64
нәрсе деп қарайды. Шындығында бұл дұрыс емес. Себебі орын тәртібі
мен интонациянының зерттейтін нысандары әртүрлі. Сөздердің орын
тәртібінің нысаны – сөз тіркесі, интонацияның нысаны, негізінен,
сөйлем болып келеді.
Қытай тілінде интонация сөздерді байланыстыратын тәсілдердің
қатарына кірмейді. Интонация – сөйлемдердің айтылу мақсаты
байланысты түрлерін бір-бірінен ажырататын тәсіл. Қытай тілінде
бастауыш-баяндауышты тізбек сөйлемге тән тиянақты интонациямен
айтылса, бастауыш-баяндауыш құрылымды сөйлемге айналады.
Кез келген сөйлем белгілі бір интонациямен айтылады. Сондықтан
да сөйлем еркін сөз тіркесінен құрылымдық жағынан ғана емес,
интонациясы жағынан да ажыратылады. Қытай тілінде сөйлемді
сөйлем деп танытатын негізгі грамматикалық белгі – интонация.
Қытай тілінде грамматикалық қатынастарды білдіруде сөздердің орын
тәртібі мен көмекші сөздер шешуші рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: