149
Сонымен, автордың дәлел ретінде келтірген сөйлемдері 1-тәсілмен,
яғни етістіктер өзгелік етіс түрінде аударылмаған.
М.Әлиев толықтырғышты тіркестің бір етістік арқылы да
аударылатынын көрсетеді де, “或者把老虎打死,或者被老虎吃掉二
者必居其一。
Не жолбарысты өлтіру керек, не жолбарысқа жем
болу керек, екінің бірі” деген мысалды келтірген [133, 184 б.].
2-тәсілде “...толықтырғышты көмекші етістіктің көмегімен
күрделі баяндауышқа өзгертіп аударуға болатындығы” айтылған.
Дұрысы, “...толықтырғышты қазақ тіліне көсемше тұлғалары арқылы
байланысқан күрделі етістік етіп аудару керек” деп бергені дұрыс болар
еді. Келтірген мысалдардағы
айтып болдым, қуып жіберді, үйреніп
алды деген күрделі етістіктердің құрамындағы жетекші етістіктер пен
көмекші етістіктер өзара көсемше тұлғалары арқылы байланысқан.
Ескеретін жайт, қазақ тілінде көмекші етістік жетекші етістікпен
тіркесіп, етістіктің аналитикалық формасын құрайды да, тұтас
күйінде
күрделі баяндауыш қызметін атқарады. Сондай-ақ, күрделі
баяндауышты жасайтын сөздер тек “жетекші етістік пен көмекші
етістіктің тіркесімімен” ғана шектелмейді. Есім сөздер мен көмекші
етістіктердің тіркесімі, ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғау
жалғанған сөздің тіркесімі, күрделі сан есімдер және күрделі атаулар
да күрделі баяндауышты жасайды.
Жоғарыдағы 2-тәсілге мысал ретінде келтірген 这位同学一年
就学会了汉语
деген сөйлемнің құрамындағы 同学 сөзі
сыныптас,
Достарыңызбен бөлісу: