Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет30/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

Мен оқыдым. Ол жазды. Сіз оқыдыңыз. Өнеркәсіп күшейді. Мен 
оқушымын. Сіздер айтыңыздар. Ол – оқушы. Олар  домбырашылар 
т.б. Бұлар – сөз тіркестері емес, сөйлемдер. Қиыса байланысқан 
тіркестер – сөз тіркесінің емес, сөйлемнің нысаны. Ал авторлар 
сабақтаса байланысқан сөз тіркесін құрамындағы басыңқы (меңгеруші) 
сөздің қайсы сөз табына жататындығына қарай есім сипатты сөз тіркесі, 
етістік сипатты сөз тіркестері деп екі үлкен топқа бөлген [54, 242 б]. 
Сөз тіркестерін есімді, етістікті сөз тіркестері деп бөлу ойға қонымды. 
Бірақ сөз тіркестерін бірде сабақтас тіркес және салалас тіркес, бірде 
есімді және етістікті сөз тіркестері деп бөлу бірізділік принципіне 
қайшы келеді. 
Гың Шымин сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің қарым-
қатынасына қарай салалас тіркес, сабақтас тіркес, бастауыш-
баяндауышты тіркес, күрделі сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркестері 
деп жіктейді де, сабақтаса байланысқан тіркестің өзін есімді, етістікті 
сөз тіркестері деп екіге бөледі [55, 214-22 бб]. Гың Шыминнің айтып 
отырған күрделі сөз тіркесі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркесінен 
басқаша. Ол күрделі сөз тіркесі туралы: “Әртүрлі жай сөз тіркестері 
бір-бірімен байланысып, күрделі сөз тіркесін жасайды”, – дей келе, 
мысал келтіреді де, оларды (күрделі сөз тіркесін) қос бөлшектер әдісі 
(метод непосредственно составляющих) арқылы талдайды, бірақ 
автор жай сөз тіркестерінің арасындағы құрылымдық қабаттарды 
ғана көрсетумен шектеледі де, жай сөз тіркестерінің арасындағы 
синтаксистік байланыстарды көрсетпейді [55, 227 б]. Мысалы:
Бейжің қаласының үлкен майданы
Жаңа салынған мектепке кіру


77
Күннің күлімдеген нұрына бөлену
Осында қүрделі сөз тіркестерінің арасындағы құрылымдық 
қабаттарды да, жай сөз тіркестерінің арасындағы синтаксистік 
байланыстарды да көрсету керек сияқты. 
Чын Янян қазақ тіліндегі сөз тіркестерін байланысу формасына 
қарай салаласа байланысу, қабыса байланысу, матаса байланысу және 
меңгеріле байланысу деп төртке бөледі. Сөз тіркестерінің құрылымдық 
байланыстарына қарай салалас тіркес, сабақтас тіркес, етістік-
толықтауыш тіркес, бастауыш-баяндауыш тіркес және шұбыртпалы 
етістікті тіркес деп жіктейді. Сөз тіркестерінің грамматикалық 
функцияларына қарай есімді, сын есімді және етістікті сөз тіркестері 
деп ажыратқан [57, 221-224 бб]. Автор негізгі сөздер мен көмекші 
сөздердің тіркесін еркін сөз тіркестерінің қатарына жатқызбайды. 
Оларды “тізбек” деп атайды. Тізбекті демеулер тізбегі (күн сайын, 
сенен басқа, тіл арқылы, т.б.), модалдық тізбек (келеді екен, алты-
ақ, келетін шығар, жақсы адам секілді, т.б.) және көмекші етістік 
тізбегі (оқып болу, келе жату, күліп жіберу, жығыла жаздау т.б.) деп 
саралаған. Ескере кететін жайт: автордың шұбыртпалы етістікті тіркес 
деп отырғаны (күліп сөйлеу, атқа мініп бару) – көсемшелі сөз тіркесі. 
Автордың бұл тіркесті “шұбыртпалы етістікті тіркес” деп атауының 
себебі қытай тіліндегі “көп етістікті сөз тіркесіне” (连动短语) еліктеуден 
келіп шықса керек. Сөз тіркестерін грамматикалық функциясына 
қарай бөлу принципі – қытай тіл біліміне тән принцип. Жу Дыший 
(朱德熙) былай деп жазған: “Әртүрлі синтаксистік құрылымды екі 
аспектіде қарауға болады: бірі – оны күрделі тіркес деп танып, оның 
ішкі құрылысын қарау; енді бірі – оны біртұтас тұлға ретінде қарап, 
оның грамматикалық функцияларын айқындау [96, 42 б]. Міне, осы 
көзқарасты басшылыққа ала отырып, қытай ғалымдары сөз тіркестерін 
құрылымына және грамматикалық функцияларына, яғни сөз тіркесінің 
сөйлемдегі синтаксистік қызметтеріне қарай топтастырады.
Мұхаббат Хасым ұйғыр тіліндегі сөз тіркестерін негізгі сөзді және 
көмекші сөзді сөз тіркесі деген екі үлкен салаға бөледі. Негізгі сөзді сөз 
тіркесін 5-ке жіктеп, көмекші сөзді сөз тіркесін есім-септеулікті, есім-
көмекші есімді және “деп” сөзді сөз тіркесіне саралайды [76, 83 б.]. 


78
Гау Личін ұйғыр тіліндегі сөз тіркестерін негізгі сөзді сөз тіркесі 
және көмекші сөзді сөз тіркесі деген екі үлкен салаға бөледі де, негізгі 
сөзді сөз тіркесін бастауыш-баяндауышты тіркес, етістік-толықтауышты 
тіркес, етістік-толықтырғышты тіркес, етістік-пысықтауыштық тіркес, 
анықтауыштық тіркес және салалас тіркес деп өз ішінде тағы да жіктеп 
көрсетеді. Ал көмекші сөзді сөз тіркесіне септеулік шылаулы тіркесті 
ғана жатқызады. Автор сөз тіркестері сөз сияқты сөйлем ішінде белгілі 
бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады, яғни олардың белгілі 
бір грамматикалық функциялары болады. Синтаксистік қызметі зат 
есімдер сияқты, яғни сөйлемде үнемі бастауыш пен толықтауыштың 
қызметін атқаратын сөз тіркестері зат есімді сөз тіркесі деп аталады. 
Синтаксистік қызметі сын есімдермен ұқсас сөз тіркестері сын есімді, ал 
синтаксистік қызметі етістіктерге ұқсас сөз тіркестері етістікті сөз тіркесі 
деп аталатындығын айтады [75, 216-234 бб.]. Автор бұрын жазылған ұйғыр 
тілінің грамматика оқулықтарында толықтырғыш (补语, complement, 
комплемент, дополнительный элемент) деген мүше кездеспейді, сондықтан 
толықтауыш емес мүшелер толықтауыш, пысықтауыш емес мүшелер 
пысықтауыш деп аталып келді, шынында, олар баяндауышты толықтырып 
түсіндіріп келетін толықтырғыш мүше деген тұжырым жасайды [75, 
235 б.]. 
Біз бұл пікірге келіспейміз. Автор трансформациялы-генеративті 
грамматиканың, құрылымдық грамматиканың және қытай тіл білімінің 
кейбір қағидаларын ұйғыр тілінің грамматикасымен ұштастырмақ болған. 
Соның салдарынан ұйғыр тілі грамматикасының кейбір мәселелерін теріс 
түсіндірген сияқты. Мысалы, автор етістік-толықтырғышты тіркеске
У уч қетим барди (Ол үш рет барды). Бизниң уйимиз мәктәпкә яқын 
(Біздің үйіміз мектепке жақын). У мендин уч яш чоң (Ол менен үш жас 
үлкен). Хәлқ үчүн хизмәт қилайлы (Халық үшін қызмет істейік). Ахмет 
синипта бар (Ахмет сыныпта бар) деген мысалдарды келтіреді де, олардың 
құрамындағы уч қетим бармақ, мәктәпкә яқын, уч яш чоң, хәлқ үчүн 
хизмәт қилмақ, синипта бар дегендерді етістік-толықтырғышты тіркес 
деп талдайды [75, 221-230 бб.]. Сонда уч қетим, мәктәпкә, уч яш, хәлқ 
үчүн, синипта дегендер толықтырғыш мүше болып шығады.
Біздің пікірімізше, тілдің грамматикалық құрылымы айқын ұлттық 
сипатқа ие болады, сондықтан әр тілдегі сөз тіркестері түрлі-түрлі 
топтастырылады. Мысалы, бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі (主谓
短语
) мен баяндауыш-толықтырғышты сөз тіркесі (动补短语, 谓补短语) 
негізінен сөз түрлендіруші формалары өте аз тілдердің бірі – қытай тілінің 
табиғатына тән құбылыс. Сондықтан толықтырғыш пен баяндауыш-
толықтырғышты тіркес ұйғыр және қазақ тілдерінің табиғатына тән емес. 


79
Сондай-ақ толықтырғыш деген ұғым да ұйғыр және қазақ тілдерінде 
кездеспейді. Әр тілді өз ерекшелігіне сай зерттеу керек. 
Т.Қордабаев өзінің «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары» 
атты еңбегінде былай деп жазады: “Жазба грамматикалардың міндеті 
– тіл грамматикасына тың нәрселер қосып, оны жөндеу, байыту 
емес, олай ету оның қолынан келмейді де, және ондай субъективтік 
қоспаларды тіл қабылдамайды да, ғылыми грамматиканың міндеті 
– тілдегі барға сүйену, оның заңдылығын ашу, соны тілдік фактілер 
арқылы дәлелдей отырып, жүйелі де түсінікті етіп баяндап беру, 
сөйтіп, абстракт мәндегі тілдік грамматика дегенді конкретті 
ғылымға айналдыру” [97, 93 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет