ең алғашқы, негізгі мағынасы , екін-
шісі – кейін пайда болған
туынды мағынасы . Соңғы мағынаның тууына
фразеологизмнің алғашқы мағынасы себеп болса, соңғы мағына алғашқы
мағынаның жасалуына негіз бола алмайды.
Көп мағыналықтың жалғаса туындауы. Көп мағыналық етістік жəне есім мəнді фразеологизмдерде кездеседі.
Əсіресе етістік фразеологизмдерде мағына байланысы айқын ажырыты-
лып тұрады.
Қазақ тілінде
тұсау кесер деген фразеологизм бар. Фразеологиялық
сөздікте екі мағынасы тіркелген:
1.Жас баланың тұсауын кесерде жасалатын жиын-той. 2.Жастарға өнер жолында сəт сапар тілеу мағынасында айтылады деп көрсеткен./
526б/.
Бұл фразеологизмнің жасалуына этнографиялық
тұсау кесу ұғымы
негіз болған. Фразеологизмдегі көпмағыналықтың бірте-бірте даму
нəтижесі өмірдегі əлеуметтік өзгерістерге қатысты. Жиын-тойдағы ай-
тылатын жақсы тілек мағынасы тереңдей келе, қоғамдық ортадағы бо-
лып жатқан ұқсас жағдайға байланысты
сəт сапар тілеу мағынасына
ұласты. Ал қазіргі кезде осы тіркестің үшінші мағынасы пайда бол-
ды. Қоғам дамуында кейін көрініс беріп жүрген бір жаңа ғимараттты
немесе жаңа құрылған ресми ұйымдарды ашу салтантатты түрде
жұртқа таныстырылатын болды. Міне, осы рəсім тұсау кесер деп атал-
ды жəне тілдік қолданыста жиі айтылатындықтан қалыптасып кетті.
Аталған соңғы мағына жалғаса туатын көпмағыналықтың бір мысалы.
О бастағы ситуациядағы ұқсастық пен мағынадағы ішкі байланыс көп
мағыналықтың тууына себепкер болады.
187
Мыса
лы:
Көзі ашылу → 1. Санасы, сезімі ояну
2. Бір нəрсеге қолы жету
3. Қиындықтан құтылу
4. Білім алу
Келтірілген мысалда ауыспалы метафоралық негізгі мағына