киім, қой қора, темір жол тәрізділерді тіл мамандарының кейбіреулері
еркін тіркестердің қатарында қарайды. Мұндай жағдай, әсіресе, мектеп
мұғалімдері арасында жиі кездеседі, оған студенттердің педагогикалық
практикасы кезінде көзіміз жетті. Дәлелі: аяқ киім деген тіркес бас
киім, іш киім, сырт киім түрінде, қой қора тіркесі мал қора, ат қора,
сиыр қора түрінде, сондай-ақ темір жол тіркесі шойын жол, тас
50
жол түрінде айтылады. Сондықтан оған қандай киім, қандай қора,
қандай жол? деп сұрақ қоюға болады. Демек қабыса байланысқан
анықтауыштық байланыстағы сөз тіркестерінің қатарына жатады
деп түсінеді. Сырттай қарағанда осындай пікірді қуаттаушылардың
көзқарасы орынды тәрізді. Шындығында, қабыса байланысып тұр.
Бірақ жоғарыда аталған тіркестер мен еркін тіркестердің арасында
елеулі айырмашылықтар бар” [65, 14 б.]. Міне, бұдан біз сөз тіркесі мен
атаулық тіркестерді бір-бірінен ажыратудың практикалық маңызының
зор екендігіне көз жеткіземіз.
Чын Янян: “Қазақ тілі жалғамалы тілдерге жатады, сондықтан
сөз бен сөздің арасындағы құрылымдық байланыс негізінен сөз
түрлендіруші қосымшалар арқылы беріледі, екі сөз (сыңар) арасында
сөз түрлендіруші қосымшалардың болу-болмауы күрделі сөз бен
сөз тіркесін ажыратудың бір белгісі болады, мысалы, Банды шебі
бордай тозып, тым-тырақай бөлініп жарыла қашты, бірқыдыруы
тізе бүкті. Тізеңді бүгіп отыр. Осындағы алғашқы сөйлемде тізе
бүгу дегеннің екі сыңарының арасында сөз түрлендіруші қосымшалар
жоқ, кейінгі сөйлемдегі тізеңді бүгу дегендегі тізе сөзіне тәуелдік
және септік жалғауы жалғанған, сондықтан алғашқы тізе бүгу – сөз,
кейінгісі – тізеңді бүгу сөз тіркесі болады. Күрделі сөз бен сөз тіркесін
ажыратуда тек сөз түрлендіруші қосымшалардың болу-болмауына
ғана негізделу жеткіліксіз, кейбір сөз тіркестерінің сыңарларының
арасында сөз түрлендіруші қосымшалар болмайды... Сондықтан
міндетті түрде семантикалық тұрғыдан да қарау керек” [57, 212-213
бб.], – деп тұжырым жасайды.
Гау Личін “Ұйғыр тілінің грамматикалық құрылысына талдау
жасау” деген еңбегінде: “Күрделі сөздің ерекшелігі ‒ тұтас сөздің
мағынасы күңгірттеу, құрамындағы әрбір сыңарлардың орны
жылжымалы емес, тұрақты. Сөз тіркесінің әрбір сыңарының мағынасы
салыстырмалы түрде сақталады, орындары да, біршама жылжымалы
келеді” [75, 210-214 бб.], ‒ дейді.
Ма Дыюан ұйғыр тіліндегі сөз тіркесі мен күрделі сөздің
айырмашылығын былай түсіндіреді: “Сөз тіркестерінің әрбір сыңарлары
екпінге ие, сыңарлар арасында сәл кідіріс болады; әрбір сыңарларының
бұрынғы мағынасы сақталады, олардың әр қайсысын бөлуге келеді;
араларына басқа мүшелерді қосуға, орындарын ауыстыруға көнеді”
[74, 17-23 бб.].
Т.Сайрамбаев күрделі сөз бен сөз тіркесінің арасындағы
айырмашылықтарды төмендегіше бөледі:
51
Күрделі сөз
Сөз тіркесі
1.
Күрделі сөз ‒ сөз жасаудың бір
түрі.
Сөз тіркесі ‒ снтаксистік
категория.
2.
Күрделі сөздің әрбір сыңары
бір-бірімен тығыз мағыналық
байланыста айтылады.
Сөз тіркестерінің сыңарлары бір-
бірімен синтаксистік байланыста
болады.
3.
Күрделі сөздің әрбір сыңарында
жеке-жеке мағына болуы да,
болмауы да мүмкін. Бірақ
оның сыңарларының жеке-
жеке мағынасы болғанымен,
тұтас сөздің мағынасынан гөрі
күңгірттеу болып келеді.
Сөз тіркестерінің сыңарларының
мағынасы айқын болады.
4.
Күрделі сөздің әрбір сыңарына
жеке-жеке сұрақ қойылмайды. Ол
екеуі бірақ сұраққа жауап береді.
Сөз тіркестерінің әрбір
сыңарларына жеке-жеке сұрақ
қойылады.
5.
Күрделі сөздің әрбір сыңарының
орны жылжымалы емес, тұрақты.
Сөз тіркестерінің әрбір
сыңарларының орны жылжымалы.
6.
Күрделі сөз тұтасымен
морфологиялық өзгеріске
ұшырайды. Яғни оның
әрбір сыңары жеке-жеке
морфологиялық өзгерісте
болмайды, сол тобымен
тұлғаланып көптеледі, септеледі,
жіктеледі.
Сөз тіркестерінің әрбір сыңарлары
түрлі морфологиялық өзгерістерге
ұшырайды.
7.
Күрделі сөз тұтасымен басқа
сөзбен синтаксистік байланысқа
түседі.
Сөз тіркестерінің әрбір сыңары
жеке-жеке синтаксистік
байланыста жұмсалады [43, 17-18
бб.].
Қытай тілінде сөз тіркесі мен сөйлемді бір-бірінен ажырату
айтарлықтай күрделі, қиын емес. Сөз тіркесі мен сөйлемнің негізгі
айырмашылығы ‒ олардың құрылысында емес, семантикалық
мазмұнында. Олардың басты айырмашылықтары мынадай:
1) семантикалық мазмұны жағынан сөйлем байымдауды білдіреді,
кез келген сөйлемде (оның құрылысы мейлі қарапайым болсын, мейлі
күрделі болсын) интонация болады және біршама аяқталған ойды
білдіреді. Сөз тіркесінде мұндай белгілер болмайды. Сөз тіркесі тек
бөлшектеуге болатын күрделі ұғымды білдіреді;
2) фонетикалық форма жағынан сөйлемде интонация, пауза, екпін
сияқты дербес фонетикалық форма болады, сөйлем адамдардың өзара
пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз етеді. Сөйлем ‒ динамикалық күйдегі
52
(动态的) коммуникативтік бірлік (使用单位), ал сөз тіркесінде бұндай
ерекшеліктер болмайды. Сөз тіркесі ‒ статикалық күйдегі (静态的)
сөйлем құрауға қажетті тілдік бірлік (备用单位);
3) құрылымы жағынан сөйлемнің құрамында қыстырма, қаратпа
сөздер болады, ал сөз тіркесінде мұндай белгілер болмайды;
4) қытай тіліндегі сөз тіркестерінің құрамындағы сыңарлардың
орын тәртібі тұрақты, өзгертуге болмайды, ал сөйлемдегі сөйлем
мүшелерінің орын тәртібі біршама еркінірек. Мысалы, бастауыш
пен баяндауыштың орындарын бір-бірімен ауыстыруға көнеді,
анықтауыш, пысықтауыштардың да орындарын ауыстыруға болады.
Сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып, инверсия жасау стильдік
қызмет атқарады. Бірақ статикалық күйдегі сөз тіркесінің құрылысын
өзгертуге болмайды. Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің бастауышы
алдында, баяндауышы соңында тұру керек, олардың орындарын бір-
бірімен ауыстыруға көнбейді.
Қытай тілінде сөз тіркесі мен сөйлемнің осындай айырмашылықтары
болғанымен, олардың өзіндік ұқсастықтары бар. Құрылысы жағынан
олардың формасы ұқсас, әр түрлі құрылымдық байланыстағы сөз
тіркесіне белгілі интонация қойылса, сөйлемге айналады. Жаң
Шылудың (张世禄) сөзімен айтқанда үндіевропа тілдерінде сөйлем мен
басқа бірліктердің ара-жігі құрылым жағынан өте айқын ажыратылған,
ал қытай тілінде жағдай басқаша, қытай тілінде сөйлемнің құрылуы
‒ демеуліктер мен интонацияға қатысты құбылыс, сөйлемнің
құрылысының қарапайым не күрделі болуына байланысты емес.
Түркі тілдеріндегі сөз тіркесі туралы жазылған еңбектердің
барлығында сөз тіркесі мен сөйлемді бір-бірінен ажыратудың
қажеттілігі айтылады және оларды ажыратудың шарты ұсынылады.
Сондай-ақ, бұл еңбектердің барлығында сөз тіркесі мен сөйлемнің
негізгі айырмашылығы сөз тіркесі предикативтік емес конструкция
деп түсіндіріледі.
Кеңестік тіл біліміндегі сөз тіркесі туралы көзқарастарды
қорытындылай келіп, Н.А.Баскаков қазіргі түркі тілдеріндегі сөз
тіркестерінің төмендегідей ерекшеліктерін атап көрсетеді:
1) оларға атрибуттық, релятивтік және обьектілік қатынастардың
тән екендігі, предикаттық қатынастың болмайтындығы;
2) сөздердің грамматикалық байланыстарының меңгеру, қиысу,
қабысу (қазақ тілі үшін бұларға қоса, матасу мен жанасу ‒ М.С.)
түрінде көрінеді;
53
3) сөз тіркесінде интонацияның болмайтындығы;
4) сөз тіркесінің белгілі бір сөз табына жататын сөздің негізінде
жасалатындығы;
5) сонысына қарай, сөз тіркесінің не есімді, не етістікті болып
есептелетіндігі;
6) сөз тіркестерінің синтаксистік ыңғайдан бағыныңқы (қиысу,
меңгеру және қабысу) және салалас (тізбектеу интонациясы мен
жалғаулықтар) ретінде жіктелетінін айтады [88, 68-69 бб.].
Қазақ тілінде жай сөйлем мен сөз тіркесі сырттай қарағанда ұқсас,
алайда олардың арасында елеулі айырмашылықтар бар.
Сөйлемде арнаулы интонация болады, сөз тіркесінде мұндай белгі
жоқ. Сөйлеуші сөйлемді белгілі интонациямен айтады, Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |