Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


 Қытай және қазақ тілдеріндегі толықтауыштық қатынастағы



Pdf көрінісі
бет43/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

2.3 Қытай және қазақ тілдеріндегі толықтауыштық қатынастағы 
сөз тіркестері
Қытай тіліндегі толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі
Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі екі тілде де бар. Бірақ 
олардың елеулі айырмашылықтары бар: 
1) Қытай тіліндегі толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің 
басыңқы сыңары алдында, бағыныңқы сыңары соңында тұрады, ал қазақ 
тіліндегі толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің бағыныңқы 
сыңары басыңқы сыңарының алдында тұрады.
Қытай тіліндегі 
толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің моделі: V + O, қазақ 
тіліндегі толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің моделі: O + V
 .
2) Қытай тіліндегі толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің 
құрамындағы сыңарлар тек қана орын тәртібі арқылы байланысады, 
оларды бір-бірімен байланыстыратын синтетикалық тәсілдер, яғни 
септік жалғаулары жоқ. Қазақ тіліндегі толықтауыштық қатынастағы 
сөз тіркестерінің құрамындағы сыңарлар өзара табыс, шығыс, барыс, 
жатыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысады. 


104
Қытай тіліндегі толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесінің 
(动宾短语, 述宾短语, 谓宾短语) бағыныңқы сыңары мен басыңқы 
сыңары арасында меңгеру-меңгерілу қатынасы болады:
我买了一本词典。
[Wo mai le yiben cidian] 
Мен бір сөздік сатып алдым.
她明年去中国。
[Ta mingnian qu Zhongguo] 
Ол келесі жылы Қытайға барады.
她每天锻炼身体。
[Ta meitian duanlian shenti] 
Ол күнде дене шынықтырады.
Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің жасалу 
жолдары мен мағынасы.
Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесінің (баяндауыш-
толықтауышты сөз тіркесі) құрамындағы баяндауыш (ұйытқы сөз, 
中心语
), көбінесе, етістік немесе етістікті сөз тіркестерінен болады, 
ал толықтауыш, көбінесе, зат есім, есімдік, сын есім, етістіктер және 
сан-мөлшер сөз тіркесінен болады. 
Қытай тіліндегі толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі, негізінен, 
мынадай жолдармен жасалады: 
1. “Етістік ‒ зат есім” болып құралған сөз тіркесі: 
想家
[xiang jia] үйін сағыну.
2. “Етістік ‒ есімдік” болып құралған сөз тіркесі: 
找你
[zhao ni] сені іздеу.
3. “Етістік ‒ етістік” болып құралған сөз тіркесі: 
喜欢游泳
[xihuan youyong] жүзуді ұнату. 
爱开玩笑
[ai kaiwanxiao] қалжыңдағанды ұнату (қалжыңбас).
“Етістік ‒ етістік” болып құралған сөз тіркесінің құрамындағы 
бағыныңқы сыңарды меңгеретін етістіктерге мыналар жатады:
1) тұжырымдау мағынасын білдіретін 是 [shi] етістігі. 
Ескере кететін жайт: Қытай тілінде қалыптасқан дәстүр бойынша 

етістіктің қатарына жатады. Ол тұжырымдау етістігі (判断动词) 
деп аталады. 是 етістігі, негізінен, бастауыштың кім, не екенін, заттың 
қасиетін, сипатын білдіреді. Қытай тілінде бастауыш пен баяндауышты 
байланыстыратын жіктік жалғау жоқ, сондықтан есімді сөйлемнің 
құрамындағы бастауыш пен баяндауышты байланыстыру қызметін 

етістігі атқарады. Бұл ‒ оның қосымша қызметі. Мысалы:
1) 他是老师 [Ta shi laoshi] Ол – оқытушы. 


105
Бұл сөйлемде 是  баяндауыш, ол бастауыштың кім екенін білдіріп 
тұр, сонымен бірге, 是 бастауыш пен баяндауышты бір-бірімен 
байланыстырып тұр.
Орыс тілінде ондай есімді сөйлемдер көбінесе есть деген 
байланыстырушы арқылы айтылады: Я есть студент.
2) 这孩子是黄头发 [Zhe haizi shi huang toufa] Бұл баланың шашы 
сары (Сөзбе-сөз: Бұл бала – сары шаш). 
Бұл сөйлемде 是 баяндауыштың қызметін атқарады. 
2) кісінің психикалық күйін білдіретін етістіктер: 渴望[kewang] 
аңсау, 打算[dasuan] жоспарлау, 希望[xiwang] армандау, 感到[gandao] 
сезіну, 想[xiang] ойлау, 怕[pa] қорқу, 知道[zhidao] білу, 觉得[juede] 
ойлау, 愿意[yuanyi] қалау, келісу т.б.
3) кісінің позициясын (пікірін) білдіретін етістіктер: 禁止[jinzhi] 
тиым салу, 争取[zhengqu] қолға келтіру, 保证[baozheng] кепілдік беру
重视
[zhongshi] мән беру, 反对[fandui] қарсы болу, 欢迎[huanying] қарсы 
алу, 赞成[zancheng] қолдау, 提倡[tichang] дәріптеу т.б.
4) іс-қимылды білдіретін етістіктер: 学习[xuexi] үйрену, 提出[tichu] 
ортаға қою, 表示[biaoshi] білдіру, 请求[qingqiu] өтіну, сұрау; талап 
ету, 坚持[jianchi] табанды болуқайтпау т.б.
5) басталу, созылу, аяқталу мағынасын білдіретін етістіктер: 
开始
[kaishi] бастау, 继续[jixu] жалғастыру, 结束[jieshu] аяқталу
停止
[tingzhi] тоқтау т.б.
4. “Етістік ‒ сын есім” болып құралған сөз тіркесі: 
喜欢漂亮
[xihuan piaoliang] сұлулықты ұнату. 
不怕苦
[bu pa ku] қиыншылықтан қорықпау.
Сын есімдерден болған толықтауышты меңгеретін етістіктерге 
кісінің психикалық сезімін білдіретін сөздер жатады: 感觉[ganjue] 
сезіну, 认为[renwei] ойлау, есептеу, 觉得[juede] сезіну, ойлау, 显得
[xiande] көріну, сезілу, 怕[pa] қорқу т.б.
5. “Етістік ‒ сан-мөлшер” болып құралған сөз тіркесі: 
送一个
[song yi ge] бір данасын беру.
Баяндауыш пен толықтауыштың арасындағы меңгеру-меңгерілу 
байланысы әртүрлі, олардың арасындағы мағыналық байланысты өте 
тар мағынадан түсінуге болмайды [113, 129 б. ].
V + O моделінің түрлері мен білдіретін мағыналарын былайша 
көрсетуге болады:
I. V + S 
(shou)
моделі. Мысалы: 擦窗户[ca chuanghu] терезе сүрту.
V + Pron моделі. Мысалы: 批评他[piping ta] оны сынау.


106
V + Adj моделі. Мысалы: 喜欢整洁[xihuan zhengjie] 
тазалыққа үйір.
V + V моделі. Мысалы: 喜欢打球[xihuan daqiu] доп ойнауды ұнату.
V + M + N моделі. Мысалы: 买一本[mai yi ben] бір данасын сатып 
алу.
Бұл көрсетілген сөз тіркестері модельдерінің жалпы мағынасы: 
обьектілік қатынасты білдіреді, яғни толықтауыш қимылдың, іс-
әрекеттің обьектісі болған затты атайды. 
II. V + S (Етістік + зат есім)
Қимылдың, іс-әрекеттің нәтижесін көрсетеді: 
盖房子
[gai fangzi] үй салу.
III. V


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет