2) сын есімді сөз тіркесі: құрылымдық моделі ‒ Adj + S .
Бұл үлгі бойынша жасалған тіркестер төмендегідей мағыналық
қатынастарды білдіреді:
130
а) түр-түсті қызыл мәшине; көлемді кең қора; табиғи қалыпты
жылы жаңбыр; адамның мінез-құлқына қатысты сапалар жаман
кісі; иіс-дәмге қатысты сапалық сипттар алуы сасық иіс; санақ пен
мөлшерлік сипатта ауыр сөмке; қыруар ақша, мол байлық т.б.
Жоғарыда анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің басыңқы
сыңарында сын есімдердің, сонымен бірге басқа сөз таптарының
субстантивтеніп келіп жұмсала алу қабілетін айтып өткенбіз. Енді
соларға мысал келтірейік:
Adj + Adj моделі. Мысалы: ... және аңғарғаны арлы-берлі өткен
адамдардың кескін-келбеті сыз үйдей суық (Д.Досжанов).
Жебелерінің ұшы екі жүзді қанжардай өткір, сүйір (І.Есенберлин).
Осында бағыныңқы да басыңқы да сыңары сын есіммен құралған
тіркестер салыстыру мағынасында жұмсалған.
Басыңқы сыңары субстантивтенген сын есім, сан есім, есімдік,
үстеулер арқылы жасалып, анықтауыштық қатынаста келген сөз
тіркестерінің білдіретін мағыналарына тоқталайық:
Adj + Adj
(subst)
: даралау мағынасын білдіреді. Мысалы: ‒ Әлей
болсын, жарығым, ‒ деді қартаңдау, арық қара торысы (Ш.Мұртаза).
Басыңқы сыңарда заттанып келген сын есім бойында заттық ұғыммен
бірге, белгілі дәрежеде сындық мәннің заттық ұғыммен бірге, белгілі
дәрежеде сындық мәннің болатыны белгілі. Егер осыны ескерсек,
бағыныңқы қызметтегі сын есім оның бойындағы сындық қасиетті
нақтылай, даралай, салыстыра анықтайды.
Adj + Num
(subst)
: Әдетте, жинақтық сан есімдер көп жұмсалады.
Жинақтық сан есімдер кісі, адам, жалпы зат атауларының орнына жүріп,
оларды жинақтап көрсетеді. Соған байланысты оларды анықтайтын
сөздер адамға және анықталатын сөздің сындық сипатына қатысты сын
есімдер болып келеді. Ал мағыналық қатынастар бағыныңқы-басыңқы
сыңардағы сөздердің сипатына қарай белгіленеді. Мысалы: Едәуір ұзақ
жолда үнсіз жүріп келе жатқан салт аттылы екеу мызғып кетіп
қайта оянғандай осы тауға бір сәт тесіле қарады (С.Бақбергенов).
– Мынау өзіміздің қырық, сыннан өткен белгілі қырық, әр кезде-ақ
алда жүреді, тапсырманы өздері орындайды (С.Бақбергенов).
Сын есімдерге басыңқы сыңарда тілдік деректерге жүгінсек,
заттанған есептік, болжалдық, сондай-ақ жинақтық сан есімдер
жұмсалады.
Adj + Proun
(subst)
: Сын есімдер белгісіз есімдігімен тіркескенде әр
түрлі нақтылау мәнін (түсі, салмағы, көлемі т.б.) үстемелейді. Мысалы:
Аппақ бірдеңені қобыратып құшақтаған күйі, сақылдап күліп жүр...
(Қ.Жұмаділов). ... қазандықтың алдына таман келіп, сап-салмақты
бірдеңені былқ еткізіп тастай берді (Қ.Жұмаділов).
131
Сондай-ақ басыңқы сыңарда сирек те болса болымсыздық, сұрау
есімдігінің жұмсалуы ұшырасады.
Adj + Adv
(subst)
: Үстеу ‒ етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы
сыңарларында жұмсалатын сөз табы. Ал олардың сын есімдерге
басыңқы сыңарда жұмсалуын әлі толық қалыптаспаған, даму үстіндегі
процесс деп қабылдаған жөн. Мұндай тіркестерде қимылды сапасы
салыстыра білдіріледі. Мысалы: Масақпай тас керең адамша мелшиіп
отыра берді (Д.Исабеков).
Бұл тіркестердің пайда болуын тілдің үнем құбылысы әсерінен
деп таныған дұрыс сияқты. Мысалы: Өз абыройын қорғай алмаған
елдің тізгінін билікқұмар орташалар еш қарсылықсыз оп-оңай қолына
алып, бір ұлттың мүддесін қара басының мақсатына бағындырады
екен (“Жалын”).
Достарыңызбен бөлісу: |