1. Бюроға қатысқан мамандардың көпшілігі Байжанның ұсынысын
қолдады (С.Мұқанов).
1) көпшілігі қолдады ‒ жіктік жалғауы арқылы байланысқан, бірақ
сөз тіркесі емес, субьектілік-предикаттық қатынастағы байланыс
2) бюроға қатысқан ‒ барыс септік жалғауы арқылы байланысқан
етістікті сөз тіркесі
3) қатысқан мамандардың ‒ орын тәртібі арқылы байланысқан
есімді сөз тіркесі
4) мамандардың көпшілігі ‒ ілік септік жалғауы мен тәуелдік
септік жалғауы арқылы байланысқан есімді сөз тіркесі
5) Байжанның ұсынысы ‒ ілік септік жалғауы мен тәуелдік септік
жалғауы арқылы байланысқан есімді сөз тіркесі
6) ұсынысын қолдады ‒ табыс септік жалғауы арқылы байланысқан
етістікті сөз тіркесі.
2. Абай құлыншақтың сабырлы сықағына қызығып күліп жіберді
(М.Әуезов).
1) Абай күліп жіберді ‒ предикаттық қатынастағы сөйлем, сөз
тіркесі емес. 3-жақ жіктік жалғауы арқылы қиысқан
2) Құлыншақтың сабырлы сықағына ‒ ілік септік жалғауы мен
тәуелдік септік жалғауы арқылы байланысқан есімді сөз тіркесі
3) қызығып күліп жіберді ‒ көсемшенің жұрнақтары арқылы
байланысқан етістікті күрделі сөз тіркесі.
83
Қытай тіліндегі сөз тіркесін талдағанда, негізінен, сөйлем ішіндегі
сөз тіркестері талданады. Сөйлем ішіндегі сөз тіркестері ‒ нақтылы
сөйлемдерге талдау жасау арқылы алынған сөз тіркестері. Мысалы,
他的妹妹明年上大学
Оның қарындасы келер жылы университетте
оқиды. 他 ол, 的-ның/-нің, 妹妹 қарындас, 明年 келер жылы, 上 оқу,
大学
университет. Бұл сөйлемді кемінде екі сөз тіркесіне талдауға
болады: 他的妹妹 Оның қарындасы ‒ анықтауыштық қатынастағы сөз
тіркесі, 明年上大学 келер жылы университет оқу ‒ пысықтауыштық
қатынастағы сөз тіркесі. Қытай тіліндегі сөйлемдердің басым көпшілігі
сөз тіркестерінің өзара бірігуінен не сатылы түрде келу арқылы
жасалады.
Қытай тіліндегі жоғарыдағы тіркесті қазақ тіліндегі талдау
үлгісімен талдауға болмайды:
1. 妹妹上 ( қарындасы оқиды) ‒ бастауыш-баяндауышты тіркес.
2. 他的妹妹 (оның қарындасы) ‒ анықтауыштық қатынастағы сөз
тіркесі.
3. 明年上 (келер жылы оқиды) ‒ пысықтауыштық қатынастағы
сөз тіркесі.
4. 上大学 (университет оқиды) ‒ толықтауыштық қатынастағы
сөз тіркесі.
Біздің ойымызша, мұның себебі қытай тілінде сөздерді
байланыстыратын жалғаулар (тәуелдік, жіктік және септік жалғаулары)
жоқ, сондықтан сөздер бір-бірімен сатылана байланысады. Осы
сөйлемді қос бөлшектер әдісімен былай талдау керек:
S+P
Ad+KW
他 的 妹妹 明年 上 大学
At+KW
V+O
Ескере кететін жайт, предикативті құрылымдар қытай тілінде сөз
тіркесі ретінде қаралады. Бастауыш-баяндауышты сөз тіркестерінің
қытай тілінде болуы қытай тілі сияқты сөз түрлендіруші формалары
өте аз тілдердің табиғатына тән елеулі өзгешелік болып табылады.
Қытай тілінде бастауыш пен баяндауыш тек орын тәртібі арқылы
байланысады. Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі тиянақты
интонациямен айтылса немесе сөйлем соңынан келетін демеуліктер
қосылса, ол құрылым сөйлемге айналады.
Қос бөлшектер әдісінің
оңтайлы тұстары мен кемшін жақтары:
84
Оңтайлы тұстары: cөйлемнің құрылымдық қабаты мен
грамматикалық байланысын анық байқауға болады, әсіресе, кейбір
екі-ұшты құрылымдардың құрылымдық қабаты мен грамматикалық
байланыстарын осы әдіспен анық ажыратуға болады. Мысалы, 这张
照片放大了一点儿
деген сөйлемді қос бөлшектер әдісімен талдасақ:
A. 这 张 照片 放 大 了 一点儿
S
P
Comp
P
B. 这 张 照片 放 大 了 一点儿
S
P
P
Comp
A сөйлемнің мағынасы ‒ сурет онша үлкейтілген жоқ, B сөйлемнің
мағынасы ‒ сурет өте үлкейтілген.
Егер бұл сөйлемді талдауда сөйлем мүшелері бойынша талдау
әдісін қолдансақ, сөйлемнің екі-ұшты мағыналығын аңғара алмаймыз.
Мейлі A мағынаны білдірсін, мейлі B мағынаны білдірсін, сөйлем
былай талданады:
(这张) 照片 放 〈大〉了〈一点儿〉
Бұл әдістің ең үлкен кемшілігі ‒ қытай тіліндегі екі-ұшты мағыналы
құрылымдарды талдай алмайды. Сондықтан қытай тіл біліміне қос
бөлшектер әдісін енгізу қажет болды. Қос бөлшектер әдісін пайдалану
синтаксистік талдаудың талабынан туындаған.
Кемшін тұстары:
1) салаласа байланысқан құрылымды талдауға болмайды;
2) сөйлемді талдағанда тек жалаң сатыны ғана көрсетеді, тікелей
бірігетін құрамдар арасындағы құрылымдық байланысқа талдау
жасамайтындықтан, тікелей құрамдар арасындағы құрылымдық
байланыс пен құрылымдық жақтағы ерекшеліктерді түсіну қиын.
Мысалы:
A. 他 是 老师
B. 他 去 学校了
A сөйлем мен B сөйлемнің құрылымдық сатысы ұқсас, алайда
тікелей бірігетін құрамдар арасындағы құрылымдық байланыс
ұқсамайды.
85
3) сөйлемнің құрылымдық модельдерін айқындау қиынға соғады
т.б.
Қытай тіліндегі сөйлем мүшелерін талдау әдісі мен қос бөлшектер
әдісінің басты айырмашылықтарын мына жақтан байқауға болады:
1) екі әдісте де бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш,
пысықтауыш және толықтырғыш деген мүшелер бар, бірақ олардың
білдіретін мағыналары әр түрлі. Сөйлем мүшелерін талдау әдісінде
сөйлем мүшелерін, қос бөлшектер әдісінде құрылым мүшелерін (结
构成分
) меңзейді;
2) сөйлем мүшелерін талдау әдісінде тек сөздер ғана сөйлем
мүшелері бола алады, ал сөз тіркестері сөйлем мүшелері бола алмайды,
қос бөлшектер әдісінде барлық сөз тіркестері сөйлем мүшесі бола
алады;
3)
сөйлем мүшелерін талдау әдісінде сөйлем сөзге дейін талданады,
ал қос бөлшектер әдісінде сөйлем морфемаларға дейін талданады.
Қытай тіліндегі көп қабатты сөз тіркесін талдаудың мазмұны екі
түрлі: бірі ‒ құрылымдық қабаттарын талдау, екіншісі ‒ құрылымдық
байланыстарын көрсету.
Көп қабатты сөз тіркесін талдаудың екі түрлі әдісі бар:
а) кішісінен үлкеніне қарай саты бойынша талдау. Мысалы:
At + KW
Ad+ KW
V + O
S + P
我 朋友 夏天 去 中国
ә) үлкенінен кішісіне қарай, сөз тіркесінің қабаттарын екіге бөліп
отырып, сөзге дейін талдаймыз. Мысалы:
At + KW
Ad+ KW
V + O
S + P
我 朋友 夏天 去 中国
|