Байланысты: казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST
есімшелі сөз тіркесі: құрылымдық моделі ‒ V
(ес) + S. Есімшелер ‒
әрі етістікше, әрі есімдерше түрленіп, екі түрлі грамматикалық сипатта
көрінетін сөздер.
Есімшелер зат есіммен тіркесіп, заттың қимылдық сапасын
процесс қалпында, яғни динамикалық сапаны білдіреді. Ал бұл
заттың статикалық сапасын білдіретін сын есімнен ерекшелігі болып
табылады. V
(-ған/-ген) + S моделі қытай тіліндегі V+ 的 + Sмоделімен
сәйкес келеді.
Зерттеушілер есімді сөз тіркестерінің құрамында -ған/-ген, -қан/-кен өткен шақ тұлғалы түрінің көбірек ұшырасатындығын айтады. Ал мұның
себебін М.Балақаев есімшенің шақтық мағынасымен байланыстырады
[15, 53 б.], Р.Әміров болса, өткен шақ есімшенің жарыспа вариантының
болмауымен түсіндіреді [16, 19 б.].
Сонымен, V
ес + Sмоделіндегі сөз тіркестері заттың қимылдық
сапасын процесс түрінде білдіреді. Мысалы, келген адам, сөйлейтін сөз. Матаса байланысқан анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі.
Матасу амалымен құрылған сөз тіркестері сыңары арасындағы
байланыс екі жақты болады. Сондықтан да біз бағыныңқы, басыңқы
терминдерін қолданбай, кейбір лингвистикалық әдебиеттерде беріліп
жүрген матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңары
және екінші сыңары терминдерін пайдаланамыз. Зерттеушілердің
көрсетуінше, матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңары
да, екінші сыңары да зат есім мен заттанған басқа сөз таптарынан,
сондай-ақ заттанған сөз табы мен заттанған сөз табы арқылы жасала
беретіндігі. Бірақ біз кейбір еңбектерде, мәселен, Н.Құрманова
еңбегінде ауылдың маңы түйдекті тіркесін сөз тіркесі деп беруін
қолдамаймыз [39, 25 б.]. Көрсетілген тіркес сөз тіркесіне қойылатын
шарттарға жауап бермейді.
Матаса байланысқан анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің
бірінші сыңары зат есім және субстантивтенген басқа сөз таптарынан
жасалады. Екінші сыңары да солай. Олардың құрылымдық моделі
мен мағыналарына келсек: