Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


Қытай және қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің байланысу



Pdf көрінісі
бет21/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

1.4 Қытай және қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің байланысу 
тәсілдері
Кез келген сөздердің қатар тұруы сөз тіркесі бола бермейді. Сөз 
тіркесі болу үшін сөздердің тіркесуінде белгілі бір заңдылықтар 
болады. Бұл заңдылықтардың бірі ‒ сөздердің тиісті дәнекерлер, 
тәсілдер арқылы бір-бірімен байланысуы.
Кез келген сөздердің қатар тұруы сөз тіркесі немесе сөйлем бола 
алмайды. Сөз тіркесімен сөйлемнің құрамындағы сөздер бір-бірімен 
әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста болуы керек. Синтаксистік 
байланыс туралы С.Д.Кацнельсон былай деп жазады: “Это свойство 
слова, определенным образом реализоваться в предложении, выступать 
в определенные комбинации с другими словами можно было бы 
назвать его синтаксисческой валентностью” [90, 126 б.].
«Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы мен лексикалану процесі» 
атты еңбекте сөйлем құрамындағы сөздер бір-бірімен тіркесуіндегі 
заңдылықтардың үш негізі көрсетілген. Олар: біріншіден, сөздердің 
грамматикалық сипаты негізінде, сәйкестігі арқылы, екіншіден, мағына 
жақындықтарына, мағына үйлесімділігіне орай тіркесу заңдылығы 
болса, үшіншіден, грамматикалық сәйкестіктері мен мағынасы 
жағынан орайлас жатқан сөздердің белгілі бір дәнекерлер, тәсілдер 
арқылы байланысқа ену заңдылығы [65, 26 б.].
Тіл білімінде сөздерді байланыстыратын тәсілдердің қатарына 
жалғаулар, сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер және интонация 
жатқызылады. Жалғаулар синтетикалық тәсіл деп, орын тәртібі, 
көмекші сөздер және интонация аналитикалық тәсіл деп аталады.
Қытай тілінде сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді байланыстыруға 
дәнекер болатын септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары жоқ (көптік 
мағынаны білдіретін 们 [men] деген жалғыз жұрнақ бар, бірақ ол 
сөз бен сөзді байланыстыру қызметін ешқашан да атқара алмайды). 
Сондықтан синтетикалық тәсіл сөз түрлендіруші формалары жоқ 
немесе өте аз тілдердің бірі ‒ қытай тілінің табиғатына тән құбылыс 
емес.
Қазақ тілінде сөйлемнің құрамындағы сөздер не сабақтаса 
байланысады, не салаласа байланысады немесе қиыса (субъектілік-
предикаттық қатынаста) байланысады. 
Қазақ тілінде сөздер қосымша, көмекші сөздер (немесе шылау), 
сөздердің орын тәртібі және интонация арқылы байланысқа түседі. 
Қосымша жұрнақ және жалғау болып бөлінеді. Бірқатар ғылыми 


58
еңбектерде сөз бен сөзді байланыстыруда шылау мен көмекші есімдерге 
қоса көмекші етістік, модаль сөздерді де қатысты деп есептейді де, 
сөз бен сөздің арасын байланыстыруда шылау деген сөздің орнына 
көмекші сөздер деп беруді ұсынады [91, 31б.].
Қазақ тіл білімінде сөздердің байланысу тәсілдеріне қатысты 
еңбектерде сөздерді байланыстырудың қалыптасқан дәстүрі 
бойынша синтетикалық тәсілге септік жалғауы, тәуелдік жалғауы, 
жіктік жалғауы және көптік жалғауы жатады. Бұлардың ішінде 
септік жалғаулары сөйлем құрамындағы сөздерді байланыстыруда 
басқаларға қарағанда өте белсенді. Аналитикалық тәсілге шылаулар, 
сөздердің орын тәртібі және интонация жатады. Сонымен қатар, 
қазақ тілтанымында синтетикалық тәсіл мен аналитикалық тәсілге 
қоса, осы екі байланысу тәсілінің де элементін қамтитын аналитика-
синтетикалық тәсілді сөздерді байланыстырудың үшінші бір тәсілі 
ретінде көрсетіліп жүр. Сонымен, соңғы ғылыми зерттеулерге сүйене 
отырып, қазақ тілінде сөздердің байланысу тәсілдерін үш түрге 
бөліп қарастыруға болады: біріншісі – қосымшалар арқылы, яғни 
синтетикалық тәсіл; екіншісі – шылаулар, сөздердің орын тәртібі және 
интонация арқылы байланысуы, яғни аналитикалық тәсіл; үшіншісі 
– аналитика-синтетикалық тәсіл.
М.Балақаев сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын 
жалғауларды (септік, тәуелдік, көптік, жіктік), шылауларды 
(септеуліктер, жалғаулықтар), сөздердің орын тәртібі мен интонацияны 
айта келе, сөз тіркесі құрамындағы сөздердің қосымшалар арқылы 
байланысуын синтетикалық байланыс, ал қосымшаларсыз орын 
тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуын аналитикалық 
байланыс деп қарайды [15, 44 б.]. Бірқатар ғалымдар сөздердің 
байланысу тәсілдерін аналитикалық, синтетикалық және аналитикалық-
синтетикалық тәсілдер деп үшке бөліп қарастырады. Аналитикалық 
және синтетикалық тәсілдер негізгі, ал аналитикалық-синтетикалық 
тәсіл қосалқы тәсіл болып табылады. Себебі аналитикалық және 
синтетикалық тәсілдердің тынысы кең, қолданылу өрісі мол, ал 
аналитикалық-синтетикалық тәсілдер ондай емес, бұл тәсіл күрделі 
сөз тіркесінің құрамында ғана қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет