109
Қытай тілінде септік жалғаулары жоқ. Қытай тіліндегі предлогтар
қазақ тіліндегі кейбір септік жалғауларымен мағына жағынан ұқсас
келеді. Алайда предлогтарды септеуліктермен бір тұрғыдан қарауға
келмейді. Қытай тілінде олар дербес сөз табы ретінде қаралады.
Предлогтар сөз бен сөздерді байланыстыру қызметін атқармайды. Олар
толық мағыналы сөз не сөз тіркестерімен тіркесіп келіп, предлогты сөз
тіркесін (介词短语) жасап, сөйлемде тек пысықтауыштың қызметін
атқарады.
Табыс септігімен бара-бар келетін предлогтар мыналар: 把[ba],
将
[jiang]. Бұл предлогтардың басты қызметі ‒
есім сөздерімен
тіркесіп келіп, іс-қимылдың негізі (объектісі)
болатын зат пен
құбылысты күшейтіп көрсету. Мысалы:
你把书给我。
[Ni ba shu gei wo]
Кітапты маған бер.
你将书还给她。
[Ni jiang shu huan gei ta]
Сен кітапты оған қайтарып бер.
Бұлар қазақ тіліне толықтауыш болып аударылғанымен, қытай
тілінде пысықтауыштың қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: