Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


 ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ



Pdf көрінісі
бет2/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

1 ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің зерттелу 
тарихынан
Қытай тіл біліміне қатысты еңбектерде сөз тіркесі әр түрлі 
атаулармен аталып келді: 语[yu] юй (1920 ж.), 短语[duanyu] (1920 ж.), 

[du] (1920 ж.), 兼词 [jianci] (1921 ж.), 仂语[leyu] (1921 ж.), 扩词 
[kuoci] (1932 ж.), 词组 [cizu] (1936 ж.), 仂句 [leju] (1938 ж.), 谓语形式 
[weiyuxingshi], 句子形式 [juzixingshi] (1943 ж.), 结构 [jiegou] (1956 ж.) 
сияқты 11 түрлі терминмен аталып келді. Ал соңғы кездері сөз тіркесіне 
短语
[duanyu] “дуанюй”, 词组 [cizu] “цызу” және 结构 [jiegou] “жегу” 
деген терминдер қолданылып жүр [1, 159 б].
Қытай тіліндегі сөз тіркесі байырғы қытай тілі материалдары 
негізінде Ма Жянжоңның (马健忠) 1898 жылы жарық көрген 
қытай тілінің ең алғашқы сипаттамалы грамматикасы «马氏文

» (Mashiwentong) атты еңбегінде аздап болса да айтылған. Бірақ 
сөз тіркесінің зерттелу тарихын өткен ғасырдың жиырмасыншы 
жылдарымен байланыстыра қараған жөн. Өйткені ғылыми түрде 
жазылған қытай тілінің грамматикалық еңбектері осы кезеңнен 
басталады. 
Қытай тіліндегі сөз тіркесінің зерттелу барысын үш кезеңге бөліп 
қарастыруға болады: 
1) 1920–1950 жылдардың аралығы; 
2) 1950–1978 жылдардың аралығы; 
3) 1978 жылдан осы кезеңге дейінгі дәуір. 
Бірінші кезең (1920–1950). Бұл кезеңде жарық көрген еңбектердің 
басым көпшілігінде, мысалы, Ли Жіңшийдің (黎锦熙) 1924 жылы 
жарық көрген «新著国语文法» деген еңбегі мен У Гыңшынның (吴耕

) 1933 жылы баспадан шыққан «国语文典» атты еңбектерінде сөз 
тіркесіне анықтама берілген. Бірақ авторлар анықтаманы ағылшын 
тілінің дәстүрлі грамматикасының теориясына сүйене отырып берген, 
яғни бастауыш пен баяндауышы бар болса, сөйлем; бастауыш пен 
баяндауышы жоқ болса, сөз тіркесі (语[yu]) деп анықтаған. Сөйлемнің 
негізгі өлшемі – тиянақты ойды білдіруі, ал сөз тіркесінің тиянақты 
ойды білдіре алмауы. Осы кезеңде жарық көрген еңбектерде сөз 
тіркесі мен сөйлемнің (бастауыш-баяндауыш құрылымды сөйлемнің) 
шекарасы өте айқын ажыратылған. Бірақ кейбір сөздер мен сөз 


7
тіркестері араласып кеткеп, тіпті оларды бір-бірінен ажырату жолдары 
назардан тыс қалған. 
Бұл кезеңде жарияланған еңбектердің басым көпшілігінде сөз 
тіркесінің қызметі, яғни сөйлемде қандай сөйлем мүшесінің қызметін 
атқаруына қарай топтастырылған. Дегенмен зерттеушілер тарапынан 
сөз тіркестерін құрылымына қарай топтап қарастырған еңбектер де 
жарық көрді. 
Сөз тіркесін топтастыру Уаң Иіңуый (王应伟), Ли Жіңший,
Ли Мің (黎明), Чын Жүнже (陈浚介), Ли Жы (李直), Шүй Дишан (许
地山
), У Гыңшін (吴耕莘), Лю Фу (刘复), И Золин (易作霖) және т.б. 
ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан қарастырылды. 
Олардың ішінде Ли Жіңший (黎锦熙) мен У Гыңшіннің (吴耕

) еңбектерін ерекше атауға болады. Онда сөз тіркестері сөйлемде 
қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаруына байланысты зат есімді, 
сын есімді және үстеулі деп үш топқа бөлінген. 
Ли Жы (李直) зат есімді, сын есімді, үстеулі сөз тіркесінің қатарына 
жалғаулықты және одағай сөзді сөз тіркесін қосып, беске бөлсе [2], 
Шүй Дишан (许地山) олардың қатарын предлогты сөз тіркесімен 
толықтырады [3]. 
Лю Фудың (刘复) «中国文法讲话» атты еңбегінде сөз тіркестерінің 
қатары етістікті сөз тіркесімен толықтырылған [4]. 
И Золин (易作霖) сөз тіркесін сөйлемдегі қызметіне қарай зат 
есімді, сын есімді, етістікті, үстеулі, предлогты, жалғаулықты және 
одағай сөзді сөз тіркестері деп жеті түрге саралаған [5].
1940 жылдары Уаң Ли (王力) ағылшын тілі оқулықтарындағы сөз 
тіркестері мен қытай тіліндегі сөз тіркестерін зерттей келе, ағылшын 
тіліндегі сөз тіркестеріне берілген анықтама қытай тіліне сай келмейді 
деген тұжырым жасайды. Уаң Ли О.Есперсенның теориясына сүйене 
отырып, сөз тіркесіне мынадай анықтама береді: “这种联结,是把
两个以上的词造成一种复合的意义单位,我们把这种意义单位叫
做仂语。
Екі не одан көп сөздер тіркесіп келіп, күрделі мағынаны 
білдіретін бірлікті сөз тіркесі (仂语 [leyu] “лыюй”) дейміз” [6, 25 
б]. Сондай-ақ, Уаң Ли қытай тіл білімінде тұңғыш рет сөз бен сөз 
тіркесінің айырмашылықтарын көрсетіп береді. Оның 1943–1945 
жылдар аралығында жарық көрген «中国现代语法» (Қытайдың 
қазіргі грамматикасы) және «中国语法理论» (Қытайдың грамматика 
теориясы) деген еңбектерінде сөз бен сөз тіркесінің аражігін ажыратуда 
“кеңейту әдісін” (扩展法) қолдануды ұсынды.


8
Қытай тілінің сөз тіркесі синтаксисінің тарихында өзіндік орны бар 
ғалым Лүй Шушяңның (吕叔湘) үш бөлімнен тұратын «中国文法要略, 
上卷
1942, 中卷、下卷1944)» деген еңбегінде қытай тіл білімінде алғаш 
рет сөз тіркесінің құрылымына назар аударылып, оның құрылымына 
ғылыми түрде талдау жасалған. Аталмыш еңбекте сөздердің үш түрлі 
байланысы көрсетілген: салаласу (联合关系), тіркесу (组合关系) және 
бірігу (结合关系). Автор сөз тіркестерінің құрамындағы сыңарлардың 
арасындағы грамматикалық байланыстарға талдау жасаумен бірге 
грамматикалық байланыстарға негіздеп, әрбір құрылымдық бірліктерге 
ат қояды. Лүй Шушяң сөз тіркестерінің қатарына предикаттық қатынас 
негізінде жасалған бастауыш-баяндауышты құрылымды да қосады. 
Сондай-ақ, “күрделі сөз тіркесі” және “тілдік қабат” (层ceng) деген 
ұғымдарды қытай тіл білімінде алғаш енгізді. Лүй Шушяңнан кейін 
Уаң Ли 拿起来[na qilai]: алып шығу, 弄坏[nong huai]: бұзып тастау 
сияқты 动补结构 (етістік-толықтырғышты құрылымды) да еркін сөз 
тіркестерінің құрамына кіргізеді.
Ляу Шучянның (廖庶谦) 1950 жылы жарық көрген «口语文法» 
(Ауызекі сөйлеу тілінің грамматикасы) атты еңбегінде сөз тіркестері 
жалғаулықты, одағай сөзді, үстеулі, етістікті, сын есімді және зат 
есімді сөз тіркесі деп беске бөлінген және мысалдармен дәйектелген 
[7]. Ляу Шучянның сөз тіркестерін функциясына қарай жүйелеуі күні 
бүгінге дейін өз құнын жойған жоқ. 
Екінші кезең (1950–1978 жж.). Бұл кезеңде сөз тіркесінің сөз және 
сөйлемнен айырмашылықтары, сөз тіркесінің түрлері, байланысу 
тәсілдері және құрылымы т.б. мәселелер кеңірек қарастырылды. Осы 
орайда Лүй Шушяң, Жу Дыший (朱德熙), Уын Лян (文炼), Уаң Ли 
(王力), Хай Пің (海萍), Ли Жіңший (黎锦熙), Лю Шыру (刘世儒), 
Жаң Жыгоң (张志公), Го Шауүй (郭绍虞), Шуан Чаң (玄常), Шүй 
Шыиің (许世瑛), Жаң Жің (张静) және т.б. ғалымдардың еңбектерін 
ерекше атауға болады.
Американың құрылымдық тіл білімінің теориялары американдық 
қытай ғалым Жау Юанрынның (赵元任) 1948 жылы Гарворд 
университеті баспасынан шыққан «Mandarin Primer, An Intensive 
Course in Spoken Chinese» атты еңбегі арқылы 1950-жылдардың 
басында қытай тіл біліміне де ене бастады. Міне, осыдан кейін қытай 
тілін құрылымдық тіл білімінің теориясы мен әдіс-тәсілдері арқылы 
зерттеу етек ала бастады. Қазіргі кезде қытай тіл білімінде қолданылып 
жұрген салалас құрылым (并列结构), етістік-толықтауыштық 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет