47
Қытай ғалымдары Уаң Ли , Жаң Жің, Bын Лян (文炼), Хай Пің
(海萍), Хоң Дурын (洪豆仁), Жоң Чін (钟梫), Лу Жянмиң (陆俭
明
), Шяу Тянжу (萧天柱) т.б. еңбектерінде сөз бен сөз тіркесінің
айырмашылықтары туралы арнайы қарастырылған. Қытай тілінде сөз
бен сөз тіркесінің айырмашылықтары туралы тұңғыш сөз еткен Уаң Ли
болатын. Ол сөз бен сөз тіркесінің аражігін ажыратуда 扩展法 (кеңейту
әдісін) қолдануды ұсынады. «Қытай тілі грамматикасының очеркі»
еңбегінде сөз бен сөз тіркесінің арасындағы айырмашылықтарды
“кеңейту әдісімен” түсіндіреді: “马车 [mache]
ат арба деген ‒ сөз
тіркесі, өйткені оны 马拉的车 [ma la de che]
ат тартатын арба деп
айтуға болады, яғни сыңарлардың арасына сөз салуға болады; 车子
[chezi]
арба ‒ жалаң сөз, өйткені оны 车的儿子 [che de erzi]
арбаның
баласы деп айтуға болмайды, яғни араларына сөз қосып айтуға
көнбейді. Уаң Ли кеңейту әдісін қолданғанда кейбір қателіктер жіберді.
Мысалы, 马车[mache]
ат арба ‒ арбаның бір түрі, арбаны аттың
тартуы міндет емес, арбаны өгіз де, есек те тартуы мүмкін. 车子 [chezi]
арба дегендегі 子 [zi] иероглифі ‒ жеңіл тонмен оқылатындықтан, 儿
子
[erzi] (
ер бала) деген мағынаны білдірмейді, (子[zi]
ер бала деген
мағынада болу үшін, 3-тонмен оқылу керек ‒ Т.Қ) [86, 24 б.]. Бұл
әдістің ілгерідегідей кейбір кемшіліктері бола тұрса да, қазірге дейін
өз құнын жоймаған жақсы әдістердің бірі болып саналады.
Жаң Жің сөз бен сөз тіркесінің ара-жігін ажыратудың маңыздылығы
туралы былай деп жазады: “Сөз бен сөз тіркесінің ара-жігін ажырату ‒
морфологиялық талдаудың маңызды мазмұндарының бірі, сонымен
қатар, синтаксистік талдауда да өте маңызды. Мысалы, 在教室读书[zai
jiaoshi du shu]
аудиторияда кітап оқу деген құрылымды талдағанда,
егер 读书
(кітап оқу) дегенді етістік деп қарасақ, тұтас сөз тіркесі
‒ басыңқы сөзі етістіктен болған бағыныңқы-басыңқы сөз тіркесі
болады, оның құрылымдық қабаты ‒ 在教室
/读书; егер 读书
(кітап
оқу) дегенді сөз тіркесі деп қарасақ, тұтас сөз тіркесі ‒ басыңқы сөзі
读
(
оқу) болған етістік-толықтауышты сөз тіркесі болады да, оның
құрылымдық қабаты ‒ 在教室
Достарыңызбен бөлісу: