Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет28/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

синтагма, қытайша 短语 деп атайды. Автор “Синтагмы, образованные 
из слов, также называются словосочетаниями (词组). Они являются 
составными частями предложения” ‒, дей келе, синтагманы, яғни сөз 
тіркесін синтагмы, состоящие из знаментельных слов (实词与实词
构成的短语
), синтагмы, состоящие из знаментельных и служебных 
слов (实词与虚词构成的短语) және устойчивые синтагмы (固定短

) деп үш топқа бөледі. Ал негізгі сөздер мен негізгі сөздердің 
тіркесімін номинативные синтагмы (名词短语), глагольные синтагмы 
(动词短语), синтагмы прилагательных (形容词短语) және субъектно-
предикативные синтагмы (主谓短语) деп жіктейді. Негізгі сөз бен 
көмекші сөздің тіркесімін предложные синтагмы және синтагмы со 
словом 的 деп екі түрге ғана бөледі [112, 104-106 бб.]. 
Сөз тіркесінің грамматикалық функцияларына, яғни сөйлемдегі 
синтаксистік қызметтеріне қарай топтастыру.
 Бұл принципті Ли 
Жіңший (黎锦熙) «Жаңаша жазылған қытай тілінің грамматикасы» 
атты еңбегінде ең алғаш ұсынған болатын. Ли Жиңшидің пікірі 
бойынша сөйлем сөзден құралады, ал сөздер сөйлемнің құрамына 
енгеннен кейін сөйлем мүшесіне айналады. Сөз тіркесі сөздерден 
жасалады, сондықтан сөз тіркестерін топтастырғанда, сөздердің 
сипатына қарай зат есімді, сын есімді және үстеулі сөз тіркесі деп 
бөлуге болады. Міне, осыдан кейін қытайдың тіл мамандары сөз 
тіркесін топтастыруда осы принципті басшылыққа алатын болды. Бірақ 
сөз тіркестерін топтастыруда тіл мамандары арасында бірізділік жоқ 
екендігі жоғарыда айтылды. Мысалы, Хуаң Бороң мен Ляу Шүйдоң сөз 
тіркесін зат есімді сөз тіркесі (名词性短语) және етістікті сөз тіркесі 
(谓词性短语) деп екіге бөледі [93, 67 б]. Фан Шяу сөз тіркесін есімді 
сөз тіркесі (体词性短语), етістікті сөз тіркесі (谓词性短语), даралау 
мағынасын білдіретін сөзді сөз тіркесі (点别词性短语) және үстеулі 
сөз тіркесі (副词性短语) деп төртке бөледі [12, 8 б]. Чын Лижуннің 
редакциялығымен шыққан (秦礼君) «现代汉语语法专题» (Қазіргі 
қытай тілі грамматикасының арнаулы мәселелері) деген ұжымдық 
еңбекте зат есімді сөз тіркесі (
名词性短语
), етістікті сөз тіркесі (
动词


72
性短语
) және сын есімді сөз тіркесі (形容词性短语) деп үшке бөлінген 
[86, 74 б]. 
Н.Абдырақын сөз тіркесін синтаксистік қызметіне қарай қарай 名
词性短语
(体词性短语) зат есімді сөз тіркесі, 动词性短语 (谓词性短语) 
етістікті сөз тіркесі және 介词短语 (加词性短语) предлогты (сөз алды 
қосымшасы) сөз тіркесі деп үш түрге бөлген [50, 98-99 бб]. Бұл арада 
автор 介词短语 мен 加词性短语-ды ұқсас бір сөз тіркесі деп түсінген, 
екеуін де предлогты (сөз алды қосымшасы) сөз тіркесі деп аударған. 
Шын мәнінде, бұл екеуі екі басқа сөз тіркесі. 介词短语 – предлогты 
сөз тіркесі, ал 加词性短语 предлогты сөз тіркесіне мүлде ұқсамайды. 
加词
деген “атрибутивтік сөз”, “анықтаушы” деген мағынада келеді. 
Сонымен 加词性短语 дегеніміз атрибутивтік сөз тіркесі. 加词性短

-дың қатарына жататын тіркестер: 介词短语 предлогты сөз тіркесі 
(跟他走, 比你好, 关于这件事我们讨论过了), “сын есім + зат есім” 
құрылымды бағыныңқы-басыңқы сөз тіркесі (小范围讨论, 大规模
生产
, 长时间工作), тек қана пысықтауыштың қызметін атқаратын 
кейбір тұрақты тіркестер (苦口婆心地劝说, 挨门逐户地搜查) және 
қосарланған үстеулер (特别特别, 非常非常).
Сөз тіркесін құрылымдық қабаттарына қарай топтастыру. Бұл 
принцип 1959 жылы Бейжің университеті филология факультетінің 
қытай тілі кафедрасы құрастырған «Қазіргі қытай тілі» атты оқулықта 
тұңғыш рет сөз болған. 
Сөз тіркесін құрылымдық қабаттарына (结构层次) қарай дара сөз 
тіркесі (简单短语) және күрделі сөз тіркесі (复杂短语) деп екіге бөлуге 
болатындығы айтылған. Дара сөз тіркесі – тек бір ғана құрылымдық 
қабаты бар сөз тіркесі. Дара сөз тіркесі тек толық мағыналы сөздерден 
құралады. Екі не одан да көп құрылымдық қабаттан құралған сөз 
тіркесі күрделі сөз тіркесі деп аталады. Мысалы, 本国生产的和从国外
进口的
[ben guo shengchan de he guowai jin kou de]: елімізде жасалған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет