Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет73/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

Бұл сабақтас ханзу тілін бір жылда-ақ үйреніп алды. 
3. Етістіктің де, толықтырғыштың да білдіріп тұрған мағынасы 
маңызды болып жоғарыда айтылған тәсілдермен аударуға келмесе, 
онда етістікті пысықтауышқа, толықтырғышты баяндауышқа өзгертіп 
аударуға болады. Мысалы:
1) 武松把老虎打死了。У Соң жолбарысты ұрып өлтірді.
2) 敌人找不到我们的主力,急得眼都红了。
Жау біздің негізгі күшімізді таба алмай ызадан көздері қанталап 
кетті.
3) 中国人民没有被吓倒,被杀绝。
Жоңго халқын қорқыта алған жоқ, қырып тауыса да алған жоқ.
4) 老人病死了。Қария ауырып өлді.
4. Кейбір толықтырғыштар белгілі бір адамның не заттың тұрқын, 
бейнесін білдіріп келсе, онда оны сол заттың не адамның анықтауышы 
етіп аударуға болады. Мысалы:
1) 袭人羞得脸紫涨起来,想想原是自己把话说错了。
Ұят қысып күреңітіп кеткен Ши Рын а дегенде-ақ өзінің ағат 
сөйлеп алғанын аңғарды. 
2) 贾政此时气得目瞪口歪,一面送那官员,一面回头命宝玉: 
“不许动!回来有话问你!”
Бұл шақта ызадан көзі шағырайып, аузы қисаңдап кеткен Жя 
Жың әлгі ұлықты шығарып бара жатып, мойнын бұрып Бау Юйге: 
“Тапжылма! Келіп сұрайтын сөзім бар!” – деп бұйыра сөйледі [132, 
70 б.].
Жоғарыдағы көрсетілген 4 түрлі тәсіл Б.Шөкеeв пен М.Әлиевтің 
оқулықтарында да көрсетілген.
Енді толықтырғышты аударудың жоғарыда көрсетілген 4 түрлі 
тәсілге талдау жасасақ. 
1-тәсілде “... толықтырғыш болып тұрған етістік қана қазақ тіліне 
көбінде өзгелік етіс күйінде аударылады” деп көрсетілген. 
Авторлардың ілгеріде келтірген 4 мысалдың құрамындағы 
толықтырғыштық сөз тіркестері: 打破, 照暖, 染得红艳艳, 听懂. 
Бұлардың құрамындаңы баяндауыштар – 打 (ұру, соғу), 照 (шашу, 
төгу), 染 (бояу), 听 (есту, тыңдау), ал толықтырғыштар – 破 (тозу, 
жыртылу), 暖 (жылы), 红艳艳 (қып-қызыл, нарттай қызыл), 懂 
(түсіну, ұғу). Осы толықтырғыштардың барлығы авторлар айтқандай 


147
етістіктен жасалмаған. Бұлардың ішіндегі 破 (тозу, жыртылу) мен 懂 
(түсіну, ұғу етістік, ал 暖 (жылы), 红艳艳 (қып-қызыл, нарттай 
қызыл) сын есім. Сондай-ақ, аталмыш толықтырғыштар қазақ 
тіліне өзгелік етіс түрінде аударылмаған. Мәселен, 破 (быт-шыт 
етті), 红艳艳 (нарттай қызартты) және 暖 (көңілін жадыратты
күрделі етістік болып аударылса, 懂 (түсіну, ұғу) өздік етістік болып 
аударылған. Бұл 4 сөйлемнің де бастауышы, яғни қимыл, іс-әрекетті 
орындайтын субъектісі бар. 暖 және 红艳艳 сын есімдері қазақ тіліне 
етістікке өзгертіліп аударылады.
Жоғарыдағы мысал ретінде келтірген 4 сөйлемді былай аудару 
керек сияқты: 
帝国主义的侵略打破了中国人学习西方的美梦。
Имперализмнің басқыншылығы қытай халқының батыс елдерінен 
үйрену арманын тас-талқан етті
党的民族政策的光辉照亮了草原,照暖了牧民的心。
Партияның ұлттық саясатының нұры жайлауды нұрландырып, 
малшылардың көңілін жадыратты.
太阳快落山了,红彩霞把连绵起伏的山头染得红艳艳的。
Күн ұясына батып барады, күннің қызыл шапағы өркеш-өркеш 
тау шоқыларын қып-қызыл түске бояды.
我听懂了
деген сөйлемді Мен түсіндім деп те аударуға болады.
Ескере кететін жайт: 打破 авторлар айтқандай толықтырғыштық 
қатынастағы сөз тіркесі емес, ол – баяндауыш-толықтырғыш формалы 
біріккен сөз. Оны оны бір етістік түрінде немесе күрделі етістік етіп 
аударуға да болады. Мысалы:
“他打破了世界纪录 Ол әлемдік рекордты жаңарттты
男孩不小心打破了一个杯子
Бала стақанды абайсызда сындырып алды. 
杯子被那个男孩打破了
Стақанды ана бала сындырды .
Б.Шөкеeв 1-тәсілге мынадай 4 мысалды келтіреді:
1) 今天是全民健身日,或许是台风的消息打乱了市民的出行计划。
Бүгін – жалпы халықтық дене шынықтыру күні, бәлкім, долы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет