Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет29/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

және шетелден әкелінген.
本国 生产 的 和 从 外国 进口的
S+P

Phrase

Phrase
C Phrase
Ad+KW
P-O


73
C Phrase
елімізде жасалған және шетелден әкелінген
O
5
+V
(ec)
O
6
+V
(ec)
Шартты белгілер: S + P – бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі;
的 
Phrase – 

иероглифті сөз тіркесі; P + O – предлогты сөз тіркесі; 
Ad + KW – пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі; C Phrase – 
салаласа байланысқан сөз тіркесі.
C Phrase
V+Com
At + KW
学 好 汉语 语法
C +V 
(Inf)
O+V
N+N
қытай тілі грамматикасын жақсы үйрену
Шартты белгілер: N+N – анықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркесі; C+V – пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі; O+V – 
толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі. 
Сөз тіркесінің мағынасына қарай топтастыру. Қытай тіліндегі 
сөз тіркесі – сөз сияқты сөйлем құраудың материалы, сөз тіркесінің 
сөйлемде нақтылы мағынасы мен функциясы (сөйлем мүшесі болу 
қызметі) болады. Тек бір ғана мағынасы болатын сөз тіркесі бір 
мағыналы сөз тіркесі (单义短语) деп аталады. Құрамындағы сөздер 
ұқсас, бірақ екі я екіден көп мағынаға ие болатын сөз тіркесі көп 
мағыналы сөз тіркесі (多义短语) немесе екі ұшты мағыналы сөз 
тіркесі (歧义短语) деп аталады. Қос бөлшектер әдісі арқылы көп 
мағыналы сөз тіркестерінің басым көбінің құрылымын айқындауға 
мүмкіндік туады. Мысалы, 五位学生的家长. 五位[wu wei] бес, 学生
[xuesheng] оқушы/студент, 的[de] -ның/-нің, 家长[jiazhang] ата-ана. 
Бұл тіркестің құрылымдық қабаттары ұқсамайды, бірақ грамматикалық 
байланыстары ұқсас.
N+N
N+N
(M+N)+N
(M–N)+N
A.
五位 学生 的 家长
B. 
五位 学生的 家长


74
А тіркесте бес оқушының ата-анасы айтылған, В тіркесте 
оқушылардың ата-аналарының бесеу екендігі айтылған. 
Тағы бір мысал, 哥哥和弟弟的朋友. 哥哥[gege] аға, 弟弟[didi] 
іні, 的[de] -ның/-нің, -дың/-дің,-тың/-тің,朋友[pengyou] дос. Бұл 
тіркестің құрылымдық қабаттары да, грамматикалық байланыстары 
да ұқсамайды.
N+N
N+N
C Phrase
C Phrase
A.
哥哥和 弟弟 的 朋友
B. 
哥哥 和 弟弟的 朋友
А тіркесте ағасы мен інісі екеуінің досы айтылса, В тіркесте ағасы 
және інісінің досы туралы айтылған. 
Сөз тіркесін сыңарлары байланысының берік-әлсіз болуына қарай 
топтастыру
. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің байланысының 
берік немесе әлсіз болуына қарай еркін сөз тіркесі (自由词组) және 
тұрақты сөз тіркесі (固定词组) деп бөлінеді. Жаң Жыгоң (张志公) 
бұл принципке сүйене отырып, сөз тіркестерінің ішінен тұрақты сөз 
тіркестерін алғаш рет бөліп шығарады. Осыдан кейін Гау Миңкай (高
明凯
) «Грамматика теориясы» атты еңбегінде тұрақты сөз тіркестерін 
жүйелі түрде жан-жақты қарастырады. 
“Exocentric construction”, “endocentric construction” деген ұғымды 
американдық структуралық тіл білімінің негізін қалаушы Л.Блумфельд 
(L.Bloomfield) ұсынған болатын. «Қазіргі қытай тілінің сипаттамалы 
грамматикасында» осы әдіс бойынша сөз тіркесін 离心短语 (экзоорталық 
сөз тіркесі) және 向心短语 (эндоорталық сөз тіркесі) деп екі түрге 
бөлінген [94, 2880 б].
Қазіргі кезде қытай тіл білімінде бірізге түспей талас-пікір тудырып 
жүрген маңызды мәселелердің бірі – сөз тіркестерінің түрлері. Сөз 
тіркестері жайлы еңбектерде сөз тіркестерін топтастыру біршама 
күрделі, бұл бір жағынан сөз тіркестерін топтастырудағы ұстанатын 
принциптердің әр түрлі екендігімен байланысты болса керек. Кейбір 
авторлар бір ғана принципті басшылыққа алса, енді бірі көп принципті 
басшылыққа алады. Сондықтан сөз тіркестерін топтастыруда, оны 
іштей саралап түрлеу және атау жүйесінде алшақтықтар бар екені 
көрінеді. Сөз тіркестерін топтастыру жөніндегі мұндай пікірлер сөз 
тіркесін оқытуда кері әсерін тигізуде. 


75
Біздің пікірімізше, қытай тіліндегі сөз тіркесі – негізгі синтаксистік 
құрылым, әрі сөз сияқты сөйлем құраудың материалы. Сондықтан сөз 
тіркестерін топтастыру олардың ішкі құрылымдық байланыстары 
мен функцияларына (сөйлем мүшесі болу) негізделу керек. Міне, 
осы арқылы сөз тіркесінің синтаксистік құрылымдық түрлерін 
айқындауға да, сөз тіркестерін оқытуға да тиімді болады. Сондай-ақ, 
бұлай топтастырудың теориялық жағынан да, практикалық жағынан 
да мәні зор болмақ.
Түркі тілдері, соның бірі қазақ тілінде сөз тіркестері сөз таптарының 
негізінде топтастырылады. Басыңқы компоненттің қандай сөз табынан 
екендігі негізге алынып, қазақ тіліндегі сөз тіркестері есімді және 
етістікті сөз тіркестері деген үлкен екі топқа бөлінеді. Сөз тіркесін 
бұлайша топтастыру қазіргі кезде қазақ тіл білімінде қалыптасып, 
мектеп және жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде толығымен 
қолдау тауып отыр. Сөз тіркестерін бұлайша топтауда сөз таптарының 
жүйесін айқындауда практикалық маңызға ие.
К.Аханов ұйытқы сөздің қай сөз табынан болуына қарай, сөз 
тіркестерін етістікті сөз тіркесі, субстантивті сөз тіркестері және үстеулі 
сөз тіркестері деп бөледі [70, 202 б]. М.Серғалиев та [30] сөз тіркесін 
осылай топтастырады. Бірақ Т.Сайрамбаев олардың “үстеулер басыңқы 
қызметте жұмсалады” деген пікіріне қосылмайды. Себебі орыс тілімен 
салыстырғанда қазақ тіліндегі үстеулер сөйлемде көбіне қимылға, 
кейде есімдерге қатысты түрде жұмсалуға бейім. Солай қалыптасқан 
да. Сондықтан үстеудің сөйлемді немесе сөз тіркестерін тиянақтау 
процесін әзірше көркем әдебиет дәлелдей алмайды [18, 28 б].
Шыңжаң оқу-ағарту баспасынан шыққан «Қазіргі қазақ тілі» атты 
оқулықта авторлар сөз тіркесін алдымен салалас тіркес және сабақтас 
тіркес деп екіге бөледі де, сабақтаса байланысқан тіркестің құрамындағы 
сөздердің синтаксистік байланысы бес түрлі болады дей келе, сабақтаса 
байланысқан тіркестің “қиысу”, “меңгеру”, “матасу”, “қабысу” және 
“жанасу” деген бес түрлі синтаксистік байланысу түрлерін шығарады 
[54, 236-237 бб]. Авторлардың сабақтаса байланысқан тіркесті қандай 
принциптерге негізделіп бөлгенін түсіну қиын. “Сабақтаса байланысқан 
тіркестің құрылымындағы сөздердің синтаксистік байланысы” дегенді 
“сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланысу формалары” деп өзгертіп 
айтса дұрыс болар еді. Қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу дегендер 
сабақтас тіркестің түрлері емес, олар сөздердің синтаксистік байланысу 
формалары болады. Сондықтан сөздердің синтаксистік байланысу 
формалары мен сөз тіркестерінің құрылымдық түрлерін бір-бірімен 


76
шатастырмау керек. Авторлар қиысуға мынадай мысалдар келтірген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет