145
2.7 Қытай тіліндегі толықтырғышты қазақ тіліне аудару
мәселесі
Толықтырғышты қазақ тіліне аудару маңызды да, күрделі мәселеле
болып табылады.
Қытайда аударма ісі мамандығына арналған қазақ тілді 3
оқулық жарық көрді. Олар – К.Абдиса мен Т.Әлтайдың «Ханзуша-
қазақша аударма оқулығы» (1998), М.Әлиевтің «Ханзуша-қазақша
аударма нәзәриясы» (2002) және Б.Шөкеeвтің «Ханзуша-қазақша
аударма нәзәриясы мен шеберлігі» (2012) деген еңбектер. Елімізде
Ж.Сәмитұлының «Қытайша-қазақша
аударма теориясы мен
практикасы» (2005) атты оқу құралы жарық көрді. Бұл – қытайша-
қазақша аударма теориясы мен практикасы пәніне арналып жазылған
Қазақстандағы бірден-бір оқу құралы. Алайда аталған оқу құралында
сөйлем мүшелерін аудару мәселесі қарастырылмаған.
Біз енді осы оқулықтардағы қытай тіліндегі толықтырғыштың
қазақ тіліне аудару тәсілдеріне тоқталамыз.
К.Абдиса мен Т.Әлтайдың «Ханзуша-қазақша аударма оқулығында»
толықтырғышты аударудың 4 түрлі тәсілін ұсынған:
1. Етістік пен толықтырғыш
білдіріп тұрған ұғым тығыз
байланыста болып, белгілі бір нәтиженің туылу себебі айқын көріліп
тұрса, әрі логикалық қисын толықтауышта тұрса, онда толықтырғыш
болып тұрған етістік қана қазақ тіліне көбінде өзгелік етіс күйінде
аударылады. Мысалы:
1) 帝国主义的侵略打破了中国人学习西方的美梦。
Жиангерліктің шапқыншылығы жоңголықтардың батыстан
үйрену қиалын быт-шыт етті.
2) 党的民族政策的光辉照亮了草原,照暖了牧民的心。
Партияның ұлттық саясатының нұр шұғыласы жайлауды
нұрландырды, малшылардың көңілін жадыратты.
3) 太阳快落山了,红彩霞把连绵起伏的山头染得红艳艳的。
Күн батуға таяп қалды, кешкі арай орқаш-орқаш тау шоқыларын
нарттай қызартты.
4) 我听懂了。
Мен ұқтым.
2. етістік пен толықтырғыштың білдіріп тұрған ұғым тығыз
байланыста болып, толықтырғыш басталу, аяқталу, жалғасы,
қайталану, байқап
көру сынды мағыналарда болса, бір етістікпен
бейнелеу
олқылық етсе, онда толықтырғышты көмекші етістіктің
көмегімен күрделі баяндауышқа өзгертіп аударуға болады. Мысалы: