Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет69/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

қызмет етуіміз керек. Сөзбе-сөз: Біз керек үшін халық қызмет ету
Сөйлемнің құрамындағы 为人民[wei renmin] халық үшін деген тіркес 
– предлог пен толықтауыштың бірігуінен жасалған тіркес. Міне, 
осы тіркесті қалай аударамыз? Біз бұл атаудың қазақша аудармасын 
“Қытайша-орысша-қазақша-ағылшынша филология терминдері 
сөздігінен” таптық. Өкінішке орай, автор оны қазақшаға “жалғаулықты 
толықтауыш”, орыс тіліне “предложное дополнение” [129, 57 б.] деп 
қате аударған. Сонымен, 介宾短语 атауын қазақ тіліне “предлог-
толықтауыш” типті тіркес деп аудару керек сияқты. Кей еңбектерде 
орыс тіліне словосочетания типа “предлог+зависимое слово” болып 
аударылған [53, 30 б.].
Фан Шяу (范晓) толықтырғышты нәтиже толықтырғыш (结果补语), 
бағыт-бағдар толықтырғыш (趋向补语), күшейткіш толықтырғыш (程
度补语
), мүмкіндік толықтырғыш (可能补语), күй-жай толықтырғыш 
(情状补语), сан-мөлшер толықтырғыш (数量补语) деп алтыға бөледі 
[10, 90-96 бб]. Хуаң Бороң (黄伯荣) мен Ляу Шүйдоң (廖序东) Фан 
Шяу саралаған алты түрлі толықтырғыштардың қатарына мезгіл-мекен 
толықтырғыш (时间处所补语) қосып, жетіге саралайды [93, 88-92 бб].
«А Practical Chinese Grammar for Foreigners» атты оқулықта 
толықтырғышты нәтиже толықтырғыш (结果补语), күшейткіш 
толықтырғыш (程度补语), сан-мөлшер толықтырғыш (数量补语), 
бағыт-бағдар толықтырғыш (趋向补语), мүмкіндік толықтырғыш
(可能补语) деп алтыға бөледі [124, 287-288 бб].
«Қазіргі қытай тілінің практикалық грамматикасы» атты оқулықта 
толықтырғышты төмендегідей мағыналық топтарға бөледі: нәтиже 
толықтырғыш (结果补语), бағыт-бағдар толықтырғыш (趋向补语), 
мүмкіндік толықтырғыш (可能补语), күй-жай толықтырғыш (情状补

), күшейткіш толықтырғыш (程度补语), сан-мөлшер толықтырғыш 
(数量补语) және предлогты тіркесті толықтырғыш (介词短语补语) 
[125, 534 б]. 
Қытай және қазақ тілдерінде жазылған «Қазіргі қытай тілінің 
грамматикасы» атты оқулықта толықтырғышты нәтиже толықтырғыш 


138
(结果补语), бағыт-бағдарлық толықтырғыш (趋向补语), ықтималдық 
толықтырғыш (可能补语), шамалық толықтырғыш (程度补语), сан-
шамалық толықтырғыш (数量补语), мезгіл-мекендік толықтырғыш 
(时间地点补语) деп алты түрге жіктейді [51, 304 б].
Чян Найроңның (钱乃荣) редакциясымен шыққан «Қытай тіл 
білімі» деген еңбекте толықтырғышты тоғыз түрге саралайды: бағыт-
бағдар толықтырғыш (趋向补语), мүмкіндік толықтырғыш (能否补

), нәтиже толықтырғыш (结果补语), күшейткіш толықтырғыш (程
度补语
), сан-мөлшер толықтырғыш (数量补语), мезгіл толықтырғыш 
(时间补语), мекен толықтырғыш (处所补语), нысан толықтырғыш
(对象补语), күй-жай толықтырғыш (情状补语) [126, 286-292 бб]. 
Го Жынхуа (郭振华) толықтырғышты нәтиже толықтырғыш
(结果补语), бағыт-бағдар толықтырғыш (趋向补语), мүмкіндік 
толықтырғыш (可能补语), күшейткіш толықтырғыш (程度补语) деп 
төртке топтастырады [127, 124-132 бб].
Дай Сюэмэй (戴雪梅) мен Чжан Жоиннің (张若莹) Мәскеуде 
шыққан «300 грамматических правил» атты оқу құралында 
тоықтырғыш мағынасы мен құрылымына қарай бес түрге жіктелген: 
дополнительный член степени, дополнительный член результата, 
дополнительный член количества, дополнительный член направления, 
дополнительный член возможности [128, 168 б].
Чын Янянның (陈燕燕) редакциясымен шыққан «Ұйғыр және 
қазақ ұлтының өкілдеріне қытай тілінің грамматикасын оқытудағы 
қиын түйіндер» атты ұжымдық еңбекте толықтырғышты 7 түрге 
жіктеген: күшейткіш толықтырғыш (程度补语), нәтиже толықтырғыш 
(结果补语), күй-жай толықтырғыш (状态补语), бағыт-бағдар 
толықтырғыш (趋向补语), сан-мөлшер толықтырғыш (数量补语), 
предлогты толықтырғыш (介词补语), мүмкіндік толықтырғыш (可
能补语
[130, 45 б]. 
Бейжің тіл және мәдениет университеті баспасынан шыққан «维
吾尔族、哈萨克族汉语偏误分析
» атты оқулықта толықтырғышты 
нәтиже толықтырғыш (结果补语), шамалық толықтырғыш (程度补语), 
күй-жай толықтырғыш (状态补语), бағыт-бағдар толықтырғыш (趋向
补语
), мүмкіндік толықтырғыш (可能补语), сан-мөлшер толықтырғыш 
(数量补语), мезгіл-мекендік толықтырғыш (时地补语) деп алты түрге 
жіктейді [131, 143-147 бб]. 


139
Енді толықтырғыштардың түрлері мен мағыналарына қысқаша 
тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет