Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет13/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

дың тәуелсіздік алу-ын құттықтаймыз) сияқты сөйлемнің 
құрамындағы 中国解放 (Қытай-дың тәуелсіздік алу-ы. Сөзбе-сөз: 
Қытай тәуелсіздік алу) деген предикативті тіркесті сөз тіркесі 
деп танымайды. Оған дәлелі: “сөйлемнің ерекшелігі ‒ бастауыш-
баяндауыштық құрылымдық үлгі” [61, 222 б.]. Гау Міңкай 
А.А.Шахматовтың ізімен сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері сөз тіркесі, 
ал тұрлаулы мүшелері сөз тіркесі болмайды деп қарайды. Бұл пікірге 
келісу қиын. Сөйлемдердің бәрі бірдей бастауыш-баяндауыштық 
құрылымды үлгіде жасала бермейді. Қытай тіліндегі жай сөйлемдер 
құрылысына қарай, алдымен, бастауыш-баяндауыштық құрылымды 
сөйлем (主谓句) және бастауыш-баяндауыштық құрылымды емес 
сөйлемдер (非主谓句) болып екі үлкен топқа бөлінеді. Қытай тілінде 
бастауыш-баяндауыштық құрылымды емес сөйлемдер көп кездеседі. 
Сондай-ақ, мұндай сөйлемдердің болуы ‒ қытай тілінің грамматикалық 
құрылысына тән өзгеше құбылыс. Жай сөйлемнің ішінде бастауыш пен 
баяндауышты тауып алуға болмайтын сөйлемдер бастауыш-баяндауыш 
құрылымды емес сөйлемдер деп аталады. Бұл сөйлемдер бастауыш-
баяндауышты тіркестерден басқа сөз тіркестерінен, я жалаң сөздерден 
жасалады. Қытай тілінің дәстүрлі грамматикасында бұл сөйлемдер екі 
түрге бөлінеді. Бірі ‒ жақсыз сөйлем, екіншісі ‒ атаулы сөйлем. Жақсыз 
сөйлем ‒ бастауышы жоқ сөйлемдер. Мысалы, 出太阳了 [chu taiyang 
le] Күн шықты. 上课了[shangke le] Сабақ басталды. Ілгерідегі жақсыз 


39
сөйлемдерге бастауышты қосуға мүлде болмайды. Ескеретін бір жай, 
олар қазақ тіліне аударылғанда, бастауыш-баяндауыштық құрылымды 
сөйлемге өзгеріп кетеді. Атаулы сөйлем бір ғана сөзден (басым 
көпшілігі зат есімдерден) я зат есімді сабақтаса байланысқан сөз 
тіркесінен жасалады. Атаулы сөйлем контекст пен ситуацияға қатысты 
қолданылғанда, кенеттен пайда болған заттар мен құбылыстарды 
т. б. білдіреді. Мысалы: 飞机![feiji] Ұшақ! (кенеттен көрінген 
затты білдіреді). 多么美丽的山啊![duome meili de shan a] Қандай 
көркем тау десеңізші! (эмоцияны білдіреді). 什么?[shenme] Немене
(сұрақты білдіреді), 先生![xiansheng] Мырза! (дербес қаратпа), 
喂!
[wei] Алло! 谢谢![xiexie] Рақмет! т.б. Орыс тіл білімінде 
жоғарыдағы Немене? Алло! Рақмет! Мырза! деген мысалдарды 
сөйлемнің қатарына емес, айтылымдардың (высказывания) түрлеріне 
жатқызады. Сондағы дәлелдері: олар сөйлемге ұқсап айтылғанымен, 
сөйлем бола алмайды, өйткені оларға “бастауыш-баяндауыштық 
құрылым тән емес” [78, 206 б.].
Қытай тіліндегі атаулы сөйлемдер мен қазақ тіліндегі атаулы 
сөйлемдерді бір тұрғыдан қарауға келмейді. Қытай тіліндегі 
атаулы сөйлемдер бастауыш-баяндауышты тіркестерден басқа, сөз 
тіркестерінен не жалаң сөздерден жасалады. Олар контекст пен 
ситуацияға қатысты қолданылғанда, атаулы сөйлем бола алады. Ал 
қазақ тілінде кез келген сөздердің тіркесі атаулы сөйлем бола алмайды. 
Атаулы сөйлем болу үшін оның айтылар оқиғаға қатысы болуы керек 
және өзінен кейін тұрған атаулы емес сөйлеммен сабақтас, мәндес 
болуы қажет. Атаулы емес сөйлемдер атаулы сөйлемнің мәнін ашып 
тұрады... [19, 10 б.]. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдер 
сөз тіркесіне талданбайды. 
Қытай тілінің өзге тілдерден, мысалы, сөз түрлендіруші 
формаларға бай қазақ тілінен елеулі өзгешеліктерінің бірі сөйлем 
құрылымы мен сөз тіркесі құрылымы негізінен ұқсас болып келеді. 
Қытай тілінде барлық құрылымдарда (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) 
бастауыш-баяндауыштық, баяндауыш-толықтауыштық, баяндауыш-
толықтырғыштық, бағыныңқы-басыңқылық, салаластық деп аталатын 
бес түрлі грамматикалық құрылымдық байланыс болады. Мысалы, 
地震
[dizhen] жер сiлкiну деген сөз де, 学习好[xuexi hao] үйрену-і 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет