Қытай және қазақ тілдеріндегі салаласа байланысқан
тіркестер. Қытай және қазақ тілдеріндегі сөздер белгілі синтаксистік
тәсілдер арқылы салаласа және сабақтаса байланысады. Бұл ешқандай
дау тудырмаса керек.
34
Қытай тілінде салаласа байланысқан тіркестер елуінші жылдарда
даулы мәселе болғаны рас, бірақ қазір шешімін тапқан. Қытай тілінде
салаласа байланысқан сөз тіркестері ‒ сөйлемдегі сөздердің бірыңғай
мүшелері емес, сөз тіркестері, яғни еркін сөз тіркестері.
Салаласа байланысқан тіркестер қытай тілінің мектеп және жоғары
оқу орындарына арналған оқулықтарда еркін сөз тіркесінің қатарында
қаралады.
В.И.Горелов салаласа байланысқан сөз тіркестері жөнінде пікірі
басқаша: “Китайские ученые, кроме словосочетаний с подчительной
связью, указывают также словосочетания с сочинительной связью,
обозначая последние термином 联合短语 lianhe duanyu. Нам
представляется более правильной точка зрения, существующая в
русской грамматической традиции. Согласно этой точке зрения,
понятие сочинительных или однородных, словосочетаний возникло
в результате неразграничения таких категорий, как словосочетание
однородные члены предложения. Незамкнутый, открытый ряд
однотипных слов численно ничем не ограничен и в отдельных случаях
может, собственно говоря, образовать очень длинную словесную цепь.
При широком понимании состава сочинительных словосочетаний
утрачивается ясное представление об основных структурных признаках
словосочетания” [52, 100 б.].
Бұл мәселе түркі тілдері, оның ішінде қазақ тіліндегі даулы
мәселелердің бірі болып саналады. Қазақ тілінде салаласа байланысқан
тіркестер, яғни сөздердің салалас қатарлары сөз тіркесінің қатарына
жатпайды, олар сөйлемдегі сөздердің бірыңғай мүшелері ретінде
қаралып жүр. Тіл біліміне қатысты бірталай еңбектерде сөйлемнің
бірыңғай мүшесі болып келген сөздерді де сөз тіркесінің қатарына
жатқызады. Сондағы дәлелдері мынадай: сөйлем құрамындағы
бірыңғай мүшелер өзара белгілі бір грамматикалық қатынасқа түседі:
ыңғайластық, талғаулық, қарсылықты т.т. Бұл қатынастар шылау
сөздер, интонация арқылы білдіріледі [16, 11 б.].
Р.Әміровтың салаласа байланысқан сөздер тіркесін сөз тіркесінің
қатарына жатқызуын М.Серғалиев қолдай келе: “Демек, бүгінгі күнге
дейін сөз тіркесі болу үшін, біріншіден, кемінде толық лексикалық
мағынадағы екі сөздің байланысы, екіншіден, ол байланыстың
сабақтастық, яғни басыңқылық-бағыныңқылық ыңғайда болуы,
сөйтіп, үшіншіден, белгілі бір синтаксистік қатынаста болуы қажет
деп есептелді. Сөз тіркесінің мұндай түрі болатынын ешбір зерттеуші
теріске шығара алмайды, бірақ тіл материалдары және сөз тіркесі
35
теориясы, дәлірек айтқанда, жалпы, сөз тіркесі деген ұғымның мазмұны
мен мақсатына, сөйлем ішіндегі атқаратын қызметіне тереңірек
үңілер болсақ, толық мағыналы сөздердің басқаша да байланысу
мүмкіндіктері көзге түседі. Әңгіме сөйлем ішіндегі сөздердің тек
сабақтасып қана емес, салаласа да байланысатынына көз жеткізуге
болады”, – деген тұжырым жасайды [17, 589 б.]. Ғалым сабақтаса
байланысқан сөз тіркесі мен салаласа байланысқан сөз тіркесінің
өзіндік айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тілдік деректер арқылы
дәлелдеп көрсетеді.
Шынжаң оқу-ағарту баспасынан шыққан «Қазіргі қазақ тілінде»
салаласа байланысқан тіркестерді бірде еркін сөз тіркесінің қатарына,
бірде сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің қатарына жатқызады. Аталған
еңбекте салаласа байланысқан тіркестерге мысал ретінде ақ-қара,
тіл-әдебиет сияқты қос сөздерді де келтірген. Нәтижесінде салаласа
байланысқан тіркестер мен қос сөздер бір-бірімен араласып кеткен
[54, 236 б.].
Гың Шымин салаласа байланысқан сөз тіркестерін сөз тіркесінің
қатарына жатқызады да, “...құрамындағы сөздер сабақтаса байланыспай,
тең дәрежеде байланысады. Сыңарлары кейде жалғаулықтар арқылы
байланысса, кейде жалғаулықсыз байланысады”, – дей келіп, мынадай
мысалдар келтіреді:
ұлы, даңқты, тура
Бейжің мен Шаңхай
тез және әдемі
батыл да қайсар
әрі қызылдану әрі мамандану [55, 214 б.].
Чын Яньян: “... қытай тілінде де, қазақ тілінде де салалас тіркестер
бар, олар бір-бірімен сәйкес келеді ”, – дей келіп, оған дәлел ретінде
төмендегідей мысалдар келтіреді:
歌和马
өлең мен ат
既宽敞又明亮
әрі кең, әрі жарық
伟大、光荣、正确
ұлы, даңқты, дұрыс
调查研究
тексеру-зерттеу [57, 210 б.].
Жоғарыдағы 调查研究 (тексеру және зерттеу, тексеріп зерттеу)
деген мысал қытай тілінде салалас тіркес болатыны дау тудырмайды,
бірақ қазақ тілінде тексеру-зерттеу құрылымы жағынан қарағанда
сөз тіркесіне ұқсамайды, керісінше, дефис арқылы жазылған қос сөзге
жақындау. Сондықтан тексеру-зерттеу салалас тіркеске мысал бола
алмайды.
36
«Қытай және қазақ тілдерін салғастыра зерттеу» атты еңбекте
салаласа байланысқан тіркестерді сөз тіркесінің қатарына жатқызады.
Авторлар “...салалас тіркестердің кейбірі жалғаулықсыз орын тәртібі
арқылы байланысады ”, – дей келе, мына мысалдарды келтіреді:
жұмысшы, дихан, әскер (工农兵) ; ұлы, даңқты, дұрыс (伟大、光
荣、正确
) [59, 201 б.]. Осы екі мысал қытай тілінен қазақ тіліне
тікелей аударылған. Екеуі де – қытай тіліндегі орын тәртібі арқылы
арқылы байланысқан салаласа байланысқан сөз тіркестері.
Яң Лің де салаласа байланысқан тіркестерді сөз тіркесінің
қатарына жатқызады. Автор салалас байланысқан тіркестерді “
Достарыңызбен бөлісу: |