Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет79/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

(quxiang)
+ S моделі сәйкес келеді, екеуі 
де беталысты, бағытты білдіреді. Барыс септігімен пара-пар келетін 
предлогтар мыналар: 到[dao], 朝[chao] , 往[wang], 向[xiang], 对[dui], 

[gei]. 
Көмектес септігімен пара-пар келетін предлогтар мыналар: 同
[tong], 用[yong] , 与[yu], 和[he], 跟[gen] т.б. Бұл топтағы предлогты 
тіркестер пысықтауыштың қызметін атқарады.
Қытай тіліндегі пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің 
құрылымдық моделі: Ad + KW. Қазақ тіліндегі пысықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркестерінің құрылымдық моделі: C + V. Қытай 
тіліндегі пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің құрамындағы 
сыңарлар екі түрлі жолмен байланысады: біріншісі ‒ орын тәртібі 
арқылы, екіншісі ‒ 地 құрылымдық шылауы арқылы. 
Қытай тіліндегі пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі негізінен 
мынадай жолдармен жасалады: “үстеу – етістік”, “үстеу – сын есім”, 
“сын есім – етістік”, “үстеу – сан есім не мөлшер сөзді тіркес”, 
“предлогты тіркес – етістік”, “етістік – етістік”, “сан-мөлшер 
– етістік”, “еліктеуіш – етістік”. 

+ O + Adj моделі қазақ тіліндегі N + Adj моделімен сәйкес 
келеді. Қытай тілінде пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері 
баяндауыш, бастауыш, анықтауыш, толықтырғыш, бастауыш, 
пысықтауыш қызметін атқарады. Пысықтауыштық қатынастағы 
сөз тіркесі сөйлемде толықтауыш қызметін атқаруы сирек болса да 
кездеседі. 
Қазақ тіліндегі пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің 
құрамындағы сыңарлар қабыса және меңгеріле байланысады. Қытай 
тіліндегі 从[cong] предлогы іс-қимылдың басталу орнын білдіретін 
шығыс септігімен сәйкес келеді. 
Қытай тіліндегі 在[zai], 于[yu] предлогтары жатыс септіктерімен 
сәйкес келеді де, іс-қимылдың мекенін, орнын білдіреді. Көмектес 
септігімен 同[tong], 用[yong], 与[yu], 和[he], 跟[gen] т.б. предлогтар 
сәйкес келеді. Бұлар іс-қимылдың құралын, амалын, бірлестік 
мағынасын білдіреді.
Қытай тіліндегі анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің 
құрылымдық моделі: At + KW, қазақ тіліндегі анықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркестерінің құрылымдық моделі: N + N. Қытай 


160
тіліндегі анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің құрамындағы 
сыңарлар екі түрлі жолмен байланысады: біріншісі ‒ орын тәртібі 
арқылы, екіншісі ‒ 的 құрылымдық шылауы арқылы. Жасалу жолдары: 
“сын есім + зат есім”, “сын есім + 的 + зат есім”, “зат есім + зат 
есім” “зат есім + + зат есім”, “мөлшер сөзді тіркес + зат есім”, 
“есімдік + зат есім” және “есімдік + 的 + зат есім”, “етістік + 

+ зат есім”
Қытай тіліндегі толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің 
басым көпшілігі қазақ тіліндегі пысықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркесімен сәйкес келеді және пысықтауыш болып аударылады. 
Етістіктен жасалған толықтырғыш анықтауыш болса, қазақ тіліне 
есімшеге өзгертіліп аударылады.
Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің кейбірі қазақ 
тіліндегі “көсемше + көмекші етістік” типті тіркеспен сәйкес келеді. 
Кейбір толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің толықтырғышы 
бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінен болса, толықтырғыштық 
қатынастағы сөз тіркесі үйірлі мүше болып аударылады. 
Қытай тіліндегі толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркестерін 
қазақ тіліне аудару мәселесі жан-жақты зерттеуді қажет етеді.


161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет