143
ә) “Сын есім ‒ толықтырғыш” типті сөз тіркесі (形补短语)
.
Баяндауышы негізінен сын есімнен болады,
кейде сын есімді сөз
тіркесінен де болады. “Етістік ‒ толықтырғыш” типті сөз тіркесіне
қарағанда, “сын есім ‒ толықтырғыш” типті сөз тіркесі аз ұшырасады.
Мысалы:
房子干净得很
[Fangzi ganjing de hen]
Үй өте таза.
天气冷极了
[Tian qi leng ji le]
Ауа райы өте суық.
Қытай тіліндегі толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің
басым көпшілігі қазақ тіліндегі пысықтауыштық
қатынастағы сөз
тіркесімен пара-пар келеді. Мысалы:
说得对
[shuo de dui]
дұрыс айту.
来自哈萨克斯坦
[lai zi Hasakesitan]
Қазақстаннан келу
住了一年
[zhu le yi nian]
бір жыл тұру
洗干净
[xi ganjing]
тап-таза етіп жуу.
Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің кейбірі қазақ тіліндегі
“көсемше+көмекші етістік” типті тіркеске сәйкес келеді. Мысалы:
说完
[shuo wan]
айтып болу.
学会
[xue hui]
үйреніп алу.
拿出
[na chu]
алып шығу.
笑了一下
[xiao le yixia]
күліп қойю.
Кейбір толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің толықтырғышы
бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінен болса, бұл сөз тіркесі үйірлі
мүшелермен сәйкес келеді. Мысалы:
她激动得心都跳出来了
[Ta ji dong de xin dou tiao chu lai le]
Ол қуанғаннан жүрегі жарылып кете жаздады. т.б.
Қытай тіліндегі толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркестерін
қазақ тіліне аудару мәселесі жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
1956 жылы қытай мектептерінде оқытылатын «қытай тілі»
пәніне қосымша ретінде «暂拟汉语教学语法系统» (Қытай тілі
педагогикалық грамматикасының уақытша жасалған жүйесі) деп
аталатын үлгілік оқу бағдарламасы жарық көрді. Бұл бағдарлама –
қытай тілі материалдарының ғылымға негізделген алғашқы жүйелі
бағдарламасы. Аталмыш бағдарламада сөз тіркестерінің тұтас күйінде
белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алатындығы айтылған.
Міне, сол кезден күні бүгінге дейін сөз тіркесінің сөйлем мүшесі
144
бола алатындығы туралы пікір қытай тіл білімінде әбден қалыптасып
орнықты. Сондықтан да сөз тіркесінің синтаксистік қызметі туралы
мектеп және жоғары оқу орындарына арналған еңбектердің барлығында
айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: