анықтауыш болады: 你这个傻小子!
Ақымақ
бала!
Кейде 这 есімдігі түсіріліп те айтылады: 你个傻小子!деп айтуға
болады [12, 68 б.].
Қазақ тіліндегі анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі
Қазақ тілінің синтаксисінде анықтауыштық
қатынастағы сөз
тіркестері құрамындағы сыңарлардың байланысу тәсілдеріне қарай
екіге бөліп қарастырылады: қабыса байланысқан сөз тіркестері және
матаса байланысқан сөз тіркестері.
Анықтауыштық қатынас грамматикалық
қатынастың жалпы
белгісіне қарай айқындалады. Мұнда бағыныңқы сыңар (матаса
байланысқан сөз тіркестерінде І сыңар) басыңқы сыңарды (матаса
байланысса ІІ сыңарды) түрлі сипатына қарай айқындап
қандай? қай?
деген сұраққа жауап алынады.
Атрибутивтік қатынастағы сөз тіркестерінің мазмұны анықталатын
басыңқы сыңар мен оның анықтаушысы болып табылатын бағыныңқы
сыңарда жұмсалған сөздің мағынасына байланысты болып келеді. Ал
олардың мағыналық қатынасын көрсету үшін құрылымдық сипатын
білу керек. М.Балақаев анықтауыштық қатынасқа құрылған қабыса
байланысқан сөз тіркестерін бағыныңқы сыңар немесе анықтауыш
сөздің қай сөз табынан болуына қарай 5-ке бөліп қарастырады [15,
44-55 бб.]. Р.Әміров те атрибутивтік қатынастағы қабыса байланысқан
сөз тіркестерін анықтауыш сөздің таптық сипатына байланысты 5-ке
саралайды [16, 14-19 бб.]. Бірақ біз ғалымның зат есімнің қимылдық,
процессуалдық
сапасын атап, онымен
анықтауыштық қатынаста
жұмсалатын “есімше‒зат есім” үлгісіндегі сөз тіркестерін “үстеу ‒
зат есім” үлгісіндегі сөз тіркестер деп қарастыруына келіспейміз.
Өйткені есімше сөздер зат есімді тіркестерде бағыныңқы сыңарда
көп жұмсалады және зат есімдермен еркін тіркеседі. Мысалы,
келген
адам, оқитын бала, сусыған құм т.б.
Атрибутивтік қатынастағы сөз тіркестерінің
бір тобын матаса
байланысқан тіркестер құрайды. Матасу ‒ қазақ тіліне (түркі
тілдеріне) тән, оның грамматикалық
ерекшелігінің бірі болып
табылатын синтаксистік байланыс формасы.
Матаса байланысқан
сөз тіркестерінің бірінші сыңары ілік жалғауы формасында, екінші
сыңары тәуелдік тұлғасында келеді.
129
Енді қабысу және матасу амалымен
жасалған анықтауыштық
қатынастағы сөз тіркестерінің құрылымдық және мағыналық жағына
кеңірек тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: