(ec)(тәуIII)3 + V: ( S
(
тәу1)
+ V) ‒ алатыныма көзім жетті ‒ істің,
заттың дерегін білдіреді.
9.Adj
(subst)3 + copl‒ аларманға аз ‒ істің, заттың дерегін білдіреді.
10. (Adj + S
3 ) + V
(
Inf)
‒ негізгі мәселеге көшу ‒ тақырыптық объектіні
білдіреді [39, 39 б.].
Қазақ тіліндегі барыс септікті сөз тіркесінің құрамындағы S
3 + V
моделі мен қытай тіліндегі беталысты, бағытты білдіретін V
(quxiang) + S моделі сәйкес келеді. Ал қалған модельдер сәйкес келмейді. Олардың
айырмашылығы:
1) байланысу тәсілдері ұқсамайды;
2) қазақ тіліндегі S
3 + V моделінің ерекшелігі ‒ бұл тіркесте салт
және сабақты тіркестер бірін-бірі алмастырып қолданыла береді.
Мысалы:S
3 + V (атқа мінді) ‒ S
4 + V (атта мінді). Барыс септігімен пара-пар келетін предлогтар мыналар: 到[dao],
朝
[chao] , 往[wang], 向[xiang], 对[dui], 给[gei].
Бұл топтағы предлогтар істің, қимылдың кімге, неге, қай жаққа
бағытталғандығын білдіреді, яғни бағыт-бағдарды білдіреді:
到学校去
мектепке бару.
向前走
алдыға жүру.
往后退
артқа шегіну.
对他说
оған айту.
给他看看
оған көрсетші.
Бұл топтағы предлогты тіркестер пысықтауыштың қызметін
атқарады.
Шығыс жалғаулы сөз тіркесі: құрылымдық моделі ‒ O
6 + V.
Шығыс септігі арқылы меңгерілетін бағыныңқы сөздер, көбінесе,
зат есім, есімдік, қимыл есімі, сан есім және есімшелер. Ал меңгеруші
басыңқы етістік сөздердің көпшілігі қимыл және қабылдау мәнді
етістіктер болады.
Шығыс септігі жалғанған сөздерді етістіктер меңгеріп, олардың
байланысынан толықтауыштық және пысықтауыштық қатынастағы
сөз тіркесі жасалады.
O