Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет68/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

(subst)
Adj + Num
(subst) 
Adj + Proun
(subst)
Adj + Adv
(subst)
Num +S
Pron + S 
V
ес 
+ S 
S
2 
+ S
тәу 
N
2
+ S
тәу
Adv
(сеп)
+ S
тәу
Қытай және қазақ тілдеріндегі анықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркестерінің құрылымдық жағынан бір-бірінен айырмашылықтарының 
болуы ‒ әр тілдің ішкі заңдылықтарына байланысты. Мәселен, 
қазақ тілінде грамматикалық мағыналар синтетикалық тәсілмен де, 
аналитикалық тәсілмен де беріледі. Қытай тілінде синтетикалық тәсіл 
жоқ, сондықтан грамматикалық мағыналар тек аналитикалық тәсіл 
арқылы беріледі.
 2.6 Қытай тіліндегі толықтырғыш және толықтырғыштық 
қатынастағы сөз тіркесі 
Толықтырғыштың мағыналық түрлері мен жасалу жолдары. 
Қазақ тіліндегі аудармасы бір арнаға түспеген, мағыналары мен 
ұғымдары шатастырылып жүрген қытай тіліндегі грамматикалық 
терминдердің бірі – 补语. 补语 атауы С.Найманның редакциясымен 
шыққан «Қытайша-қазақша сөздікте» “қимыл-сын толықтауыш”, 
“жанама толықтауыш” деп аударылған [118, 72 б]. Д.Мәсімханұлы 
мен А.Әбиденқызы «Қытай филологиясына кіріспе» атты еңбектерінде 
补语
атауын “толықтырғыш” деп берсе [49, 104 б], «Қытайша-қазақша 
үлкен сөздікте» авторлар С.Найманның ізімен 补语 атауын “қимыл-
сын толықтауыш”, “жанама толықтауыш” деп берген [119, 68 б]. 


135
Біздің пікірімізше, 补语 атауын “қимыл-сын толықтауыш”, “жанама 
толықықтауыш” деп аудару дұрыс емес. “Жанама толықтауыш” 
қытай тіліне 间接宾语 болып аударылады. Қазақ тілінде “қимыл-
сын пысықтауыш” деген атау бар, бірақ “қимыл-сын толықтауыш” 
деген атау қазақ тілінде де, қытай тілінде де жоқ. Толықтауыш пен 
толықтырғышты бір-бірімен шатастырмау керек. 
М.Ілікенов “Қытайша-қазақша тіл ғылымы сөздігінде” бұл атауды 
қазақшаға аудармай “буюй” деп берген [120, 17 б]. Ал 动补词组-ды 
“етістік-буюй тіркесі” деп аударған [120, 42 б]. Чын Янян (陈燕燕) 
«Қытай және қазақ тілдерінің салғастырмалы грамматикасы» атты 
еңбегінде 补语-ді “буюй”, “байымдауыш” деп берген [57, 264 б]. Қытай 
қазақтарының көрнекті тілші-ғалымы Қыдырқан Ахметов 
补语
-ді қазақ 
тіліне “толықтырғыш” деп аударған [51, 285 б]. Лу Фубоның (卢福波) 
«实用汉语教学语法» атты оқулығының қазақ тіліндегі нұсқасында 
“толықтырғыш” болып берілген [121, 285 б].
Бейжіңдегі «Орталық Ұлттар университеті» баспасынан шыққан 
«Қытайша-қазақша-орысша тіл білімі терминдерінің сөздігінде» 
补语
қазақ тілінде “толықтырғыш мүше”, “комплемент” болып берілсе, орыс 
тілінде “дополнительный член”, “комплемент” болып берілген [122, 19 б].
Б.Шөкеeв “Ханзуша-қазақша аударма нәзәриясы мен шеберлігі” 
(Қытайша-қазақша аударма теориясы мен шеберлігі) атты оқулығында 
补语
атауын толықтауыштан ажырату үшін оны “кемелдеуіш” деп 
атауды ұсынған [123, 266 б.]. 
Қазақстанда жарық көрген оқу құралдары, ғылыми еңбектер мен 
сөздіктерде “толықтырғыш” деп аталып жүр. Бұл атау ағылшын тіліне 
“complement” болып аударылса, орыс тіліне “дополнительный член”, 
“дополнительный элемент”, “комплемент” болып аударылып жүр. 
Алдымен тоқықтырғыштың анықтамасына тоқталайық. Қытай 
тіліндегі толықтырғыш мүше етістік немесе сын есім баяндауыштың 
соңынан ұласып келіп, қимыл, іс-әрекеттің нәтижесін, қимылдың сын-
сапасын, көлемдік дәрежесін, жасалу реті мен санын, бағытын, мезгілі 
мен мекенін, жай-күйін толықтырып түсіндіру қызметін атқарады. 
Толықтырғыш қандай? қанша рет? қанша уақыт? нәтижесі қандай? 
деген сұрақтарға жауап береді. 
Қытай тілінде толықтырғыштардың түрлері мен білдіретін 
грамматикалық мағыналары туралы мектептер мен жоғары оқу 
орындарына арналған еңбектердің барлығында сөз болады. Қазіргі 
кезде қытай тіл білімінде бірізге түспей пікірталас тудырып жүрген 
мәселелердің бірі – толықтырғыштың мағыналық түрлері. Сөйлем 


136
мүшелері жайлы еңбектерде толықтырғышты топтастыру біршама 
күрделі, бұл бір жағынан толықтырғышты топтастырудағы ұстанатын 
принциптердің әртүрлі екендігімен байланысты болса керек. Кейбір 
авторлар бір ғана принципті басшылыққа алса, енді бірі көп принципті 
басшылыққа алады. Сондықтан толықтырғыштты топтастыруда, оны 
іштей саралап түрлеу және атау жүйесінде алшақтықтар бар екені 
көрінеді. 
Жаң Бiннің (张斌) редакциясымен шыққан «Қазіргі қытай тілінің 
сипаттамалы грамматикасы» атты ұжымдық еңбекте толықтырғышты 
нәтиже толықтырғыш (结果补语, бағыт-бағдар толықтырғыш (趋向补

, күшейткіш толықтырғыш (程度补语), күй-жай толықтырғыш (情
状补语
), сан-мөлшер толықтырғыш (数量补语) деп бес түрге бөлген 
[94, 308 б]. 
Лу Фубоның «实用汉语教学语法» атты оқулығының қазақ тіліндегі 
нұсқасында (қазақ тіліне аударған Ә.Әбілқазыұлы) толықтырғышты 
нәтиже толықтырғыш (结果补语), бағыт-бағдарлық толықтырғыш 
(趋向补语), модалдық толықтырғыш (情状补语), сан-шамалық 
толықтырғыш (数量补语), ықтималдық толықтырғыш (可能补语), сөз 
алды қосымшалы тіркесті толықтырғыш (介词短语补语) деп алты 
түрге жіктейді [121, 285-328 бб].
Ескере кететін жайт, 介词 атауы сөздіктерде, оқулықтар мен оқу 
құралдарында “шылау”, “сөз алды шылау”, “сөз алды қосымша” болып 
аударылып жүр. 介词 атауына балама ретінде алып отырған “шылау”, 
“сөз алды шылау” немесе “сөз алды қосымша ” деген үш нұсқамен 
келісу қиын. Себебі қытай тіліндегі 助词 атауын қазақ тіліне “шылау” 
болып аударылады. “Сөз алды шылау” деген атау қытай тілінде де, 
қазақ тілінде де кездеспейді. 
Біздіңше, 介词 атауын қазақ тіліндегі “қосымша” мен орыс 
тіліндегі “сөз алды қосымшасымен (префикс)” шатастырмас үшін 
“предлог” деп атаған дұрыс сияқты. Бұдан басқа себептерін атар 
болсақ: 1) қытай тіл білімінде “қосымша” деген ұғым да, термин де 
жоқ; жұрнақтар бар, бірақ өте аз; жалғаулар (тәуелдік, жіктік, көптік 
және септік жалғаулары) болмайды (қазақ тілінде қосымшалардың 
екі түрі бар: бірі – жұрнақ, екіншісі – жалғау); 2) “предлогтар” қытай 
тілінде көмекші сөздер болып табылады және олар жеке сөз табы 
ретінде қаралады; предлогтар жұрнақ сияқты өзі қатысты сөзге 
бүтіндей жаңа мағына қоспайды; жалғаулар сияқты сөздерді бір-
бірімен байланысқа түсіре алмайды.


137
Қытай тілінде предлогқа қатысты 介宾短语 деген ерекше сөз 
тіркесі бар. Ол – предлогтардың толықтауыштардың (зат есім, есімдік 
немесе есім сөзден жасалған) алдынан тұруы арқылы жасалған тіркес. 
Мысалы: 我们要为人民服务[Women yao wei renmin fuwu] Біз халыққа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет