Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет38/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

(shi)
+ V (қимыл иесі зат есім + етістік); Pron + V (есімдік + етістік). 
Мысалы:
她做作业
[ta zuo zuoye] ол тапсырма орындайды.
我给他的书在哪儿
? [Wo gei ta de shu zai nar?] 
Мен оған берген кітап қайда?
Бұл сөйлемнің құрамындағы 

[wo] мен сөзі ‒ қимыл иесі, 给[gei] 
беру ‒ қимыл-әрекет. 
2. Меңгерілуші мен меңгеруші арасындағы қатынас. 
Құрылымдық моделі: S 
(shou)
+ V (меңгерілуші зат есім + меңгеретін 
етістік). Мысалы:
那个衣服被撕破的人走了
[nage yifu bei si po de ren zou le] 
Киімі жыртылған адам кетіп қалды.
Бұл сөйлемнің құрамындағы 
衣服
[yifu] киім сөзі ‒ меңгерілуші, 撕[si] 
жырту ‒ қимыл-әрекет, меңгеруші.
花种得好
[hua zhong de hao] Гүл жақсы өсіріліпті.
Бұл сөйлемнің құрамындағы 

гүл сөзі ‒ меңгерілуші, 种 өсіру ‒ 
қимыл-әрекет.
3. Іс-әрекетке құрал болған субъектіні білдіреді. Мысалы:
Құрылымдық моделі: S
(gongju)
+ V (зат есім + етістік).
刀砍的痕迹 
[dao kan de henji] пышақ кескеннен қалған тыртық.
4. Субьект зат пен оның сындық, сандық сапасының, күйінің 
қатынасын білдіреді. Мысалы:
Құрылымдық моделі: S + Adj, Pron + Adj, S + (M – N). Мысалы: 
他高高的个儿
[ta gaogao de ger] оның бойы ұзын (ұзын бойлы).
 
天气晴朗
[tianqi qinglang] Ауа райы ашық. 
一间房子两盏灯 
[yi jian fangzi yi zhan deng] Бір үйде екі шырақ бар.
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің синтаксистік қызметі: 
1956 жылы жасалған «Уақытша жүйеде» бастауыш-баяндауышты 
сөз тіркесінің сөйлем мүшесі бола алатындығы айтылған. Міне, сол 
кезден күні бүгінге дейін бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлем 
мүшесі бола алатындығы туралы пікір қытай тіл білімінде әбден 
қалыптасып орнықты.
Т.П.Задоенко, Хуан Шуин «Основы китайского языка» атты 
оқулықта бастауыш-баяндауышты сөз тіркесін “бастауыш-баяндауышты 


96
синтаксистік комплекс” деп атап, олар баяндауыш қызметін атқара 
алады дей келе, дәлел ретінде мынадай мысалдар келтіреді: 这位教师
工作经验很丰富。
[Zhe wei jiaoshi gongzuo jingyan hen fengfu]: У этого 
преподавателя богатый опыт работы (букв. Этот преподаватель  
опыт работы богатый). 这个足球运动员反应特别快。[Zhege zuqiu 
yundongyuan fanying tebie kuai] У этого футболиста реакция особенно 
быстрая [104, 559 б.]. 
В.И.Горелов бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің сөйлемде 
анықтауыштың қызметін атқара алатындығын айтады [105, 140 б.]. 
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемнің барлық мүшесінің 
қызметін атқара алады:
1) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемде баяндауыш 
қызметінде келеді: 
她个子高。
Оның бойы ұзын. (Сөзбе- сөз: Ол бой-ы ұзын). 
哈萨克斯坦资源丰富。
Қазақстанның байлығы мол. (Сөзбе-сөз: 
Қазақстан байлық мол).
Мұндай сөз тіркестері қазақ тіліне аударылғанда, тұтас сөйлемнің 
бастауышы анықтауыш болады. 
2) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемде анықтауыш 
болады: 
中国是历史悠久、文化丰富的国家。
Қытай тарихы ұзақ, 
мәдениеті бай мемлекет. 
你来的目的是什么
?
 Сенің келгендегі мақсатың не? (Сөзбе-сөз: 
Сен келу мақсат не?). 
Бұлар анықтауыш болғанда, 的 шылауы міндетті түрде жұмсалады. 
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемде анықтауыш қызметінде 
келгенде, қазақ тіліне үйірлі анықтауыш болып аударылады.
3) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемде толықтауыш 
қызметін атқарады: 
我知道他要来 
Мен оның келетінін білемін. (Сөзбе-сөз: Мен білу 
ол келу). 
我知道谁也说服不了他
Оны ешкім де көндіре алмайтынын мен 
білемін. (Сөзбе-сөз: Мен білу ешкім де көндіре алмау ол).
4) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі бастауыш қызметін атқарады: 
他知道就好了。
Ол білсе жақсы болар еді. (Сөзбе-сөз: Ол білу 
жақсы болу). 
5) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемде тек күшейіткіш 
толықтырғыш қызметін ғана атқара алады: 
她哭得眼睛都红了。
Жылай-жылай көзі қызарып кетті. 


97
Бұлар толықтырғыш болғанда, 得 шылауы міндетті түрде 
жұмсалады. Қазақ тілінде толықтырғыш жоқ, сондықтан толықтырғыш 
мүше, көбінесе, пысықтауыш болып аударылады. 
6) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі пысықтауыш қызметін 
атқарады: 
她头也不回地跑回家去。
Ол артына қарамастан үйіне қарай 
жүгіріп кетті.
Пысықтауыш қызметін атқарғанда, 地 шылауы міндетті түрде 
жұмсалады.
Қазақ тілінде өз алдына сөйлем түрінде бастауыш пен баяндауыштың 
байланысы синтаксистік сөз тіркесінің қатарына жатпайды, мұндайда 
ол сөйлем болып табылады. Бұл туралы жоғарыда айтылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет