20
предложения, получает обозначение в терминах сочетаний слов в
структуре “синтаксической группы” [42, 19-20 бб.].
Қазақ тілінің сөз тіркесін арнайы зерттеген Т.Сайрамбаев қазақ
тіліндегі сөз тіркесінің құрылысын зерттеудің теориялық және
практикалық маңызының зор екендігін былай деп түсіндіреді:
“Сөз тіркесінің байланысу формалары арқылы сөз таптарының
морфологиялық өзгерістері, ал олардың байланысу тәсілдері арқылы
әрбір сөз табының мағынасы айқындалады... Жалпы алғанда сөз
тіркесінің әрбір сыңары жеке сөз табын, оның морфологиялық
өзгерісін, құрылымдық жүйесін, тіркесу қабілетін, дербес мағынасы
бар сөз бен дербес мағынасы жоқ сөздің рөлін т.б. айқындауға
мүмкіндік туады” [43, 7 б.].
Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерін жан-жақты зерттеуге
баса мән беріліп отырғанымен, кейбір мәселелер әлі де шешімін
таппаған деп айтуға болады. Сондықтан сөз тіркесі ‒ жан-жақты
зерттеуді күтіп отырған күрделі де көкейтесті мәселелердің бірі.
Қазақ тілі (әсіресе, қытайдағы қазақ тілі) мен қытай тілдерінде
толық шешімін таба қоймаған даулы мәселелер көп, атап айтқанда:
сөз тіркесінің анықтамасы; негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі еркін
сөз тіркесінің қатарына жата ма? салаласа байланысқан тіркестер сөз
тіркесін құрай ма? предикативті тіркес (тізбек) сөз тіркесі деп таныла
ма? сөз тіркесінің күрделі сөз және сөйлемнен айырмашылығы; сөз
тіркесі сөйлемде немесе сөйлемнен тыс қолданыла ма? сөз тіркесінің
байланысу тәсілдері, құрылымдық және мағыналық түрлері және
сөз тіркесін талдаудың әдістері т.б. Біз зерттеу жұмысында осы
мәселелерге тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: