традиционные выражения дегендер лексикологияның зерттеу нысаны.
Сөйтіп, бұл анықтама қытай тілі сөз тіркесінің ерекшеліктеріне,
қазіргі жаңа пікірлер мен көзқарастарға сай келмейді. Сондай-ақ, сөз
тіркесін “толық мағыналы сөздердің тіркесі” деп түсінер болсақ, онда
бұл анықтама сөз тіркесінің барлық түрлерін толық қамти алмайтыны
сөзсіз. Егер авторлар сөз тіркесін “толық мағыналы сөздердің тіркесі”
деп түсінетін болса, онда көмекші сөзді сөз тіркесін (специальные
словосочетания) сөз тіркестерінің қатарына қоспау керек.
Д.Мәсімханұлы мен А.Әбиденқызының «Қытай филологиясына
кіріспе» деген оқу құралында сөз тіркесіне мынадай анықтама
берілген: “Мағыналық тұрғыдан байланысқан, екі немесе одан да
көп сөздердің грамматикалық ережелер арқылы бірігіп, белгілі
грамматикалық байланыс пен грамматикалық мағынаны білдіретін
тілдік бірлік” [49, 93 б.].
Н.Абдырақынның «Базалық шығыс тілі: Қазіргі қытай тілінің
грамматикасы» атты оқулығында сөз тіркесіне мынадай анықтама
берген: “Мағыналық байланысы бар екі не одан да көп сөздер белгілі
грамматикалық заңдылықтар арқылы бірігіп, белгілі грамматикалық
қатынас пен грамматикалық мағына білдіретін тілдік бірлікті сөз
тіркесі дейміз” [50, 70 б.]. Бұл анықтама Лю Баушун (刘宝顺),
Шүй Шюжынның (徐秀珍) «现代汉语语法» (Қазіргі қытай тілінің
грамматикасы) атты оқулығында берілген анықтамамен сәйкес келеді
[51, 246 б.].
Авторлардың анықтамасында сөз тіркесінің белгілі грамматикалық
байланыс пен грамматикалық мағынаны білдіретіндігі айтылған, ал
авторлар: “Сөз тіркестері негізгі сөздер мен негізгі сөздердің бірігуінен
және негізгі сөздер мен көмекші сөздердің бірігуінен жасалады”, ‒ дей
келе, предлог (сөз алды қосымшалы) сөз тіркесі, “的” иероглифті сөз
24
тіркесі, “所” иероглифті сөз тіркесі, салыстыру мәнді сөз тіркесі, мөлшер
сөз тіркесі, мекендік сөз тіркесі, мүмкіндікті білдіретін сөз тіркесі, кіріккен
сөз тіркестерінің түрлерін шығарады [50, 95-96 бб.]. Сонда, “негізгі
сөздер мен көмекші сөздердің тіркесімі” грамматикалық байланыс пен
грамматикалық мағынаны білдіре алатын болғаны ма? Әрине, негізгі
сөздер мен көмекші сөздердің тіркесінен грамматикалық мағына пайда
болмайтыны бәрімізге белгілі. Ал Лю Баушун мен Шүй Шюжын негізгі
сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі грамматикалық байланыс пен
грамматикалық мағынаны білдіре алмайтындығын ескере отырып, негізгі
сөздер мен көмекші сөздердің тіркесін “ерекше сөз тіркесі” деп атаған
[51, 254 б.].
Сөз тіркесін “грамматикалық байланыс пен грамматикалық
мағынаны білдіретін тілдік бірлік” деп түсінер болсақ, онда бұл
анықтама сөз тіркестерінің барлық түрлерін қамти алмайды, әрі негізгі
сөздер мен көмекші сөздердің бірігуінен жасалған сөз тіркестеріне
сәйкес келмейтіні белгілі.
Автордың айтып отырған “мөлшер сөз тіркесі” дегені “мөлшер
сөзді сөз тіркесі”, яғни мөлшер сөздің сан есімнің соңынан тіркесіп
келуі арқылы жасалған көмекші сөзді тіркес. Мөлшер сөз (нумеративті
сөз) – қытай тілінде көмекші сөздің қатарына жататын ерекше сөз
таптарының бірі. Қытай тілінде сан есімдер зат есіммен немесе
етістіктермен тіркескен де, сан есімдердің соңынан мөлшер сөздер
қосылып айтылады: 一个人 (бiр адам), 一只羊 (бiр қой), 一支笔
(бiр қалам), 一件事 (бiр iс). Ал қазақ тілінде сан есімдер мен зат
есімдер қабыса байланысады. “Мүмкіндікті білдіретін сөз тіркесі”
деп отырғаны – модалдық етістік пен жетекші етістіктің тіркесімінен
жасалған сөз тіркесі. Қытай тіліндегі модалдық етістік қазақ тіліне
“мүмкіндік-қалау етістігі” деп те аударылады.
В.И.Гореловтың берген анықтамасы: “Словосочетание (词组 cizu,
短语
duanyu) представляет собой семантико-грамматическое единство,
состоящее из двух и более знаменательных слов, между которыми
существует подчинительная связь” [52, 100 б.].
Бұл анықтама орыс тілінің дәстүрлі грамматикасының ережелеріне
негізделген. Сондықтан берілген анықтама қытай тілі сөз тіркесінің
ерекшеліктерін толық ашып көрсете алмайды. Біздің ойымызша, әр
тілді өз ерекшеліктеріне қарай зерттеу қажет.
А.В.Скворцов «Предпереводческий анализ текстов на китайском
язык» деген оқулығында сөз тіркесіне “Словосочетание – это
25
синтаксическая единица, состоящая из двух и знаменательных
слов, связанных подчинительной связью” деген анықтама береді.
Бірақ автор: “Некоторые авторы ошибочно считают, будто
словосочетаниями не являются: 1) сочетания слов, связанных
сочинительной связью; 2) однородные члены; 3) предикативные
словосочетания; 4) словосочетания типа «предлог+зависимое
слово»”, – дейді [53, 100 б.]. Автор сөз тіркесінің қатарына сочетания
Достарыңызбен бөлісу: |