Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


 Қытай және қазақ тілдеріндегі анықтауыштық қатынастағы



Pdf көрінісі
бет60/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

2.5 Қытай және қазақ тілдеріндегі анықтауыштық қатынастағы 
сөз тіркестері
Қытай тіліндегі анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі 
Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қытай тілінде де, 
қазақ тілінде де бар. Қытай тіліндегі анықтауыштық қатынастағы 
сөз тіркестерінің құрылымдық моделі: At + KW, қазақ тіліндегі 
анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің құрылымдық моделі
A + N.
Қытай тіліндегі анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің 
құрамындағы сыңарлар екі түрлі жолмен: біріншісі ‒ орын тәртібі 
арқылы, екіншісі ‒ 的 шылауы арқылы байланысады. Мысалы: 好人 
[hao ren] жақсы адам, 今天的事[jintian de shi] бүгінгі іс т.б.

құрылымдық шылауы ‒ анықтауыштың грамматикалық 
көрсеткіші. 的 шылауының бір ерекшелігі ол кейде айтылады да, кейде 
айтылмай түсіп қалады, кейде тіпті оны айтуға да, айтпауға да бола 
береді. Кейбір ғалымдар 的-ның басты қызметі мағына ажырату деп 
түсінеді. Мысалы: 穿衣服 [chuan yifu] киім кию, 穿的衣服 [chuan de 
yifu] киетін киім. Бұл тіркестердің мағынасы әртүрлі. Мұнда олардың 


124
мағынасының әртүрлі болуында 的 шешуші рөл атқарып тұр. 斗争
经验
[douzheng jingyan] күрес тәжірибесі, 斗争的经验[douzheng de 
jingyan] күрес тәжірибесі (Сөзбе-сөз: күрес-тің тәжірибесі). Екеуінің 
мағынасы ұқсас. Мұның себебін бірқатар ғалымдар құрылымдық 
тұрғыдан түсіндіреді, яғни 的 жұмсалса, өзі жалғанған анықтауыштың 
анықтауыштық қызметін күшейтеді деп түсіндіреді [116, 513 б.]. 

 шылауының жұмсалу не жұмсалмау ережелері мынадай: 
1. 的
 шылауының жұмсалуы:
а) зат есім, жіктеу есімдіктері анықтауыш болып, меншіктілік 
қатынасты білдірсе, әдетте жұмсалады:
 
明天的课不上了。
[Mingtian de ke bu shang le] 
Ертеңгі сабақты оқымаймыз.
我们的政策不变。
[Women de zhengci bu bian] 
Біздің саясатымыз өзгермейді.
ә) сабақты етістіктер, қос буынды және қосарланғансын сын 
есімдер анықтауыш болғанда, әрқашан жұмсалады: 
对我们来说,学的东西太多了。[Dui women lai shuo xue de dongxi 
tai duo le] 
Біз үшін айтқанда, үйренетін нәрселер өте көп.
今天她穿上了干干净净的衣服。
[Jintian ta chuan shang le gangan 
jingjing de yifu] 
Бүгін ол тап-таза киімдерін киіп алды.
他们过着幸福的生活。
[Tamen guo zhe xingfu de shenghuo] 
Олар бақытты тұрмыс кешіп жатыр.
б) сілтеу есімдіктері 这[zhe] мынау, 那[na] анау және 什么[shenme] 
не, 多少[duoshao] қанша, 哪些[naxie] қайсылар сияқты сұраулық 
есімдіктер анықтауыш болғанда жұмсалмайды:
这东西是谁送的。
[Zhe dongxi shi shui song de] 
Мына нәрсені кім берді.
什么事让你这么担心。
[Shenme shi rang ni zheme danxin] 
Не іс сені алаңдатып отыр.
з) сөз тіркестері анықтауыш болғанда 的 үнемі жұмсалады: 
她唱了一首动听的歌曲。
Ол бір тамаша ән айтты.
你是新来的学生吗
Сен жаңадан келген студентсің бе? 
他说的话没有道理。
Оның айтқан сөзінің еш қисыны жоқ. 
打虎的武松又上山了。
Жолбарысты соқпақшы болған Ву Соң қайтадан тауға беттеді.


125
收到的通知放在桌子上。
Тапсырып алған хабарлама столдың үстінде.
2. 的


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет