Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет42/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

Үйірлі пысықтауыш
I. S + V 
(
kc)
(-е,-а,-и)
(Зат есім + көсемше) моделі. 
Мысалы, Біз ауылға таң ата жеттік.
II. N + (бар, жоқ, көп, аз)

(Есім сөздері + жатыс септіктігінде 
келген бар, жоқ, көп, аз сөздері) моделі. 
Мысалы, Есің барда еліңді тап (Мақал). 
III. S
III
+ V
(
ec)
(Есім + есімше) моделі.
Мысалы, Ол сен кетерде келді.
IV. S + V
(
ec)
(кезде, уақытта) (Зат есім + кезде, уақытта есімшелері) 
моделі.
Мысалы, Мұндай кездер жауын-шашын айыққан кезде ғана 
кездеседі.
Қазақ тілін зерттеуші қытай ғалымдары қазақ тіліндегі үйірлі 
мүшелерді қытай тіліндегі бастауыш-баяндауышты сөз тіркесімен 
шатастырып жүр.
Чын Янян қытай тілінде де, қазақ тілінде де бастауыш-баяндауышты 
сөз тіркесі бар дей келе, бұған дәлел ретінде сурет анық; қылмысы 
әйгілі; көз аясы кең деген үш мысалды келтіреді [57, 213 б.].
У Жіңфыңның редакциясымен шыққан «Қытай және қазақ тілдерін 
салғастыра зерттеу» деген ұжымдық еңбекте авторлар: “...қытай 
тілінде де, қазақ тілінде де бастауыш-баяндауыштық сөз тіркесі бар, 
бастауыш алдында, баяндауыш соңында тұрады, олардың арасына, 
әдетте, көмекші сөздер қолданылмайды. Қытай және қазақ тілдеріндегі 
бастауыш-баяндауыштық сөз тіркесінің бастауышы, әдетте, зат есім, 
есімдік немесе оларға сәйкес келетін тіркестерден жасалады. Мысалы: 


103
立场坚定 
(майданы берік), 眼睛明亮 (көзі өткір), 态度和谐 (позициясы 
сыпайы). Қытай және қазақ тілдеріндегі бастауыш-баяндауыштық сөз 
тіркесінің баяндауышы мезгілдік зат есімдерден жасалады: 今天星期三 
(бүгін сәрсенбі), 明天是五月七日(ертең бесінші айға жеті)”, – дейді 
[59, 205 б.].
Бұл арададағы “мезгілдік зат есімдер” дегенді былай түсіндіруге 
болады: қытай тілінде қалыптасқан дәстүр бойынша зат есімдер өз 
ішінен мезгілдік зат есім және мекендік зат есім болып екі түрге 
бөлінеді. Мезгілдік зат есім қазақ тіліндегі “мезгілдік үстеумен” 
сәйкес келеді. Қазақ тіліндегі бастауыш-баяндауыштық сөз тіркесі 
деп отырған майданы беріккөзі өткірпозициясы сыпайы дегендері – 
үйірлі мүшелер. Бүгін сәрсенбі сөз тіркесі емес, сөйлем болады. Ескере 
кететін жайт: 明天是五月七日Ертең бесінші айға жеті (дұрысы: 
Ертең мамырдың жетісі) деген мысал – қытай тілінде сөз тіркесі 
емес, керісінше сөйлем, яғни бастауыш пен баяндауышы есімнен 
жасалған жай сөйлем. 
Сонымен, авторлар қазақ тіліндегі сөз тіркесі мен сөйлемнің 
аражігін ажырата алмай, оларды бір-бірімен араластырып жіберген. 
Олардың айтып отырған “бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі” – қазақ 
тіл білімінде бұрыннан айтылып келе жатқан үйірлі мүшелер, оның 
ішінде үйірлі анықтауыштар, ал кейбірі – жай сөйлемдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет