құрылымдық шылауының жұмсалмауы:
а) жалаң сын есімдер анықтауыш болғанда жұмсалмайды:
这是件小事。
Бұл бір болмашы іс.
世界上好人多。
[Shijie shang hao ren duo]
Дүниеде жақсы адамдар көп.
Егер 的 жалаң сын есімдермен бірге келсе, онда күшейту мәнін
үстейді:
新的衣服
[xin de yifu] жап-жаңа киім,
好的主意
[hao de zhuyi] тамаша ой.
ә) мөлшер сөзді сөз тіркесі анықтауыш болғанда, 的 қолданылмайды:
我们学校有八个系。
[Women xuexiao you ba ge xi]
Біздің оқу орнында сегіз факультет бар.
这条裙子真漂亮。[Zhe tiao qunzi zhen piaoliang]
Бұл көйлек өте тамаша екен.
б) зат есім анықтауыш болып, анықталушы сөз заттың материалын,
сапасын білдіріп келсе, әдетте, 的 жұмсалмайды:
门口有一个玻璃柜子。
[Menkou you yige boli guizi]
Есіктің жанында бір әйнек шкаф бар.
他在英语系学习。
[Ta zai yingyu xi xuexi]
Ол ағылшын тілі факультетінде оқиды.
Жіктеу есімдіктері анықтауыш болып, оның ұйытқы сөзі мемлекет,
топ, мекеме, туыстық атау және т.б. атаулар болса, 的-ның болу,
болмауы міндетті емес:
我们国家有一百多个民族。
[Women guojia you yi bai duo ge minzu]
Біздің елде жүзден артық ұлттың өкілдері бар.
他们厂有一千多个工人。
[Tamen chang you yi qian duo ge gongren]
Олардың зауытында мыңнан астам жұмысшы бар.
Салт етістіктер анықтауыш болғанда 的 қолданылмауы да мүмкін:
他的考试成绩不错。
[Ta de kaoshi chengji bucuo]
Оның емтихан нәтижесі жаман емес.
上班时间到了。
[Shangban shijian dao le] Жұмыс уақыты болды.
Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесінің жасалу жолдары
мен мағынасы.
Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесінің құрамындағы
анықталушы сөз, көбінесе, зат есім, есімдік пен етістіктерден болады
да, ал анықтауыш, көбінесе, сын есім, зат есім, есімдік, сан-мөлшер
сөз тіркесі және етістіктерден болады.
126
1. “Сын есім + зат есім” және “сын есім + 的 + зат есім” болып
құралған анықтауышты сөз тіркесі:
好事
[hao shi] жақсы іс,
聪明的学生
[congming de xuesheng] ақылды оқушы.
2. “Зат есім + зат есім” “зат есім + 的 + зат есім” болып құралған
сөз тіркесі:
中国人
[Zhongguo ren] қытайлық, қытай азаматы
中国的人
[zhongguo de ren] Қытайдың адамы, Қытайдың азаматы
3. “Мөлшер сөзді тіркес + зат есім” болып құралған сөз тіркесі:
一群羊
[yi qun yang] бір қора қой,
一本书
[yi ben shu] бір дана кітап.
4. “Есімдік + зат есім” және “есімдік + 的 + зат есім” болып
құралған сөз тіркесі:
你哥哥
[ni gege] сенің ағаң,
你的书
[ni de shu] сенің кітабың.
5. “Етістік + 的 + зат есім” болып құралған сөз тіркесі:
看的书
[kan de shu] көретін кітап,
来的人
[lai de ren] келетін адам.
6. “Үстеу + сын есім + 的 + зат есім” болып құралған сөз тіркесі:
很好的天气
[hen hao de tianqi] өте тамаша ауа райы.
Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесінің (At + KW) құрылымдық
модельдері мен мағыналарын былайша қарастыруға болады:
1) Pron+ S (Pron + 的 + S) және S + S (S + 的 + S) модельдері.
а) меншіктілік қатынасты білдіреді:
他家
[ta jia] оның отбасы
我们的邻居
[women de linju] біздің көршіміз
美国人民
[meiguo renmin] америка халқы
美国的人民
[Meiguo de renmin] Американың халқы.
ә) S + S моделі заттың неден жасалғанын, материалын анықтайды:
木头房子
[mutou fangzi] ағаш үй,
水泥柱子
[shuini zhuzi] бетон діңгек.
2) (M + N) + S моделі.
Заттың санын, өлшемдік мағынасын білдіреді:
三棵树
[san ke shu] үш түп ағаш.
3) Pron + S және Pron + M + S моделі.
Сілтеу, нұсқау мағынасын білдіреді:
这事
[zhe shi] бұл іс, 那个东西 [na ge dongxi] ана нәрсе.
4) Adj + S және Adj + 的 + S моделі.
Заттың түсін, дәмін, көлемін, салмағын, адамның мінез-құлқына
қатысты сапалар т.б. білдіреді:
127
黑皮鞋
[hei pixie] қара бәтеңке (қара түсті аяқ киім)
新鲜的蔬菜
[xinxian de shucai] балғын көкөніс
大房子
[da fangzi] үлкен үй, 好人[hao ren] жақсы адам.
5) V+ 的 + S моделі.
Заттың қимылдық сапасын процесс қалпында, яғни динамикалық
сапаны, сондай-ақ мекенді де білдіреді:
来的人
[lai de ren] келетін адам
说的话
[shuo de hua] айтар сөз
写的信
[xie de xin] жазатын хат
去的地方
[qu de difang] баратын жер
睡的床
[shui de chuang] ұйықтайтын төсек.
Достарыңызбен бөлісу: |