Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет25/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

Сөздердің көмекші сөздер арқылы байланысы. Тіл-тілде көмекші 
сөздерге көмекші есімдер, көмекші етістіктер, жалғаулықтар, 
септеуліктер, демеуліктер, предлогтар және т.б. жатады. 
Қазақ тілінде аналитикалық байланысу тәсіліне шылаулар, оның 
ішінде септеулік шылаулар (септеуліктер) жатады. 
Қазақ тілінде шылаулар өз ішінен жалғаулық шылаулар, септеулік 
шылаулар және демеулік шылаулар болып бөлінеді. Сөйлемнің 
құрамындағы сөздерді бір-бірімен байланыстыратын шылау екі 
түрлі: бірі – жалғаулықтар, олар бірыңғай мүшелерді және құрмалас 
сөйлемдердің құрамындағы сөйлемдерді байланысқа түсіреді; екіншісі 
– септеулік шылаулар. Бұлардың бірқатары сөздерді өзара байланысқа 
түсірсе, енді бірі сөздерді байланыстырудан гөрі өзі жалғанған сөзге 
үстеме мағына қосуға, мағынасын нақтылай түсу қызметін атқарады. 
Енді бір топтағы шылаулар әрі сөз бен сөзді байланыстырады, әрі 
өзінен бұрынғы сөзге үстеме мағына қосады. Демеулік шылаулар 
сөздерді байланыстыра алмайды, өзі жалғанған сөзге үстеме мағына 
қосу қызметін атқарады. 
М.Балақаев байланысу тәсілінің қатарына көмекші есімдерді 
де қосады [15, 81 б.]. Ал Т.Сайрамбаев олардың қатарына көмекші 
етістік пен модаль сөздерді де жатқызады [18, 59 б.]. Ә.Аблақов, 
С.Исаев, Е.Ағмановтар М.Балақаев пен Т.Сайрамбаевтың айтқандарын 
қуаттамайды. Көмекші есімдер, көмекші етістіктер, модаль сөздер 
күрделі сөз тіркесін жасауға қатысады, бірақ тіркес құрамындағы 


65
дербес мәнді сөздерді өзара байланысқа түсіре алмайды. Септеулік 
шылаулар өзінің алдындағы сөзбен тіркесіп, түйдекті тіркес құрайды 
да, оны өзінен кейінгі сөзбен ұластырады. Мұндай тіркеске тән 
екінші бір ерекшелік бағыныңқы сыңар қызметін атқарып тұрған 
түйдекті тіркес басыңқы сыңармен орын тәртібі арқылы да байланысқа 
түседі...”[65, 58 б.]. Біз осы тұжырымға толығымен қосыламыз.
Қытай тіліндегі сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы сөздерді 
байланыстыратын тәсілдерге жалғаулықтар мен шылаулар ғана жатады. 
Қытай тілінде көмекші есімдер мен септеуліктер жоқ. Көмекші сөздер 
іштей предлогтар, жалғаулықтар және шылаулар болып бөлінеді. 
Қытай тіліндегі предлогтардың қолданылу аясы кең әрі күрделі. 
Предлогтарда толық лексикалық мағына болмайды, сол себепті 
көмекші сөздердің қатарына жатады және зат есім, есімдік немесе зат 
есімді сөз тіркестерінің алдында тұрып, предлогты тіркес құрайды. Ал 
грамматикалық тұрғыдан предлогтар өзі қатысты сөздерге мезгілдік, 
мекендік, бағыттық, мақсаттық, себептік, салыстыру, теңеу және тағы 
басқа мағыналар үстейді.
Қытай тіліндегі предлогтардың беретін грамматикалық мағынасы 
мен атқаратын қызметіне қазақ тіліндегі септік жалғаулары және 
септеулік шылауларға ұқсастау болып келеді. Алайда предлогтарды 
септік жалғауы немесе септеулік шылаулармен теңестіріп қарауға 
келмейді. Оның бірден бір себебі қытай тілінде предлогтар қазақ 
тіліндегі септеуліктер сияқты сөз бен сөзді байланыстырмайды, олар 
тіркескен сөзіне үстеме мағына қосып, мағынасын нақтылай түседі.
Септеуліктер түбір тұлғалы сөзбен немесе барыс, шығыс, көмектес 
септіктеріндегі есім сөздермен тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге 
сабақтастыра байланыстырады. Қытай тіліндегі предлогты тіркестер, 
негізінен, қазақ тіліндегі септеулікті тіркестерге сәйкес келеді. Бірақ 
олардың білдіретін мағыналары, құрылымы, жасалу жолдары мен 
атқаратын кызметтерінде айырмашылықтар бар.
Қытай тіл білімінде қалыптасқан дәстүр бойынша шылаулар 
іштей құрылымдық шылау, шақтық шылау және демеулік шылау 
деп ажыратылады. Бұлардың ішінде тек құрылымдық шылау ғана 
сөздерді байланыстыра алады. Шақтық шылаулар өзі шылауында 
тұрған сөзге немесе сөйлемге шақтық мағына үстейді. Ал демеулік 
шылаулар көбінесе сөйлемнің соңында келіп, әртүрлі грамматикалық 
мағына үстейді. Бұл екеуі жалғаулық пен құрылымдық шылау сияқты 
сөздерді байланытыра алмайды. Мысалы: 你明天去图书馆吗?[Ni 


66
mingtian qu tushuguan ma] Ертең кітапханаға барасың ба? 他一定会
来的
[Ta yiding hui lai de] Ол міндетті түрде келеді. Бірінші сөйлемде 
吗 
шақтық шылауы сөйлемге сұраулық мағына үстейді, ал екінші 
сөйлемдегі 的 сөйлемге күшейту мәнін қосу үшін қолданылған.
Қазақ тілімен салыстырғанда қытай тіліндегі сөздерді бір-бірімен 
байланыстыратын жалғаулықтар мен шылаулар сан жағынан көп емес. 
Сөздерді байланыстыратын жалғаулықтар: 和, 跟, 同, 与, 及, 或, 并, 并

, 而, 或者, 还是, т.б. Бұлар салаласа байланысқан сөз тіркестерінің 
құрамындағы сөздерді бір-бірімен байланыстырады. Мысалы: 光荣而
艰巨
[guangrong er jianju] даңқты әрі машақатты; 好和坏[hao he huai] 
жақсы мен жаман; 今年或明年[jinnian huo mingnian] биыл немесе 
келер жылы, т.б.
Қытай тіліндегі жалғаулықтар қолданылу жағынан ағылшын, 
орыс және қазақ тілдеріне ұқсамайтын өзгешеліктері бар. Мысалы, 

[tong], 与[yu], 及[ji] жалғаулықтары, әдетте, зат есімдерді, ал 并
[bing], 并且[bingqie] жалғаулықтары, әдетте, етістіктерді, 而[er], 而且
[erqie] жалғаулықтары сын есімдер мен етістіктерді байланыстырады; 

[he], 或[huo], 或者[huozhe] сияқты жалғаулықтар әртүрлі сөздерді 
байланыстыра алады.
Сөйлемнің құрамындағы сөздерді байланыстыратын шылауларға 

, 地, 得 сияқты үш түрлі құрылымдық шылау жатады. 的 
құрылымдық шылауы анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесінің 
сыңарларын байланыстырады (他的朋友[ta de pengyou] оның досы), 
地 
құрылымдық шылауы пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесінің 
сыңарларын байланыстырады (轻轻地走 [qingqing dе zou] ақырын 
жүру), 得 құрылымдық шылауының қызметі толықтырғыштық 
қатынастағы сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді байланыстырады. 
(高兴得流泪 [gaoxing de liulei] қуанғанынан жылап жіберу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет