Монография «Елтаным баспасы»


бармағымды  өзім  шайнап



Pdf көрінісі
бет131/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162
 бармағымды
 өзім 
шайнап
 қала 
бердім. (Ə.Н.)


197
• 
Бұл сөзді Сыздықпен бірге естіген жігіттер əңгіменің бетімен 
тегіс өкінгендей болып, əрқайсысы əртүрлі сөз айтып өздерін 
кінəлап, 
бармақтарын шайнады
.(М.Əуезов.)
Сонда келтірілген мысалдар бойынша, етістіктердің өзгеріске түсуі 
фразеологизмдерге тікелей байланысты болады. Етістік формасы тіркес-
імге түскен фразеологизмдер арқылы анықталады.
«Синтагматикалық қатардың бір мүшесінің семантикалық тəуелсіздігі 
əлсіреген сайын, синтагматикалық қатардың басқа мүшесі сүйемел 
сөздің көрсеткіш күші артады. Осы сөздер мен фразеологизмдердің тір-
кесім құруы кезінде семантикалық компенсация құбылысы байқалады» 
[Жуков, 2006:108]. Мəселен, қазақ фразеологиясында кейбір етістікті 
тіркестердегі, етістік компоненттің семантикалық тəуелсіздігі жоққа тəн 
болатын құбылыстар аз емес. 
«МҰРНЫНАН ШАНШЫЛУ» – өте жұмысбасты, қолы тимеу. 
Сөйлемдерде бұл фразеологизмнің «шаншылу» етістігі көсемшенің 
-ып
формасынан басқа еш уақытта түрленбейді. Сондықтан бұл арада етістік 
сүйемел сөз керек.
Мысалы:
• 
Ертеңнен қара кешке дейін базарда «жол,жол» деп айқайлаудан 
тамағым да бітіп қалады. Оның үстіне жүк арбаны итеруден 
иығым мен қолым талып, дем алуға уақыт жоқ, 
мұрнымнан шан-
шылып
 жүргенім. («Түркістан»).
• 
Əкесі мен шешесі жан бағыстың қамымен баларына қарауды 
қойды. Онсызда 
мұрнынан шаншылып 
жүрген бейбақ əпкесінің 
қолында не тұр дейсің.(Н. А.) 
Келтірілген мысалдарда фразеологиялық тіркес үшін семантикалық 
компенсацияны «жүру» сөзі атқарып тұр. Етістіктердің грамматикалық 
көрсеткіштері фразеологизмдерге бағыныңқы болмайды, олар мəнмəтін 
мен сөйлеу жағдайына байланысты құбылып отырады.
«Фразеологиялық синтагматика екіге жіктеледі: бірінші, тұрақты 
тіркестердің өз ішінде тіркесу ерекшеліктері, яғни ішкі лексикалық син-
тагматика; екінші, тұрақты тіркестердің басқа лексемалармен, сүйемел 
сөздермен байланысы, сыртқы лексикалық синтагматика» [Хасанов, 
2008, 450].


198
Бұл арада фразеологизм 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет